Маңғыстау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының облыстық бойынша филиалы базасында 2022 жылғы 10-28 қазан аралығында сайлау комиисиялары мүшелері үшін «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізуде.
Семинардың мақсаты сайлау заңнамасының негіздері және оны сайлау үдерісінде қолдану тәжірибесі сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби біліктігі мен құзыреттерін арттыру.