Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. А. Качаковқа жүктелсін.
Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2019 жылғы _________________
№ қаулысына қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесі
1. «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 296 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2858 болып тіркелген,2015 жылғы 13 қарашадағы «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған)келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы Маңғыстау облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 240 «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2824 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық − құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1,2,3 тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11625 болып тіркелген) бекітілген «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.»
|
Маңғыстау облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін қаулылар тізбесіне 1 қосымша Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 296 қаулысымен бекітілген |
«Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 «Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11777 болып тіркелген), «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-1 тармағында көрсетілген негіздер бойынша дәлелді бас тарту болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіздеме болып көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 1-қосымшасына сәйкес ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды -15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, бұрыштама қояды және құжаттарды жауапты орындаушыға жолдайды – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және аттестациялық комиссияға (бұдан әрі – комиссия) жолдайды, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті әрі карай қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді - 1 (бір) жұмыс күні;
4) комиссия:
құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, жергілікті жерлерге бара отырып, өтініш берушінің қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысына тексеру жүргізеді – 4 (төрт) жұмыс күні;
өтініш берушіні тексеру нәтижелері бойынша бiрегей тұқым өндiрушілеріне, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру актісін жасайды – 1 (бір) жұмыс күні;
құжаттарды қарау қорытындысы, сонымен қатар тексеру актісі бойынша аттестаттау туралы куәлікті беру жөнінде немесе беруден бас тарту жөнінде шешім қабылдайды, ол хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды – 2 (екі) жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссияның шешімінің негізіндеөтініш берушінің «жеке кабинетіне» ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы аттестаттау туралы куәлік немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;
2) жауапты орындаушыны айқындау және бұрыштама қою;
3) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру және комиссияға жолдау;
4) хаттама рәсімдеу және қол қою;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қойып жолдау;
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) комиссия.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, бұрыштама қояды және құжаттарды жауапты орындаушыға жолдайды – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және аттестациялық комиссияға (бұдан әрі – комиссия) жолдайды, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті әрі карай қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді - 1 (бір) жұмыс күні;
4) комиссия:
құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, жергілікті жерлерге бара отырып, өтініш берушінің қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысына тексеру жүргізеді – 4 (төрт) жұмыс күні;
өтініш берушіні тексеру нәтижелері бойынша бiрегей тұқым өндiрушілеріне, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру актісін жасайды – 1 (бір) жұмыс күні;
құжаттарды қарау қорытындысы, сонымен қатар тексеру актісі бойынша аттестаттау туралы куәлікті беру жөнінде немесе беруден бас тарту жөнінде шешім қабылдайды, ол хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды – 2 (екі) жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссияның шешімінің негізіндеөтініш берушінің «жеке кабинетіне» ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы аттестаттау туралы куәлік немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні.
4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылы тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін және жүгіну тәртібін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет – браузерінде сақталған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютердегі интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекітуі, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының паролін порталға енгізу процесі (авторизациялау процесі);
3) 1 - шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;
5) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды тіркеуі;
6) 4 - процесс – «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінде (бұдан әрі –ЭҮТШ) мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төлеу, бұдан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) келіп түседі;
7) 2 - шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ де мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақы төлеу дерегін тексеру;
8) 5 - процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ де мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6 - процесс – сұрау салу куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
10) 3 шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін порталда тексеру;
11) 7 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8 - процесс – мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
13) 9 - процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ де электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының автоматтандырылған жұмыс орнының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ) сұрау салуды өңдеу;
14) 4 шарт – куәлікті беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеруі;
15) 10 - процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ де көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
16) 11– процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ де қалыптастырылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (куәлікті) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 1 қосымшасында келтірілген.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту: аббревиатуралардың ажыратылып жазылуы:
БСН - бизнес-сәйкестендiру нөмiрі;
ЖСН - жеке сәйкестендiру нөмiрі;
ЭЦҚ - электрондық цифрлық қолтаңба.
«Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
|
Портал АЖ
|
|
ЭҮТШ
|
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ
|
|
«Е-лицензиялау» МДБ АЖО АЖ
|
|
1-Процесс
|
|
1- Шарт
|
|
3-Процесс
|
|
2- Шарт
|
|
4-Процесс
|
|
6-Процесс
|
|
3-Шарт
|
|
9-Процесс
|
|
8-Процесс
|
|
4-Шарт
|
|
11-Процесс
|
|
10-Процесс
|
|
2-Процесс
|
|
5-Процесс
|
|
7-Процесс
|
Процесс 1
|
Көрсетілетін қызметті алушы
|
Ескерту: АЖ – ақпараттық жүйе.
Шартты белгілер:
|
Бастапқы хабарлама |
||
|
Аяқтаушы хабарлама |
||
|
Аяқтаушы қарапайым оқиға |
||
|
Қате |
||
|
Оқиғалар-таймерлер |
||
|
Ақпараттық жүйе |
|
|
Процесс |
|
|
Шарт |
|
|
Хабарлама ағыны |
||
|
Басқару ағыны |
||
|
Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат |
«Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 2 қосымша
«Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
|
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
|
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
|
|
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы
|
|
Комиссия
|
|
құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, жергілікті жерлерге бара отырып, өтініш берушінің қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізеді
|
|
құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды
|
|
жауапты орындаушыны айқындайды, бұрыштама қояды және құжаттарды жауапты орындаушыға жолдайды
|
|
ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және аттестациялық комиссияға жолдайды, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті әрі карай қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді
|
|
15 (он бес) минут
|
|
|
|
1 (бір) жұмыс күні
|
|
|
|
комиссияның шешімінің негізіндеөтініш берушінің «жеке кабинетіне» ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы аттестаттау туралы куәлік немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдайды
|
|
өтініш берушіні тексеру нәтижелері бойынша бiрегей тұқымдар өндiрушілеріне, элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өсіру шаруашылықтарына, тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру актісін жасайды
|
|
1 (бір) жұмыс күні
|
|
құжаттарды қарау қорытындысы, сонымен қатар тексеру актісі бойынша аттестаттау туралы куәлікті беру жөнінде немесе беруден бас тарту жөнінде шешім қабылдайды, ол хаттамамен рәсімделеді және барлық мүшелері қол қояды
|
|
4 (төрт) жұмыс күні
|
|
20 (жиырма) минут
|
|
1 (бір) жұмыс күні
|
|
2 (екі)жұмыс күні
|
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы ресімінің (іс-қимылының) және (немесе) құрылымдық-функционалдық бірліктің атауы;
- келесі ресімге (іс-қимылға) өту.