Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасында корсетілген тізбесіне сәйкес
Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін.
2. «Маңғыстау облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (Н.Т. Тәжібаев) (бұдан әрі – аппарат басшысы) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2019 жылғы ____________
қаулысына қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы
№ 29 «Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2618 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың күші жойылды деп танылсын.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 54
қаулысы «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы басқармасы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2654 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың күші жойылды деп танылсын.
3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 112
«Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мемлекеттік мекемесі мен «Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2719 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)келесідей өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың күші жойылды деп танылсын.
4. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 66
«Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2642 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың күші жойылды деп танылсын.
5.Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 166
«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2753 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың күші жойылды деп танылсын.