Маңғыстау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерінің облыс аумағындағы ірі өндіріс кәсіп орындарының басшыларымен кездесті

Ағымдағы жылдың 4 қазан күні Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Ж.Әбіловтің төрағалығымен облыстың сайлау комиссиясының мүшелерінің  қатысуымен ҚР "Сайлау туралы" Заңының 14-бабының 11-1 тармағы, 24-бабының 5- тармағына сәйкес аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіліктерінің шеңберінде өңірде орналасқан вахталық ауысыммен жұмыс жасайтын өндіріс кәсіпорындары («МаңғыстауМұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қарақұдықмұнай» АҚ)  басшыларымен сайлау туралы Заңнаманы түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.

      Нақтылап айтқанда, егер сайлаушыларға сайлаудан кемінде отыз күн бұрын сайлау күні өзінің тіркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмайтыны белгілі болса, ол өткізу болатын жері бойынша жергіліті атқарушы органға өзін тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу жөнінде  жазбаша өтініш беруге құқылы. Азамат өтініш жасаған кезде жергілікті атқарушы орган азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен алып тастауды және оны сол азамат дауыс беретін учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

       Жиналыс өткізу барысында кәсіпорындар өкілдерінің қойған сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Жиналысқа аудан, қала әкімдерінің тиісті орынбасарлары, аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары байланыс арқылы қатысты.

Дата публикации
04 октября 2022