Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 «БЕКІТЕМІН»

Маңғыстау облысының әкімі

___________ Н.А. Ноғаев

«___» _______2022 жыл

 

Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

 

№

Іс – шара атауы

Жауапты

Мерзімі

Қаражат талап етіледі/ етілмейді

Шешу жолдары

 

Ақтау қаласы

 

1.           

Ақтау қаласы аумағынан тұрғын үй салу мақсатында жер учаскесін бөлуін сұрайды (Богданова Роксана)

 

Б.Орынбасаров

Н.Қилыбай

Е.Дүзмағамбетов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

ҚР Жер Кодексінің 50 бабына сәйкес, еліміздің кез келген кәмелетке толған азаматы, еліміздің кез келген елді мекенінде тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне тұрып, 0,1 гектар (10 сотық) жерді тегін алуға құқығы бар. Алайда, жер учаскесі бұрын тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алмаған азаматқа тиісті әкімдікте қалыптастырылған кезек бойынша бір рет беріледі. Ескеретін жағдай, жер кезегіне тұру үшін өтініш беруші тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы маңызды.

          Қазіргі кезде жер кезегіне тұру электрондық үкімет порталы арқылы (egov.kz) электрондық түрде жүргізілетіндігі және           Порталдың қызметі бойынша сұрақтарды 1414 нөмірі бойынша қоюға болатындығы туралы Ақтау қаласы әкімдігіне 24.05.2022 жылы № 02-13/6-П шығыс хатымен хабарланды.

2.           

Ақтау қаласының 5-39 мекен-жайы бойынша ОСИ-дің тарифі мәселесі

(Джовадова Лилия)

 

Б.Орынбасаров

Н.Қилыбай

Б.Қартбаев

Ж.Салимов

(келісім бойынша)

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық мәслихатының 25.02.2022 жылғы №11/89 шешімінің негізінде (ҚР Әділет министрлігінде 15.03.2022 жылғы №27120 болып тіркелген)      2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері бір шаршы метр үшін 35 теңге сомасында бекітілді. 

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп-ұстауға арналған жарналардың мөлшерін пәтер иелерінің жалпы жиналысы белгілейді және үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесіне барабар бөлінеді.

3.           

Ақтау қаласының 5 шағын ауданының жол бойынан жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жаяу жүргінші өтпелерін салып, көлік жүргізушілердің жол ережелерін сақтауын қадағалауды сұрайды (Владимир)

 

Б.Орынбасаров

Н.Қилыбай

А.Қалиев

А.Дүйсембаев (келісім бойынша)

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Ақтау қаласының 5 шағын ауданының жол бойынан жаяу жүргінші өтпелерінің таңбасы қайта жаңартылды.

4.           

Приморский елді мекенінде «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС кәріздік жүйесін ретке келтіріп, қоршаған ортаға әсерін қадағалауды сұрайды (Сүлеймен Серік)

 

Б.Орынбасаров

Р.Тукенов

(келісім бойынша)

Т.Есентүгелов (келісім бойынша)

Н.Қилыбай

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қазіргі таңда, «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» ММ-мен кәріз желісінің құрылысы аяқталды. Алайда, «МАЭК Казатомпром» ЖШС-нің су арнасынан (сбросной канал) өтуге, техникалық шарт ұсынылды. Техникалық шартқа сәйкес, қосымша 2 құдықша (су ағар) орнату керектігі баяндалған. Алайда, аталған жерге, 2 құдықшаны орнатуға бос жер учаскесі болмауына байланысты, мүмкіндік болмай отыр. Осыған орай,  «МАЭК Казатомпром» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілуде.

Экология департаменті тарапынан  ай сайын мониторинг жүргізіп, қадағаланып отыр.

Тапсырыс беруші «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» ММ-сі тарапынан алу-беру жұмыстары жүргізілуде. «Маэк- Қазатомпром» ЖШС-нің тарапынан берілген техникалық шартында жобаға қатысты көрсетілген кемшіліктерді жою жұмыстары мердігер тарапынан орындалуда.

5.           

Ақтау қаласында  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік  өнімдерінің бағасын қадағалауды сұрайды

(Мәмбетова Майра)

Б.Орынбасаров

Ж.Тоқбаева

Н.Қилыбай

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қала әкімдігі қала аумағындағы басты 2 гипермаркетпен 11 супермаркетке әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағаларына тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.

          Сонымен қатар, қала әкімдігі жоғарыда аталған 5 сауда желісімен әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағаларын негізсіз көтермеу жөнінде меморандумға отырды.

          Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды ұстап тұру мақсатында облыс әкімдігімен бірлесіп азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру мынадай тетіктерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады:

          1. Ірі сауда желілерімен Меморандум жасақтау;

          2. ӘМАТ тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану;

          3. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру (айналым схемасы).

