Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 232 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2870 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. А. Қашақовқа жүктелсін.
Маңғыстау облысының әкімі C. Трұмов
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2019 жылғы «___» _______
№ ___ қаулысына қосымша
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 30 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сауірдегі № 3-2/378бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18246 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10 тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы уәжді жауабы.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінімді ұсынуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінім тіркелген сәттен бастап тиісті хабарламаға электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭЦҚ) пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тартады - 1 (бір) жұмыс күні ішінде
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиет» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын өтінімнің қабылданғаны расталғаннан кейін қалыптастырады - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы және есеп бөлімінің жауапты орындаушысысубсидияны төлейді - 2 (екі) сағат ішінде.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) өтінімді растау немесе уәжді бас тарту;
2) төлем тапсырмаларын субсидиялауды ақпараттық жүйеде қалыптастыру;
3)субсидияны төлеу.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы және есеп бөлімінің жауапты орындаушысы.
8. Әрбiр рәсiмнiң (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып әрбiр рәсiмнiң (іс-қимылдарды) өту реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінім тіркелген сәттен бастап тиісті хабарламаға - ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды немесе Стандарттың 10-тармағында
көзделген жағдайларда және негіздер мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бойынша уәжді бас тартады - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиет» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын өтінімнің қабылданғаны расталғаннан кейін қалыптастырады - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы және есеп бөлімінің жауапты орындаушысысубсидияны төлейді - 2 (екі) сағат ішінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесі осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының өтініш білдіру тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН), бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН) және парольдің көмегімен порталға тіркеледі (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады);
2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда көрсетілетін қызметті алушының ЖСН немесе БСН және паролін (авторландыру процесі) енгізуі;
3) 1-шарт – порталда ЖСН (немесе) БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығы тексеріледі;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушы осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұраныстың нысаны экранға шығады және оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескеріп, көрсетілетін қызметті алушы нысанды толтырады, сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдайды;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығы, сондай -ақ сұраныста көрсетілген ЖСН немесе БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН немесе БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігі тексеріледі;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның порталда түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу үшін электрондық үкімет шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттары (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолданады;
9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінімді (өтпелі өтінімді) тексереді;
10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының өтінімінде (өтпелі өтінімінде) кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастырылады;
11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алады.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1- қосымша
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидялау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
|
қызметті алушы
|
|
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
|
|
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінім қалыптастырады
|
|
өтінім тіркелген сәттен бастап тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудануәжді бас тартады -1 (бір) жұмыс күні ішінде;
|
|
көрсетілетін қызметті берушінің қаржы және есеп бөлімінің жауапты орындаушысы
|
|
субсидияны төлейді - 2 (екі) сағат ішінде
|
|
жауапты орындаушысы Қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде «Қазынашылық-Клиет» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын өтінімнің қабылданғаны расталғаннан кейін қалыптастырады - 2 (бір) жұмыс күні ішінде;
|
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;
|
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет |
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі
Шартты белгілер: