Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының мүшелерінің Маңғыстау облыстық білім басқармасы және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік Университетінің басшыларымен кездесті

Ағымдағы жылдың 4 қазан күні Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Ж.Әбіловтің төрағалығымен облыстың сайлау комиссиясының мүшелерінің  қатысуымен Маңғыстау облыстық білім басқармасы және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік Университетінің басшыларымен сайлау туралы заңнаманы түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналысқа шақырылғандарға жатақанада тұратын орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанында оқитындар сайлаушылардың тізіміне жатақананың орналасқан жері бойынша енгізілетіні жөнінде қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты, нақты жауаптар берілді.

Дата публикации
04 октября 2022