Маңғыстау облысы әкімдігінің «Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарын құру туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 53 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. «Тасорпа», «Жабайұшқан», «Адамтас», «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалдары Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына және «Көлеңкелі», «Есет» мемлекеттік табиғи қаумалдары Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына берілсін».