          Қала аумағындағы сауда желілеріндегі ӘМАТ бағаларының негізсіз өсуін болдырмау және мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатында қоғам белсенділерін тарта отырып қала әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылды.

          Ақтау қаласы бойынша барлық үй жанындағы дүкендер тексерілді. Қазіргі таңда аптасына  2- рет «Халық бақылауы» тобы қайтадан үй жанында орналасқан дүкендерге ескерту және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыр. Нәтижесінде 156 шағын дүкендер қамтылып оның 41 де бұзушылық анықталды.

          ӘМАТ  бағаларының өсу себебін, ондағы кедергілерді анықтау және бағаның төмендету мақсатында Ақтау қаласы прокуратурасымен және монополияға қарсы агенттікпен бірлесіп қала аумағындағы «Мағаш», «Русказ», «Масат», «Көк базар» секілді сауда базарларына тексерісі жүргізілді. Нәтижесінде 9 кәсіпкерде бұзушылық анықталып,оларға  әкімшілік құқық бұзушылық туралы ескерту түрінде хаттама толтырылды.

Қала тұрғындарына 26 шағын аудан «Қасиет» медициналық орталығының алдындағы автотұрақта әр аптаның сенбі күндері және мереке күндері жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізілуде. 

6.           

№1 және №2 Ақтау қалалық емханаларын дәрігерлермен толықтыру мәселесі 

(қала тұрғыны)

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Ағымдағы жылдың басынан бастап №1 Ақтау қалалық емханасына: 5 дәрігер (хирург, гинеколог, травматолог, лор дәрігері, жалпы тәжірибелік дәрігер) және  №2 Ақтау қалалық емханасына: 10 дәрігер (жалпы тәжірибелік дәрігер, эндокринолог, педиатр, функционалдық диагностика дәрігері, рентгенолог, хирург, стоматолог, отариноларинголог, терапевт, реабилитолог) мамандары жұмысқа            қабылданды.

7.           

Ардагерлерге жергілікті санаторияға тегін баруын қамтамасыз ету және «Өзенмұнайгаз» бен «Маңғыстаумұнайгаз» компаниялар тарапынан берілетін санаторияға жолдамаларды бірдейлендіру мәселесі

(Қартбаев Аманжол)

 

Г.Қалмұратова

Ә.Шопанов

Н.Қилыбай

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 «Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы16 сәуірдегі  №2/18 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес Ақтау қаласы бойынша ардагерлерге шипажайлық - курорттық емделу Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, олардың жесiрлерiне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген азаматтарға табысы есебінсіз жыл сайын жолдамаға конкурс ұйымдастырылып, наурыз айында конкурс нәтижесімен   «Арыс»  шипажайлық – курортты жеңіпаз анықталды  (250 адамға).

Аталған  шешім жобасына өзгерістер енгізіліп, мәслихаттың қарауына жолданды.

          Өзгеріске сәйкес аталған санаттағы адамдарға санаторийге емделуге бара алмаған жағдайда, оның құны өтелетін болып өзгертіледі.

Сонымен қатар мүгедек балалар санаторийге барғанда оған ілесуші  ата-анасының біреуіне жол ақысы өтелетін болады.

8.           

Ақтау қаласының 20 ш/ауданына көшірілген Жаңаөзен тұрғындарына берілген жалдамалы тұрғын үйлерді жекешелендіріп беру мәселесі 

(Махамбетова Гүлбаршын)

 

Б.Орынбасаров

Н.Қилыбай

Б.Қартбаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 67-бабына сәйкес, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын-жай Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес беріледі.

          Сонымен қатар, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 189 «Жаңаөзен қаласының тұрғын үйге мұқтаж азаматтары және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін Ақтау қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын-жайларды бөлу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысы бекітілген.

          Осы қаулының 2 тармағына сәйкес, осы Қағидалар тұрғын үйлерді бөлу, кейіннен:

       1) Жаңаөзен қаласының тұрғын үйге мұқтаж азаматтары үшін Ақтау қаласында республикалық бюджет қаражатына сатып алынған тұрғын үйді;

      2) Жаңаөзен қаласының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары және жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған тұрғындары үшін Ақтау қаласында "Өзенмұнайгаз" АҚ қаражатына сатып алынған тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз жалға беру тәртібін айқындайды

          Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Мемлекеттік жоспарлау жүйесі бойынша 2019-2021 жылдар аралығында салынып, пайдалануға берілген жалға берілетін тұрғын үйлер Заңның 67-бабында көрсетілген азаматтар санаттарына сатып алу құқығынсыз бөлінді.

Осыған сәйкес, сатып алу құқығынсыз берілген тұрғын үйді жекешелендіруге мүмкіндік жоқ.

Жаңаөзен қаласы

 

9.           

