«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
(қарау және шешім қабылдау үшін енгізіледі)
«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» ММ (бұдан әрі – Аппарат) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Аппарат туралы Ережені басшылыққа алады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі - СЖТІТ) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 15-нқ бұйрығы негізінде жүргізілді.
СЖТІТ өткізу барысында келесі міндеттер бойынша талдау жүргізілді:
1.Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін (бұдан әрі - СЖТ) анықтау.
2.Ішкі құжаттарда СЖТ анықтау.
3.Персоналды басқарумен байланысты СЖТ анықтау.
4.Мүдделер қақтығысымен байланысты СЖТ анықтау.
5.Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты СЖТ анықтау.
8.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты СЖТ анықтау.
9.Қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты СЖТ анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі – 2022 жылғы 29 сәуірден 2022 жылғы 29 мамырға дейін.
Есепті жылы әкімдікпен 323 қаулы қабылданды, әкімнің 1 шешімі шықты және Аппарат басшысының 37-нқ бұйрығы тіркелді. Талдау нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Аппараттың қолданыстағы НҚА:
1) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 258 «Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының саяси және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысы;
2) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 38 «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысы;
3) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 134 «Маңғыстау облысында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» қаулысы;
4) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 45 «Маңғыстау облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы» қаулысы;
Аппараттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жолданған НҚА жобалары бойынша:
Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 38 «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысында бұзушылықтар анықталды:
Тәуекел факторлары: Қызмет ашықтығының жеткіліксіздігі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі: лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану, пара алу, пара беру.
Аппараттың Мемлекеттік-құқықтық жұмыс және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл бөлімімен облыстық және қала, аудан әкімдіктерімен 2021 жылғы нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаларына талдау жүргізілді.
Сонымен қатар, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен жаппай құқықтық оқыту семинарлары ай сайын өткізілді.
Облыс әкімі аппаратында 2021 жыл ішінде тіркелген өтініштің жалпы саны – 2033. Оның ішінде жеке тұлғалардан – 1432, заңды тұлғалардан – 601.
Облыс әкімі аппаратында 2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін тіркелген хат саны – 71954. Оның ішінде: Деректі ҰБҚ – 5259 (ҚР Президент Әкімшілігінен – 535, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен – 4597, Мәжілістен – 62, Сенаттан – 22, Есеп комитетінен – 43).
Облыс әкімінің, оның орынбасарларының төрағалығымен өткізілген жиналыстардың 560 хаттамалары тіркелді.
Облыс әкімі аппаратында 2021 жыл ішінде тіркелген өтініш саны – 2033 Оның ішінде: жеке тұлғадан 1432, заңды тұлғадан 601 (2020ж - 747).
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің көп бөлігі мынадай мәселелерді құрайды:
|
р/с |
Өтініш сұрақтары |
Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер |
Заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер |
Барлығы |
|
1 |
Жұмысқа орналастыру мәселесі (мұнай саласы бойынша) |
293 |
19 |
312 |
|
2 |
Еңбек дауы |
42 |
3 |
45 |
|
3 |
Коммуналдық шаруашылығы (су құбыры, электр торабы, жылу, жолдар, көше жарықтары, газ) |
138 |
48 |
186 |
|
4 |
Әлеуметтік көмек (бір жолғы қаржылай көмек, т.б) |
79 |
- |
79
|
|
4 |
Тұргын үй (көп балалы аналар тұрғын үй бөлу, жекешелендіру) |
211 |
- |
211 |
|
5 |
Жер және жерді пайдалану (жер телімін бөлу, жер ресурстары) |
54 |
45 |
99 |
|
6 |
Заң және құқық қорғау |
11 |
- |
11 |
|
7 |
Денсаулық сақтау |
73 |
24 |
97 |
|
8 |
Білім |
69 |
41 |
110 |
|
9 |
Мемелекеттік басқарма және мемлекеттік қызмет |
148 |
167 |
315 |
|
10 |
Кәсіпкерлік |
36 |
24 |
60 |
|
11 |
Мәдениет |
29 |
15 |
44 |
|
12 |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары |
41 |
19 |
60 |
|
13 |
Дене шынықтыру және спорт, туризм |
7 |
4 |
11 |
|
14 |
Басқа да сұрақтар |
201 |
192 |
393 |
|
|
Барлығы : |
1432 |
601 |
2033 |
Жоғарғы тұрған органдардан келіп түскен және қаралған өтініштер саны – 307. Оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігінен - 246; ҚР Премьер–Министрі Кеңсесінен – 18; Парламенттен – 17; Аманат партиясынан – 26.
