Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Елубай Жақайұлы Әбілов іс-сапармен Жаңаөзен қаласында болды

Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Елубай Жақайұлы Әбілов іс-сапармен Жаңаөзен қаласында болды   

  Ағымдағы жылдың 29 қазанында Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Елубай Жақайұлы Әбілов іс-сапармен Жаңаөзен қаласында болды. Сапар барысында қалалық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесіп, кезектен тыс Президент сайлауына дайындық барысы жөнінде комиссия төрағасы Б. Базыловтың мәліметін тыңдады. Сондай-ақ, бірқатар сайлау учаскелерінде болып, учаскелік комиссия мүшелерімен кездесті. Алдағы өтетін саяси науқанның маңыздылығы, сайлау процесстерінің негіздері жөнінде әңгімелесіп, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңының қолданысын түсіндіріп, әріптестеріне сәттілік тіледі.

Дата публикации
31 октября 2022