Қызылсай ауылына «Kaspi bank» терминалдарын, банкоматтарын орнату туралы

(Утепова Нұргүл)

 

Ә.Құттұмұрат-ұлы

А.Қосуақов

С.Нарешова

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау облысының Қаржы басқармасы Жаңаөзен қаласының қаржы бөлімінің атына  Қызылсай ауылында орналасқан объектілердың фотосуреттері мен ақпаратын алу үшін 13.05.2022 жылғы №09-14-544 хат жолдады.  Бұдан әрі, бұл ақпарат 08.06.2022 жылғы №09-14-656 хатпен «Kaspi Bank» АҚ атына Қызылсай ауылында терминал банкоматты орнатуға  ықпал етуге  жіберілді.  Бүгінгі таңда, осы мәселе Банктің қарауында жатыр.

10.       

Қызылсай ауылының мектебіндегі оқушылардың сыйымдылығы туралы

(Қызылсай ауылының тұрғындары -

Ускимбаев Бакытжан, Темирбаев Нурболат)

 

Г.Қалмұратова

Г.Қызылғұлова

А.Қосуақов

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

2023-2025 жылға арналған инвестициялық тізімнің 2025 жылына             300 орынды қосымша құрылысы  жоспарланды

11.       

Су тұщыту зауытының құрылысы туралы

(Қызылсай ауылының тұрғындары -

Өтелген Алиев, Темирбаев Нурболат)

Б.Орынбасаров

А.Қосуақов

Б.Қартбаев

 

2024 жыл

IV тоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қазіргі уақытта жобаны бірлесіп іске асыруға мүдделі әлеуетті инвесторлармен - Шевронмен және Meinhardt, CMC, Metito және Safbone халықаралық тұщыландыру компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу инвесторды таңдағаннан кейін басталады деп күтілуде.

Жобаны қаржыландыру схемасы мен тәсілі «ҚазМұнайГаз» АҚ тарапынан инвестормен келіссөздер нәтижелері бойынша айқындалатын болады.

12.       

Қызылсай ауылында спортзал ғимаратын салу туралы

Г.Қалмұратова

А.Қосуақов

Қ.Жұмабаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Жаңаөзен қаласы Қызыл сай ауылынан 2023 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында ангар типтегі спорт зал салу жоспарлануда.

13.       

Теңге ауылына «Каспий» және «Home банк» банкоматтарын орнату туралы

 

Ә.Құттұмұрат-ұлы

С.Нарешова

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау облысының Қаржы басқармасы Жаңаөзен қаласының қаржы бөлімінің атына  Қызылсай және Тенге ауылдарда орналасқан объектілердың фотосуреттері мен ақпаратын алу үшін 13.05.2022 жылғы №09-14-544 хат жолдады.  Бұдан әрі, бұл ақпарат 08.06.2022 жылғы №09-14-656 хатпен «Kaspi Bank» АҚ және 08.06.2022 жылғы №09-14-656 «Home bank» хатпен мекен-жайларына Қызылсай және Тенге ауылдарда терминал банкоматтары орнатуға ықпал етуге жіберілді.  Бүгінгі таңда, осы мәселе Банктардың қарауында жатыр.

14.       

Теңге ауылының емханасына қажетті жалпы  тәжірибелік 2 дәрігер бөлу мәселесі туралы

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Теңге елді-мекеніне  Ақтөбе қаласынан М.Оспанов атындағы медициналық университеттен әкім грантымен бітіріп келетін 1 жас маман ағымдағы жылы тамыз айында келуі жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бала күтімінде отырған   екінші маманның шығуы күтілуде.

15.       

Теңге ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан тас карьерінің тарихи орнын қалпына келтіру туралы (рекультивация)

 

Б.Орынбасаров

Қ.Бағынов

А.Қосуақов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 140-бабының 1-тармағына сәйкес, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға міндетті болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 346 бұйрығымен бекітілген Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу бойынша нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу:

1) пайдалануы жердің бүлінуіне әкеліп соқтыратын жер учаскесін берген кезде – жергілікті атқарушы органдардың жер учаскесін беру туралы шешімінде көрсетілген мерзімдерде;

2) жерді пайдалану жердің бүлінуіне әкеліп соқтыратын жағдайда – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткен кезде жергілікті атқарушы органдар жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдағаннан кейін және жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар басталғанға дейін;

3) бұрын бүлінген жерлерде, оларды бүлдірген тұлғалар туралы мәліметтер болмағанда – жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізілуі тиіс.

Осыған байланысты, Теңге ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан тас карьерінің тарихи орнын қалпына келтіру бойынша (рекультивация) жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жаңаөзен қаласының әкімдігімен тиісті шаралар қабылдану қажет. Бұл жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасарына ақпарат жолданды (Департаменттің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 582 хаты).

Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласының әкіміне бұлінген жерді қалпына келтіру жобасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру туралы ұсыныс хат жолданды (Департаменттің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 584 хаты)

16.       

Рахат ауылы «Мерей» шағын-ауданында құрылысы жүргізіліп жатырған 50 орындық отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысын жедел аяқтау туралы

(Аманов Тоқберген - Рахат ауылы Ардагерлер кеңесінің төрағасы)

 

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

А.Манкешова

А.Қосуақов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында "Ауыл-ел бесігі" шеңберінде республикалық бюджеттен Жаңаөзен қаласының Рахат ауылында бекітілген халықтың тұрғылықты жеріне барынша жақын орналасқан "Мерей" дәрігерлік амбулаториясы пайдалануға берілетін болады (мердігер  "Нұр-Жол құрылыс "ЖШС). 2 жарты жылдықта "Мерей" дәрігерлік амбулаториясының ашылуы күтілуде.

17.       

«Рахат» ауылы «Ақсу» шағынауданында орналасқан №3 емханаға жетіспейтін мамандарды қызметке шақыру туралы

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Ағымдағы жылдың  тамыз айында «№3 Жаңаөзен қалалық емханасына»      3 жалпы тәжірбиелі дәрігерлер келіуі және бала күтімімен отырған 2 жалпы тәжірибелі дәрігер өз жұмыс орнына келуі жоспарланды.

18.       

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қажеттіліктері үшін өндірістерді оқшаулау жолымен Жаңаөзен қаласында жұмыс орындарын құру туралы

 

Б.Орынбасаров

А.Шопанов

А.Қосуақов «Өзенмұнайгаз» АҚ

(келісім бойынша)

Үнемі

 

 

Қаражат талап етілмейді

 «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қажеттіліктері үшін өндірістерді оқшаулау жолымен Жаңаөзен қаласында алгоритмге сәйкес Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту тарапынан 190 орын, ӨМГ-дан 113 орын құрылды. Шілде айына 162 орын жоспарлануда.

19.       

Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытының құрылысын салу туралы

Б.Орынбасаров

Б.Қартбаев

А.Қосуақов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 25.01.2022 жылғы №33 қаулысымен ауданы 32,9 га жаңа зауыт салу үшін жер учаскесі бөлінді.

2022 жылғы 1 ақпанда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қорытындыға сәйкес, жобаның жалпы құны 167,673 млрд.теңгені құрайды (ҚҚС-мен қоса есептегенде).

 24.03.2022 жыл. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ уәкілетті органының қарыз беруге мақұлдауы алынды. 28.02.2022 жыл. қоршаған ортаға әсерін бағалауға техникалық-экономикалық негіздемеге Экологиялық сараптаманың қорытындысы алынды.

 

20.       

Жаңаөзен қаласында медицина саласы бойынша кадр тапшылығы туралы

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

2022 жыл

желтоқсан

 

 

Қаражат талап етілмейді

Ағымдағы жылдың басынан бастап           «№2 Жаңаөзен қалалық емханасына» Ақтөбе қаласынан М.Оспанов атындағы медициналық университеттен әкім грантымен бітіріп келетін 1 жас маман ағымдағы жылы тамыз айында келуі және  бала күтімінде отырған   маманның шығуы күтілуде.

 «№3 Жаңаөзен қалалық емханасына» 2 жалпы тәжірбиелі дәрігер, 1-отолоринголог дәрігер  жұмысқа қабылданды және  бала күтімімен отырған 2 жалпы тәжірибелі дәрігер өз жұмыс орнына  келеді деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Жаңадан ашылған 50 орындық медициналық орталыққа қажетті мамандар: кардиохирург-1, нейрохирург-1, реаниматолог-1, офтальмолог-1 мамандарды  Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қарағанды қалаларына  бітіруші түлектердің  жәрмеңкесіне қатысып, қажетті мамандарды жұмысқа шақыру жұмыстары жүргізілуде. Мамандарға қажетті атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үймен қамтамасыз ету қалалық әкімдіктен берілетін болады және бұл жұмыс орындар  жас мамандарды және басқа өңірден жұмысқа тарту арқылы толықтыратын болады.

Бейнеу ауданы

 

21.       

Бейнеу ауданы Сарға ауылында ауыр жүк көліктерінің өтуіне байланысты тоқ желілерінің өшуі жиіленуде. Тиісті шаралар қарастыруды сұрайды.

(Мереев Өмір)

 

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов Б.Қартбаев

А.Қалиев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Ауыр жүк көліктерінің өтуіне 34 км болатын арнайы айналма жолдың құрылысына Бейнеу ауданы әкімдігі тарапынан жер бөлінді. Осыған орай,  тоқ желілерін өшіру тоқтатылды.

22.       