|
р/с |
Өтініш сұрақтары |
Жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны |
|
1 |
Жұмысқа орналастыру және әлеуметтік мәселелер |
42 |
|
2 |
Коммуналдық шаруашылығы (су құбыры, электр торабы, жылу, жолдар, көше жарықтары, газ) |
19 |
|
3 |
Заң және құқық қорғау |
- |
|
4 |
Денсаулық сақтау |
7 |
|
5 |
Тургын уй |
39 |
|
6 |
Жер және жерді пайдалану (жер телімін бөлу, жер ресурстары) |
8 |
|
7 |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары |
6 |
|
8 |
Білім |
19 |
|
9 |
Құрылыс |
25 |
|
10 |
Әлуметтік көмек |
14 |
|
11 |
Дене шынықтыру және спорт |
- |
|
12 |
Кәсіпекерлік |
6 |
|
13 |
Несие |
1 |
|
14 |
Мәдинет |
4 |
|
15 |
Ауыл шаруашылығы |
5 |
|
16 |
Әркеет/әрекетсіздік мемлекеттік лауазымды тұлғаларды |
1 |
|
17 |
Басқа да сұрақтар |
111 |
|
|
Барлығы : |
307 |
|
Қаралағандар өтініштер |
жеке тұлға саны |
заңды тұлға саны |
|
қанағаттандырылды |
255 |
86 |
|
түсіндірілді |
56 |
37 |
|
бас тартылды |
4 |
3 |
|
қараусыз қалдырылды |
10 |
7 |
|
төменгі тұрған органға және ведомстволық бағыныстылығы бойынша жіберілді |
1107 |
468 |
|
Барлығы: |
1432 |
601 |
Аппаратқа қайталанып келген өтініштер саны – 30;
Есепті жыл ішінде Аппарат қызметкерлерімен мерзімдері бұзылып орындалған өтініштер болған жоқ.
Ішкі құжаттарды рәсімдеу барысында Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының талаптары сақталды. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Алайда, орталық мемлекеттік органның сұрау салуларына жауаптарды уақтылы бермеу фактілері байқалады
2021 жылдың қорытындысы бойынша Аппараттағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 65 бірлікті құрады, оның ішінде саяси қызметші – 6, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер саны – 1, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер саны – 58 бірлік.
Талдау қорытындысына сәйкес есептік кезеңде Аппараттағы мемлекеттік қызметшілердің таза ауысуы 2 адамды (мемлекеттік қызметшілердің штат санынан 3,1%) құрады, оның ішінде саяси қызметші – 1 (Аққұлов Н.Қ.), «D-4» санаты – 1 (Аманчаев А.М.). Бұл 2020 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 2 есе артық, бұл – кадрлар кетуінің өскендігін айғақтайды.
Аталған қызметшілерден алынған жұмыстан шығу сұхбатында жұмыстан шығудың басты себебі деп вказимемлекеттік секторға жұмысқа орналасуына байланысты және басқа да себептермен өз еркімен жұмыстан шыққандарын көрсетті.
Қызметшілердің мемлекеттік қызмет жүйесінен кетуі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіледі. Таза ауысымдылықпен жұмыстан босатылған қызметшілердің сұхбаты 100% «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы толтырылуда және тұрақты бақылауда (қағаз және электронды түрде).
Есептік кезеңде өңірде басшы кадрлардың командамен ауысуы орын алмады.
2021 жылы Аппаратта 10 мемлекеттік қызметші (Б.А. Қашақов – ескерту, Ж.Т. Аңғалбаева – ескерту, Г.Н. Демеуова – ескерту, Д.Ж. Жақсылықов – ескерту, Г.Сулейманқызы – ескерту, Г.М. Қалмұратова – ескерту, сөгіс, сөгіс, сөгіс, Н.Қ. Аққұлов – ескерту, Ғ.М. Ниязов – ескерту, ескерту, А.М. Меңдібаев – ескерту, К.У. Бекмағамбетов – сөгіс) тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Олар орын алған кемшіліктермен келісіп, оларға қатысты материалдар Аппараттың тәртіптік комиссиясында қаралмастан, бірінші басшының актісі (бұйрық, өкім) негізінде әр түрлі дәрежеде тәртіптік жазаларға тартылды.
