Проводятся обучающие семинары членов территориальных и участковых избирательных комиссий Мангистауской области

Маңғыстау облысының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту семинарлары өткізілуде

2022 жылдың 10-12 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту семинарлары жоспарға сай жұмыстарын жалғастыруда.

10 қазан күні өткен семинарға Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Әбіловпен орынбасары Ж.Айтуаров қатысып, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының өкілеттіктері, ҚР Президентінің сайлауындағы сайлаушылардың тізімдерін қалыптастыру, сайлаушыларды хабардар ету және Президент сайлауындағы сайлау алдындағы үгіт әдіс-тері, мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету тақырыптарына лекциялар оқып, интерактивті пікірталастар өткізді.

Жалпы, 2022 жылы облыс бюджетінен 16,5 млн тенге қаражат бөлініп аумақтық және учаскелік комиссиялардың 400 мүшесін оқыту жоспарланып отыр.

Дата публикации
11 октября 2022