Теміржол станцияларында  электромеханик және кезекші электрмонтерларды біріктіру салдарынан қысқартылатын кезекші мамандарды жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру

(Сисенов Айдос)

 

Г.Қалмұратова

Б.Әбілов

А.Қалиев

А.Шопанов

Н.Ғұбашев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2020 жылдан бастап «Поездар қозғалысын басқару орталығы» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында жыл сайын бірқатар шағын станцияларда диспетчерлік орталықтандыру кезең-кезеңмен енгізіліп жатыр.

2022 жылға электромеханик лауазымдарын станция бастықтарымен және электромонтерлерді станция бойынша кезекшілермен біріктіріп, Жүк тасымалы штатын 195 бірліктен 120 бірлік мөлшерінде «Магистральдық желі Дирециясы» филиалына беру жоспарланған, яғни 75 штаттық бірлікті оңтайландыруды көздейді (Маңғыстау/Атырау/Қызылорда кіші бөлімдері және Ақтөбе/Алматы/Семей Нодтары).

2022 жылдың                    01 шілдесінен бастап, станция кезекшілерінің штаты қысқартылып, электромонтерлер мен станция кезекшілері бір штатқа біріктірілетін болады.

Жүк тасымалы компанияның барлық мүмкіндіктері мен жұмыскерлердің мүдделерін ескере отырып, әрбір жұмыскермен жеке жұмыс жүргізеді.

Бұдан басқа, жұмыскерлерге қайта оқыту, ерте зейнетке шығу, тұрғын үйді жалға беру өтемақысымен басқа аймаққа ауыстыру сияқты нұсқалар ұсынылуы мүмкін.

Жобаны іске асыру барысында жаппай қысқартуларға жол берілген жоқ және рәсімнің ашықтығы Жүк тасымалы кәсіподағының қатысуымен арнайы комиссиялардың жұмысымен қамтамасыз етілетін болады.

«Қазақстан Темір жолы» ҰК Бейнеу-Тассай-Шалқар учаскесіндегі ДСП кезекшілерімен әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қысқарту жұмыстары басталмаған. Жоғарғы тұрған басшылығына ұжымдық арыз жолдаған. Қазіргі кезде қызметкерлер штаттық режимде жұмыстарын жалғастыруда.

23.       

Бейнеу ауданында табиғи газ және электр энергиясын тұтыну тарифін азайту мәселесі

(Дүйсенов Жасұлан)

 

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

Б.Қартбаев

Ж. Салимов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Бейнеу ауданында бекітілген тариф бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

24.       

Бейнеу ауданы бойынша білім саласында көп жылдар бойы төмен көрсеткіш көрсетіп жүрген мектеп директорларының жұмысына талдау жүргізіп, ауыстыру, ротациялау жұмыстарын ұйымдастыру

(Избасарова Айгерім)

 

 

Г.Қалмұратова

Г.Қызылғұлова

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы                               11 қарашадағы  № 559 бұйрығының        12-тармағына сәйкес  Комиссия шешімі бірінші басшының портфолиосын комиссияның қарауын ескере отырып, осы ұйымдағы лауазымына тағайындалған күннен бастап 4 (төрт) жыл бойы қызмет атқарған бірінші басшылар үшін қабылданады.

Комиссияның шешiмi бойынша бiрiншi басшының осы ұйымдағы қызмет мерзiмi үш жылға ұзартылады. Комиссия ротациялау туралы шешім қабылдайды немесе бірінші басшы еңбек шарты бойынша жұмысын жалғастырады.

Жеті және одан да көп жыл қызметте болған бірінші басшылар ротациялауға жатады.

Сарға елді мекеніндегі білім беру ұйымдарының басшыларының мерзімі жетпегендіктен ротациялауға жатпайды.

Аудан көлемінде қазіргі таңда 3 бөбекжайдың, 1 мектеп директоры ротацияланды.

25.       

Белгісіз себептермен қайтыс болған адамды арнайы тексеру жүргізетін (суд.мед.эксперт) маманмен қамтамасыз ету 

(Жубаев Сағынғали)

 

Г.Қалмұратова

Б.Әбілов

А.Жұмыров

Д.Кесікбаева

(келісім бойынша)

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бейнеу ауданы орталықтан 500 км қашықтықта орналасуына, халық санының  күннен күнге өсуін және сот сараптамасын жүргізуді қажет ететін жағдайлардың тіркеуінің  жоғарлығын ескере отырып  ҚР Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығының Маңғыстау облысы бойынша сот сараптамалар институтының филиалына  2022 жылдың 05 сәуір айында  №04-16-297 сұраныс  хаты жолданды.

26.       