Тәртіптік жазаға тартылған лауазымды тұлғалардың құрамы бойынша жасалған талдауға сүйенсек, оның 5-еуі (50%) саяси мемлекеттік қызметші, 5-еуі (50%) «Б» корпусының мемлекеттік қызметшісі.
Сонымен қатар лауазымдық міндеттерін адал орындағаны үшін 7 мемлекеттік қызметшіден (Г.Н. Демеуова, Г.Сулейманқызы, Г.М. Қалмұратова, Н.Қ. Аққұлов, Ғ.М. Ниязов, А.М. Меңдібаев, К.У. Бекмағамбетов) тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын алынды.
Талдау нәтижесінде әрбір қызметшіге қолданылған тәртіптік жазаның негізділігіне аса мән берілді. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 2020 жылдың басымен салыстырғанда 12,1% өсуіне жол берілгендігі үшін – 1, өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамағаны үшін – 7, жергілікті қамту бойынша дәйексіз деректерді ұсынғаны және тапсырманы орындамағаны үшін – 1, Мемлекет басшысының тапсырмасын сапасыз орындағаны үшін – 1, Жол картасының іс-шараларын қаржыландыру сомаларын «Easy project» ақпараттық жүйесіне уақытылы толтыру бойынша шаралар қабылдамағаны үшін – 1 қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қолданылды. Оның ішінде 1 қызметкер бірнеше рет тәртіптік жазаға тартылған фактілер орын алды.
2021 жылы қолданылған тәртіптік жазаларға талдау жүргізу барысында тәртіптік жазалар жүйелі түрде қысқа мерзімдерде алынып отырған, атап айтқанда 8 тәртіптік жаза қысқа мерзімде мерзімінен бұрын алынған:
1) Облыс әкімінің бірінші орынбасары А.М. Меңдібаевқа 20.10.2021ж. 101-жқ өкімімен Жол картасының іс-шараларын қаржыландыру сомаларын «Еаsу project» ақпараттық жүйесіне уақытылы толтыру бойынша шаралар қабылдамағаны үшін «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылып, өзінің жетекшілік ететін салаларында ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде біршама саяси-қоғамдық шараларды жақсы деңгейде атқарғаны үшін, жаңа тәртіптік терiс қылық жасамағаны және өзiн адал қызметкер ретiнде көрсеткені үшін 08.12.2022ж. № 120-жқ өкімімен тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынып тасталды.
2) Облыс әкімінің орынбасары Н.Қ. Аққұловқа 03.07.2021ж. № 63-жқ өкімімен Жергілікті қамту бойынша дәйексіз деректерді ұсынғаны және тапрсырманы орындамағаны үшін «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылып, өзінің жетекшілік ететін салаларында ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде біршама саяси-қоғамдық шараларды жақсы деңгейде атқарғаны үшін 01.09.2021ж. № 88-жқ өкімімен тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынып тасталды.
3) Өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс орындамағаны үшін облыс әкімінің орынбасары Ғ.М. Ниязовқа 10.08.2021ж. № 77-жқ өкімімен «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылып, өзінің жетекшілік ететін салаларында ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде біршама саяси-қоғамдық шараларды жақсы деңгейде атқарғаны үшін 30.11.2021ж. № 114-жқ өкімімен тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынып тасталды. 4) Өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін облыс әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға 12.08.2021ж. № 80-жқ өкімімен «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылып, өзінің жетекшілік ететін салаларында ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде біршама саяси-қоғамдық шараларды жақсы деңгейде атқарғаны үшін 08.12.202ж. № 120-жқ өкімімен тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынып тасталды. 5) Мемлекет басшысының тапсырмасын сапасыз орындағаны үшін облыс әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға 22.09.2021ж. № 95-жқ өкімімен «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылып, өзінің жетекшілік ететін салаларында ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде біршама саяси-қоғамдық шараларды жақсы деңгейде атқарғаны үшін 08.12.2022ж. № 120-жқ өкімімен тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынып тасталды. 6) Өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Г.Н. Демеуоваға 30.04.2021ж. № 28-жқ бұйрығымен «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылып, ол 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін және «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін іске қосу үшін түсіндірме жұмыстарын өз дәрежесін ұйымдастырып, жақсы көрсеткіш алғандығын ескере отырып, өзінің лауазымдық міндеттерін уақытылы әрі сапалы түрде атқаруда, еңбек тәртібін сақтап, берілген тапсырмаларды мерзімінде орындап жатқандығы, жаңа тәртіптік терiс қылық жасамағаны және бұл ретте өзiн адал қызметкер ретiнде көрсеткені үшін 12.07.2021ж. № 41-жқ бұйрығымен тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынып тасталды.
7) Өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы Г.Сулейманқызы 28.05.2021ж. № 34-жқ бұйрығымен «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылып, ол мемлекеттік қызметшілердің магнитті картаны қолдану арқылы кіру және шығу уақытын есепке алатын қолжетімділікті басқару және бақылау жүйесін орнату және «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен интеграциялау бойынша тиісті іс-шараларды ұйымдастырып, өзінің лауазымдық міндеттерін уақытылы әрі сапалы түрде атқарғандығын, еңбек тәртібін сақтап, берілген тапсырмаларды мерзімінде орындап жатқандығын, жаңа тәртіптік терiс қылық жасамағаны және өзiн адал қызметкер ретiнде көрсеткені үшін 12.07.2021ж. № 42-жқ бұйрығымен тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынып тасталды.
8) Өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі К.У. Бекмағамбетовке 12.11.2021ж. № 69-жқ бұйрықпен сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылып, ол аумақтық қорғаныс және жұмылдыру жоспарына қатысты кемшіліктер түзетіліп, тиісті органдарға жолдап, жұмылдыру жоспары – ҚР ҰЭМ-мен келісілді. Азаматтық қорғаныс жоспары – ҚР ТЖМ-мен келісілді. Аумақтық қорғаныс жоспары – ҚР ҚМ-мен біркелкі стандартқа келтірілді, қазіргі таңда жергілікті басқарма басшыларымен келісіліп, ҚР ҚМ жолданғандығы, бұл бағытта жұмыс атқарылғандығы, жаңа тәртіптік терiс қылық жасамағаны және өзiн адал қызметкер ретiнде көрсеткені үшін 07.12.2021ж. № 72-жқ бұйрығымен тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынып тасталды.
Есептік кезеңде Маңғыстау облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы негізінде тәртіптік жаза қолданылған және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының талаптарын бұзу деректері бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметші болмады.
Бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға іріктеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады.
Заңның 27-бабының 7-тармағына сәйкес 2021 жылы 2 қызметкер (облыс әкімінің көмекшісі мен баспасөз хатшысы) бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасты.
Осы Заңның 27-бабының 10-тармағына сәйкес «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен 6 қызметкер тағайындалды.
Бос мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін азаматтар қабылданады.
Есептік кезеңде конкурстық іріктеуді формальды түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері орын алған жоқ. Барлық конкурстар, құжат тапсырған адамдар, әңгімелесуге жіберу туралы шешімдер, конкурстың қорытынды шешімдері gov.kz интернет-ресурсына уақытылы және толық жарияланып отырады.
Конкурсқа қатысатын кандидаттарға қойылатын сұрақтарды бірыңғай конкурстық комиссия арқылы қалыптастырылады. Қалыптастырылған сұрақтар хаттамамен рәсімделеді және электронды word нысанда бұғатталу жолымен әңгімелесу өткізу үшін сұрақтарды қорғау тетігі қалыптасқан.
2021 жылы бірыңғай конкурс комиссиямен «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған 133 конкурстар Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланды, оның ішінде ішкі конкурс – 53, жалпы конкурс – 80.
«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға 320 кандидат өтініш білдіріп, конкурсқа қатысты (ішкі конкурс – 33, жалпы конкурс – 287).
Жарияланған бос және уақытша бос орынның 101 конкурсқа әңгімелесу жүргізіліп (ішкі конкурс - 30, жалпы конкурс – 71), оның ішінде тағайындалды – 77 (ішкі конкурс - 26, жалпы конкурс – 51), конкурстық комиссияның оң шешімін алмаған кандидат саны – 17 (ішкі конкурс - 2, жалпы конкурс – 15), конкурстық комиссияның оң шешімін ала отырып, лауазымға орналасудан бас тартқандардың саны – 7 (ішкі конкурс - 2, жалпы конкурс – 5).