Сарға ауылының үстімен басқа өңірлерден өтетін поездарды 3-5 минутқа аялдау мәселесі бойынша «Қазақстан Темір Жолы» АҚ ұсыныс беру

(Жубаев Сағынғали)

 

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

А.Қалиев

Н.Ғұбашев

(келісім бойынша)

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Сарға елді-мекені үстімен Маңғыстау – Нұр-Сұлтан,  Маңғыстау – Ақтөбе және  Маңғыстау – Атырау поездары өтеді. 

Аталған 3 бағыттың ішінде, Маңғыстау-Атырау поезды Сарға елді-мекеніне аялдайды. Алдағы уақытта  Маңғыстау – Нұр-Сұлтан,  және Маңғыстау – Ақтөбе поездарын Сарға ауылына аялдау мәселесін қарастыру жөнінде «Қазақстан Темір Жолы» АҚ ұсыныс жолданатын болады.  

27.       

Бейнеу ауданы тұрғындарын «Тепке» ЖШС мұнай бұрғылау мекемесі толық іске қосылған жағдайда жұмысқа қабылдау

(Есентурлиев Оңайбай)

 

Г.Қалмұратова

Б.Әбілов А.Шопанов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 «Меридиан Петролиум» ЖШС және «Тепке» ЖШС өкілдерімен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде мұнай өндіру жұмыстарын басталған уақытта Бейнеу ауданынан және Төлеп ауылы тұрғындарының арасынан мұнай-газ саласы бойынша мамандарды жұмысқа қабылдайтынын хабарлады. Қазіргі уақытта арнайы меморандум жасақталып,  3 ауыл тұрғыны жұмысқа орналасты.

28.       

Бейнеу ауданы, Төлеп ауылындағы Жаманайрақты жерінен тұз өндіру мекемесін ашу мүмкіндігін қарастыру

(Есентурлиев Оңайбай)

 

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

Ж.Тоқбаева

Е.Дүзмағамбетов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерден несие алған жағдайда 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысы) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, кепілдік беру мемлекеттік қолдаулар қарастырылған.

29.       

Бейнеу ауданы, Төлеп ауылына жеңілдетілген бағамен жем шөп жеткізуді ары қарай жалғастыру  Есентурлиев Оңайбай)

 

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

Қ.Ташимов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Ағымдағы жылы операторлармен,                 кг 50 теңгеден (қап 1000 теңге) мал азығы (кебек)  арзандатылып,                     661,4 тонна (32 318 қап) жем және әр түк салмағына қарай 1 кг 20 теңгеге (тюк 760 теңге, рулон 10 000теңге) жеңілдетілген бағамен 900 тонна шөп сатылды.

Тиісті жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.

30.       

Бейнеу ауданы, Төлеп ауылынан құс фабрикасын ашу үшін инвестор тарту

(Есентурлиев Оңайбай)

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

Қ.Ташимов

Ж.Тоқбаева

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерден несие алған жағдайда 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысы) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, кепілдік беру мемлекеттік қолдаулар қарастырылған. Құс фабрикасын ашуға ниетті кәсіпкерлер қарастырылуда, табылған жағдайда мемлекеттік қолдау шараларымен толық қамтамасыз етілетін болады.

31.       

Бейнеу астық терминалын іске қосу үшін инвестор тарту жұмыстарын жүргізу

(Есентурлиев Оңайбай)

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

Қ.Ташимов

В.Мұстапаева

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қазіргі таңда кәсіпорынның кепіл мүлкін (астықты қайта өңдеу және сақтау жөніндегі мүліктік кешен) «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ беру есебінен 3,5 млрд.теңге берешегі, сондай-ақ жалпы сомасы шамамен 127,2 млн.теңгеге салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек өтелді.

2022 жылдың қаңтар айында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Банкі Терминалдың қызметін уәкілетті органының шешімімен Еншілес компанияға «КУСА Халық» ЖШС берді.

 Еншілес компания өз кезегінде банктың ресми сайты арқылы (www.halykzalog.kz) Бейнеу астық терминалын 4,0 млрд. 22,9 млн.теңгеге сатуға бағалаған.

Банк қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, аталған терминалды 100% сатып алу арқылы немесе Банктің шарттарын орындай отырып (жалға алу) бірлесіп қызмет атқару арқылы қайта жандандыруға болады, десекте оған қызығушылық танытқан инвесторлар жоқ.

Ауыл шаруашылығы басқармасы өз тарапынан мәселені жан-жақты шешуге шаралар қабылдады, алайда,  дәлелді объективті жағдайларға орай, тапсырманы орындау мүмкін еместігін жеткізеді. 

Осыған байланысты, жоғарыда аталған мәселелерге байланысты,  ағымдағы жылы                 ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Президент әкімшілігіне жолданған хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 бекітілген Жарлығының  57 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, туындаған объективті жағдайларға орай, Бейнеу астық терминалының қызметін қайта бастау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бақылаудан алынды. 

32.       