Жарияланған бос және уақытша бос орынның 32 лауазымның 28-іне (ішкі конкурс - 21, жалпы конкурс – 7) құжат келіп түспеген, 4 лауазымға кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеген (ішкі конкурс - 2, жалпы конкурс – 2). Сонымен қатар кандидаттармен әңгімелесу кезеңінде байқаушылардың қатысу көрсеткіші 100%-ды құрады. Кандидаттармен әңгімелесу барысы аудио және бейнежазбамен қамтамасыз етілген.
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың 2021 жылға арналған тексеру кестесінің 40-тармағына сәйкес 2021 жылғы 24-30 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарының персоналды басқару мәселелерінің жай-күйіне тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындылары бойынша бірқатар кемшіліктер (уақытша бос және бос лауазымдарға хабарландыру жариялау тәртібін бұзу, жаңадан тағайындалған қызметкерлерді лауазымдық нұсқаулықтармен таныстырудың үш күндік мерзімін бұзу, теріс қылық жасау фактісімен келіспеген мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту, «Б» корпусы қызметшілерін бағалау әдістемесі ережелерін бұзу фактілері) анықталды.
Қазіргі таңда тексеру барысында анықталған кемшіліктер жойылып, лауазымдық нұсқаулықтармен қызметкерлерді уақытылы таныстыру, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының талаптарының орындалуы бақылауға алынды. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының орындалуын бақылау мақсатында облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметімен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадр мәселелері бойынша қабылдаған актілеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.
2021 жылғы 14 шілдеде облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Н.А. Телегеновтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департаменті) өкілдерінің, облыстық басқармалар басшылығының, қалалар мен аудандар әкімі аппараттарының басшыларының, жергілікті атқарушы органдардың кадр қызметіне және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандарының қатысуымен персоналды басқару және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізілген тексеру нәтижелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиналыс өткізіліп, анықталған кемшіліктерді жою және алдағы уақытта қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау туралы хаттамалық тапсырма берілді. Аталған жиналыста облыс әкімі аппаратының бөлім басшыларының, Департаменттің басқарма басшысының және облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің баяндамалары тыңдалып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң), Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану, Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының талаптары, жаңадан тағайындалған қызметкерлерді лауазымдық нұсқаулықтарымен, Әдеп кодексінің мәтінімен таныстыру мерзімін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жоғарыда аталған Заңның талаптарын (мемлекеттік қызметке кіру шарттарын, кіру кезіндегі қабылданатын шектеулерді, арнайы тексеру, белгіленетін сынақ мерзімі және ант қабылдау) қатаң сақтау мақсатында облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруі жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, 2021 жылғы 29 шілдедегі № 04-25.2702 хатпен жергілікті атқарушы органдарға және облыстық басқармаларға қызметте басшылыққа алу үшін жолданды.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № 13-1-20-4816 хатына сәйкес 2021 жылғы 15 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлінуіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді.
Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының 2021 жылғы 19 тамыздағы № 67-жқ бұйрығымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылды. Оның құрамына Аппарат басшысының орынбасары, 11 құрылымдық бөлімшелердің басшылары және әдеп жөніндегі уәкіл кірді. Персоналды басқару қызметі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
2021 жылы Комиссияның 2 рет отырысы өтті. 31.08.2021 жылғы Комиссия отырысында Аппараттың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары функционалдық блоктарға бөлініп, «А» блогына – 34 лауазым немесе 58,6%, «В» блогына – 21 лауазым немесе 36,2 %, «С» блогына – 3 лауазым немесе 5,2 % жатқызылды. Сонымен қатар 3 лауазымның (облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау мәселелері бойынша бас инспекторы мен құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы) блогын нақтылау үшін уәкілетті органнан түсіндірме алған соң Комиссия отырысында қарау туралы шешім қабылданды.
03.09.2021 жылы персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) 2021 жылғы 3 қыркүйектегі № 04-25.3122 хатпен уәкілетті органнан кейбір лауазымдардың блогын нақтылауды сұрап хат жолдаған, оған 08.09.2021 жылғы хатпен жауап келіп түсті. Бөлуді тоқсанына бір реттен асырмай қайта қарауға жол берілетіндігін, Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 59-жқ бұйрығымен «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымының және кейбір мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтардың жаңадан бекітілгендігін ескере отырып, Комиссияның екінші отырысы 01.11.2021 жылы өткізілді. Онда уәкілетті органның түсіндірме хаты, Аппараттың құрылымына жаңадан қосылған облыс әкімі аппараты басшысы орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі және өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің ережелері мен қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары қаралып, «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктарға қайта бөлінді. 01.11.2021 жылғы Комиссия отырысында «А» блогына – 36 лауазым немесе 62,1%, «В» блогына – 20 лауазым немесе 34,5 %, «С» блогына – 2 лауазым немесе 3,4% жатқызылды.
Аппараттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдар Әдістеменің 9-тармағына сәйкес тиісінше функционалдық блоктарға бөлінді.
Жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің нәтижесінде Аппаратта «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша дұрыс бөлмеу фактісі және сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін мәселелер анықталмады.
Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді уақытылы қарамау – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жатады. Есептік кезеңде ондай фактілер анықталмады.
Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
1) тәртіптік жазаларды қысқа мерзімдерде (1-3 айға дейін) мерзімінен бұрын алу механизмін қолдану және сыйақы берудің алдында тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу;
2) Аппаратқа бағынысты мекемелердің басшысы лауазымына іріктеу жөніндегі рәсімдерді реттейтін құжаттың болмауы;
3) Әңгімелесу және тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру және қорғау тетігінің болмауы.
Жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет істеуін анықтау мақсатында Аппарат қызметкерлерінің жеке істеріне талдау жүргізілді. Нәтижесінде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеу фактісі анықталмады.
Алайда, мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі рәсімдерді реттейтін құжаттың (саясат) және мүдделер қақтығысын мониторингтеу және реттеу жөніндегі функциялар жүктелген тұлғаның болмауынан және мүдделер қақтығысын мониторингі және оны реттеу шаралары жүргізілмеген.
Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
Мүдделер қақтығысын мониторингі және оны реттеу шараларының жоқтығы
Аппаратпен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
Аппараттың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.
2021 жылға арналған Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2021 жылы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына 12 ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 160 бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:
- мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылу фактілері – 4;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері - 20;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 19;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері – 33;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 84 (мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталмауы, есептік мәліметтердің қате берілуі, ресми интернет-сайтында мемлекекттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттардың енгізілмеуі немесе жаңартылмауы және т.б).
Бақылау іс-шаралары қорытындысы бойынша 5 тәртіптік шаралар (ескерту – 4, 1 әкімшілік айыппұл) қолданылып, 135 ұсыныстар берілді.
Электрондық қызметтерді көрсетуде ақпараттық жүйелерге және «Egov.kz» порталына тоқсан сайын жүргізілген талдау нәтижесімен 29 қызмет түрі бойынша проблемалық мәселелер туралы ақпараттар орталық мемлекеттік органдарға, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-на ұсыныс хаттар жолданды (жер қатынастары, тілдерді дамыту және архив ісі, дене шынықтыру және спорт саласының қызметтері шешімін тапты).
Сонымен қатар, 2021 жылы мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасына, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар орналастырылды.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне (25.11.2021ж. № 407/НҚ) сәйкес 106 қызмет түрі көрсетілетін қызметті беруші арқылы (баламалы/баламасыз) көрсетіледі.
Ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі, жаңа құқықтық актіні бекітпей-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды жоюға қою және мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін құқықтық актіні тым ұзақ қабылдау, рұқсат беру функцияларын іске асыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген рұқсат беру құжаттарын беруді, сараптамалар жүргізуді, құқық беруді, тіркеуді, келісуді Бөліммен жүргізілмейді.
Сонымен бірге, 2021ж. 24-30 мамыр аралығында ҚР Президент Әкімшілігімен жүргізілген бақылау іс-шарасының нәтижесінде қала және аудан әкімдіктерінде бұзушылықтар (мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету, ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етумен қызметтерді көрсету, қызметті көрсетушімен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген жұмыс кестесінің сақталмауы, мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процесінің бұзылуы фактілері) анықталды.
Нәтижесінде, бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта оларға жол бермеу мақсатында, Бөлім тарапынан іс-шаралар жоспары жасақталып, мемлекеттік органдар басшыларына, жауапты қызметкерлеріне жиналыстар, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғаларға қатысты тәртіптік шаралар қолданылды.
Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ҚР Президент Әкімшілігіне жолданды.
Аппарат өз қызметінде рұқсат беру функцияларын атқармайды.
Аппарат өз қызметінде бақылау функцияларын атқармайды.
8.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты СЖТ анықтау.
Мемлекеттік қызметкерлер үшін тұрақты негізде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің» талаптарын сақтауға қатысты консультациялар, жиналыстар өткізіледі.
Әкімдік ғимаратында азаматтарды (жеке және заңды тұлғаларды) қабылдау үшін кіреберісте пандус бар.
Мобильді қосымшалар (WhatsApp, Instagram, Facebook) арқылы басқаруға жүгіну мүмкіндігі бар.
2021 жылы қандай да бір іс-шаралар үшін сыйлықтарды өткізу және ақша қаражатын заңсыз жинау фактілері тіркелген жоқ.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы және алдын алу тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында жыл сайын ақпараттық жұмыс бойынша жоспар әзірленеді.
Қызметтік автокөлік қызметтік мақсаттарда пайдаланылады.
Талдау барысында мекеме қызметкерлерінің күн тәртібінің регламентін сақтамай, қызметшілердің мемлекеттік мекемеде жұмыстан тыс уақытта негізсіз болу фактілері анықталды.
Сонымен қатар, талдау барысында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – ІАҚ) аумақтық ішкі мемлекеттік аудит департаментімен қызметін қайталайтын функциялар белгіленді.
Ережеге сәйкес ІАҚ негізгі функцияларына мыналар жатады:
1) Қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысу;
2) мемлекеттік органда және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізу;
3) мемлекеттік органда және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізу;
4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарттар талаптарының орындалуының, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізу.
Маңғыстау облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (бұдан әрі – ІМАД) негізгі функцияларына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудит жүргізу;
2) сәйкестік аудитін жүзеге асыру;
3) аудиторлық қызмет және аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдар мен аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) тексеру нысанында және өзге де нысандарда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Осылайша, бұл қызметтердің негізгі функциялары толығымен сәйкес және бірдей.
Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
1) Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта орналастырылған плакаттардың болмауы;
2) Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу үшін Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін кадр қызметіндегі «сенім телефоны» жұмыс жасамауы;
3) Мекеменің интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттардың аздығы немесе жаңартылмауы;
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі саясаттың болмауы;
5) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың болмауы;
6) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қолданыстағы талаптары туралы білімін тексеру жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу;
7) Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану (қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негізсіз болуына байланысты);
8) Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – ІАҚ) аумақтық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметін қайталайтын функциялардың болуы
9.Қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты СЖТ анықтау.
Талдау барысында облыс әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алулары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының нормаларына, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына сәйкес жүргізілетіні анықталды.
Қаржы есептері ҚР Қаржы министрлігінің сайтында уақытылы көрсетілген www.minfin.gov.kz
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының негізінде 2021 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары әзірленді және бекітілді, мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылды (сатып алудың жалпы көлемі 47230,7 мың теңге).
2021 жылы іс жүзінде жалпы сомасы 62353,6 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу өткізілді, оның ішінде:
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен: 46 лот бойынша (кеңсе тауарларын сатып алу, полиграфиялық қызметтерді сатып алу және т.б.) сатып алу көлемі 38802,4 мың теңгені құрады (94 шарт жасалды).
Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен (ашық конкурс және баға ұсыныстарын сұрату): 5 лот бойынша (қатты тұрмыстық қалдықтарды көму бойынша қызметтер, Кір жуу қызметтері және т.б.) сатып алу көлемі 6936,0 мың теңгені құрады (5 шарт жасалды).
Бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы: 48 шарт жасалды (біліктілікті арттыру, қайта даярлау, ЭҚАБЖ-ға қызмет көрсету, тікұшақ қызметтері және т.б.), сатып алу көлемі 16615,2 теңгені құрады.
2022 жылға облыс әкімінің аппаратымен мемлекеттік сатып алу жоспары әзірленді және бекітілді және Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылды (жоспардың 77 тармағы, сатып алудың жалпы жоспарланған көлемі 56184,8 мың теңге).
2021 жылға бюджет қаражатын игеру:
|
Бюджеттік сыныптама кодтары |
Бағдарламаның атауы |
Бюджет |
Игерілуі |
Орындалмау сомасы |
|
120 001 015 |
Облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
504700,0 |
504 584,3 |
115,7 |
|
120 004 015 |
Мемлекеттік мекеменің күрделі шығыстары |
2301,0 |
2300,1 |
0,1 |
|
120 010 015 |
Жалпыға бірдей әскери даярлықты орындау шеңберіндегі іс-шаралар |
8221,0 |
8109,8 |
111,2 |
|
120 019 015 |
Сайлау процесіне қатысушыларды оқыту |
4096,0 |
4019,7 |
76,3 |
Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі:
1) Бюджет қаражатының толық игерілмеуі;
2) талдау объектісімен бюджеттік және қаржы қаражатының елеулі сомаларымен операция жасау кезінде ішкі аудит, ішкі бақылау жөніндегі функциялардың жүргізілмеуі.
Аппаратпен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
Мониторинг нәтижесінде қала, аудан әкімдіктерімен анықталған «жасырын» қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне қосу бойынша ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсыныстар енгізілді.
Аппараттағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Талдау кезінде 16 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:
1.Қолданыстағы құқықтық актілерде – 1.
2.Ішкі құжаттарда – анықталған жоқ.
3.Персоналды басқарумен байланысты – 3.
4.Мүдделер қақтығысымен байланысты – 1.
5.Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты – функция жоқ.
8.Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты – 8.
9.Қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты – 2.
Талдау нәтижесінде барлығы 15 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.
Аталған тәуекелдерді жою мақсатында ҰСЫНЫЛАДЫ:
Персоналды басқару қызметі (Кадр қызметі):
Мемлекеттік қызметшілерді жазалау институтына немқұрайлы қарауды болдырмау мақсатында тәртіптік жазаларды қысқа мерзімдерде (1-3 айға дейін) мерзімінен бұрын алу механизмін қолданбау және сыйақы берудің алдында тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алуға жол бермеу;
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақталуын қамтамасыз ету.
Аппаратқа бағынысты мекемелердің басшысы лауазымына іріктеу жөніндегі рәсімдерді реттейтін құжатты жасақтау бойынша тиісті органдарға ұсыныс хат жолдау;
Қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік мекемеде негізсіз болу фактілерін болдырмау мақсатында қызметкерлердің күн тәртібінің регламентін жасақтау;
Мүдделер қақтығысын мониторингтеу және реттеу жөніндегі функцияларды жүктеу бойынша шаралар қабылдау;
Мүдделер қақтығысының тоқсан сайынғы мониторингін қамтамасыз ету және мүдделер қақтығысын реттеу шараларын қабылдау;
Мемлекеттік-құқықтық жұмыс және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл бөлімі:
Аппарат қызметінде қайталанатын функцияларды жою бойынша шаралар қабылдау (Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметіне қатысты);
облыс әкімдігімен қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің заңнама нормаларына сәйкестігін және уақытылы қабылдануын қамтамасыз ету;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі саясатты әзірлеу және бекіту;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әзірлеу және бекіту;
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қолданыстағы талаптары туралы білімін тексеру жөніндегі іс-шаралар қабылдау.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі:
Ақпараттық жүйелер арқылы қызметтерді көрсетуде мерзім бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу;
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің нормаларына қайшылықтар болған жағдайда тиісті органдарға уақытылы ұсыныс беру;
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, оның ішінде қызметтер көрсету мерзімдерін бұзудың, құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі фактілері, қызметтер көрсету рәсімдері тәртібін бұзу фактілері бойынша тұрақты мониторинг жүргізу.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі:
Мекеменің интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмысты жандандыру;
Әдеп жөніндегі уәкіл:
Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін «сенім телефоны» жұмысын қамтамасыз ету;
Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі:
Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың сұрау салуларына жауаптарды уақтылы жолдануын қамтамасыз ету.
Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі:
Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта плакаттар орналастыру;
Бюджет қаражатының нысаналы және толық игерілуін қамтамасыз ету.
Қаржы қаражатының елеулі сомаларымен операция жасау кезінде ішкі аудит, ішкі бақылау жүргізу.
Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарау рәсімдеріне және олардың мерзімдеріне тұрақты бақылау және мониторинг жүргізу;
Өтініштердің қайталанып келу себебін анықтау және алдағы уақытта болдырмау бойынша шаралар қабылдау.
Баяндалғанның негізінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және оның алдын алу мақсатында:
- осы анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары (одан әрі - Жоспар) әзірленсін және бекітілсін;
- Жоспардың орындалысы туралы ақпарат ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін Жұмыс тобына ұсынылсын.