Маңғыстау облыстық басқармалар (білім, денсаулық, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік) түйіткілді мәселелерді шешу үшін ауылдарға   іс-сапарларға жиі жіберу

(Есентурлиев Оңайбай)

 

Н.Тәжібаев

Г.Қызылғұлова

А.Жұмыров

Қ.Ташимов

Ж.Тоқбаева

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Білім басқармасы

Тоқсан сайын түйіткілді мәселелерді шешу үшін ауылдарға   іс-сапарларға қызметкерлер шығып жүр және шығу жоспарлануда.

Денсаулық сақтау Аудандар мен ауылдарға түйіткілі мәселелерді шешу үшін қажетті мамандар, басқарманың штаттан тыс мамандары,  іс-сапарларға  жіберіліп жатыр:

Жәнібек Қарақозыұлы

«Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК гинеколог дәрігері-20.06-01.07.2022 ж. уақыт аралығында «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-на жүкті және босанғанға дейінгі, босанғаннан кейінгі әйелдерге көмек көрсету мақсатында жолданды. 20.06.2022 жылы  «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» Облыс көлемінде орын алған 2022 жылдың 5 айлық қорытындысымен сәби өлімін талдау хаттамасы негізінде сәби өлімі жоғары көрсеткіш көрсеткен медицина ұйымдарын зерделеу үшін 3 маман жіберілді. 21.06.2022 жылы «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-на Облыс көлемінде орын алған 2022 жылдың 5 айлық қорытындысымен сәби өлімін  талдау хаттамасы негізінде сәби өлімі жоғары көрсеткіш көрсеткен медицина ұйымдарын зерделеу үшін3 маман жолданды.

«Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК-ның директор м.а Досжанов Амантай Есенгалиевич

2022ж 10–11 ақпан аралығында Маңғыстау, Бейнеу, Боранқұл аудандарына,  2022 жыл 24–25 наурыз айында Жетібай, Құрық ауылына, 2022 жылғы 8 сәуірінде Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылына, 2022 жылғы 26– 2 наурыз  айларында  Жаңаөзен жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына, 2022 жылғы 30.03 –1 сәуір Жаңаөзен қаласына

тұрғындарымен және жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесу, мәселелерді талқылау мақсатында жолданды.

Ауыл шаруашылығы

Ағымдағы жылы маусым-мамыр айларында Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасымен бірлесіп Мұнайлы, Қарақия ауданында және Жаңаөзен қаласында қаржы институттары арқылы қолжетімді қаржыландыру тетіктері және ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялар туралы халыққа (жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына) түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі Маңғыстау, Түпқараған және Бейнеу аудандарында жалғастыру жоспарлануда.

Кәсіпкерлік және сауда

Облыс әкімінің орынбасары Б. Орынбасаровпен кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүрмелі кеңес тобының 2022 жылға жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес Кәсіпкерлік және сауда, Ауыл шаруашылығы, Жер қатынастар басқармаларының және өңірлік «АНК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ қызметкерлерімен Мұнайлы, Қарақия аудандарында және Жаңаөзен қаласында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта Маңғыстау, Түпқараған және Бейнеу аудандарында жүрмелі кеңес өткізу жоспарда бар.

33.       

Ауылдарға балалардың тісін емдетуге  жүрмелі тіс емдейтін бөлмесін ашып, дәрігерлерді            іс-сапарға жіберуін ұйымдастыру (Ұзақова Гулнур)

 

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

Қала және аудан әкімдері

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Облыс бойынша 5  жылжымалы медициналық кешен ауылдық жерлерде қызмет етеді. Соның ішінде стоматологиялық  кабинет бар, ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысы бойынша: Мұнайлы ауданы- 9871 , Маңғыстау ауданы-3916, Қарақия ауданы-1255, Түпқараған-925 және Бейнеу ауданы-     стомотологиялық қызмет көрсетілді.

34.       

«Әділ сүт зауыты» ЖШС Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 0,1% несие алуға қолданыстағы заң шеңберінде қолдау көрсету

 

Б.Орынбасаров

Ж.Тоқбаева

Б.Беисов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Ағымдағы жылғы 16 маусымда   «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия отырысындағы» дауыс беру хаттамасына сәйкес «Әділ сүт зауыты» ЖШС-не займ беру шешілді.

35.       

Аудандарда жеке гемодиализ орталықтарын ашу

Г.Қалмұратова

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

А.Жұмыров

Ж.Тоқбаева

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бейнеу орталық аудандық ауруханасында гемодиализ бөлімшесі жұмыс жасап тұр, бөлімшеде 4 аппарат құрылғысы бар. Жеке гемодиализ орталығын ашу бойынша Батыс Қазақстан облысы  бойынша «Нефрос Азия» ЖШС және Биос ЖШС орталығын ұсыныс берілді.

Кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерден несие алған жағдайда 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысы) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, кепілдік беру мемлекеттік қолдаулар қарастырылған.

36.       

Бейнеу аудандық орталық ауруханасын компьютерлермен жабдықтау

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

Б.Әбілов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Жыл басынан бастап  Бейнеу аудандық орталық ауруханасына 40 компьютер алынды, жыл аяғына дейін тағы қосымша компьютер  алу жоспарланды.

37.       

 «Шағырлы-Шөмішті» кенорнында жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақысын көбейту

(Өсерова Баян)

 

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 «Шағырлы-Шөмішті» кенорнында татуластыру комиссиясының құрылуы негізінде жұмысшыларының жалақы мөлшері                            а.ж. 1 қаңтар жағдайында 25 пайызға көтерілді. Қосымша әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды (Оздоровительное пособие).

38.       

Бейнеу ауданның жедел-жәрдем пунктін аудандық аурухана жанынан ашу

(Қожақов Шаншарбай)

 

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

Б.Әбілов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

"Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК Бейнеу қосалқы станциясында 3-дәрігер, орташа медперсонал- 47, оның ішінде 4 диспетчер, 4 май құю кабинетінің фельдшері,

((4 дейін) орта медициналық қазметкерлер жалпы саны-51,

санитарлар-4, жүргізушілер-24,

механик-1.

Санитарлық машиналар саны-9.

Қосалқы станция бойынша барлық қажетті заттар қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда Бейнеу ауданында  жедел-жәрдем бойынша мәселе жоқ.   

39.       

Өндіріс орындарын вахталық әдіске көшіру

(Кенжебаев Мұрат)

 

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Аудан көлемінде орналасқан кен орындардың барлығы вахталық режиммен жұмыс жасайды.

Анықтама үшін:

Аудан тұрғыны М.Кенжебаев облыс көлеміндегі Жетібаймұнайгаз, Өзенмұнайгаз мекемелерін вахталық режимге ауыстыру жөнінде ұсынысы аудан көлемінде шешілмейді.

40.       

Боранқұл газ өңдеу зауытын іске қосу

(Кенжебаев Мұрат)

Б.Орынбасаров

Б.Әбілов

В.Мұстапаева

Б.Қартбаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 «Толқын» және «Боранқұл» кен орындары ҚР Инфвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы бұйрығымен бекітілген Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасына енгізілген аталған  кен орындары бойынша  «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ сенімгерлік басқару бойынша қызметті жүзеге асыруда.

Бүгінгі күнге «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ ақпаратына сәйкес Қазақстан Республикасы мен  «Ascom Group S.A.» (Толкын және  Боранқұл кен орындырының бұрынғы жер койнауын пайдаланушысы)  арасындағы жүріп жатырған халықаралық соттың толыққанды аяқталмауына байланысты, «Боранқұл газ өңдеу зауытына» технологиялық өзгеріс енгізе алмайтындығын айтады. (хаты 06.06.2022 жылғы № 01-18/738)

41.       

Темір жол саласына қатысты жұмысшылардың жалақысын бірдей тарифке (сетка) енгізу 

(Айдынбайұлы Бауыржан)

 

Б.Орынбасаров

А.Қалиев

Б.Әбілов

Н.Ғұбашев

(келісім бойынша)

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау облысында КСРО жұмыс істеген кезеңде еңбекақы төлеу жүйесінде екі коэффициент көзделген болатын, олардың есебінен қазіргі кезде де жалақы деңгейінде айырмашылық байқалады. Барлық өңірлер бойынша қолданыстағы тарифтік кестелерге талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша оларды қайта қарау бойынша ұсыныстар әзірленді, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайлар ғана емес, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын бірқатар басқа да маңызды көрсеткіштер негізге алынған жаңа коэффициенттерді есептеу моделі әзірленді.  Бейнеу станциясындағы теміржол ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді Маңғыстау станциясындағы теміржол ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу деңгейінде қайта қарау туралы шешім "ҚТЖ "ҰК"АҚ қаржы-экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Комиссия мәселені қарағаннан кейін қабылданатын болады.

Уәкілетті органдармен бірлескен Комиссия жақын арада өз жұмысын бастайды және оның нәтижелері барлық қатысы бар бөлімшелерге қосымша жеткізілетін болады.

42.       

Коммуналдық  төлемдерді              қабылдайтын «делдал»           мекемелерді алып тастау.

(Ақан Дауыстыұлы)

 

Б.Орынбасаров

Б.Қартбаев

Б.Әбілов

Ж.Салимов

(келісім бойынша)

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №588 Заңына сәйкес соңғы тұтынушыға дейін электр энергиясы тарифі 3 тізбектен қалыптасады: бірінші – энергия өндіруші ұйым, екінші – энергия беруші ұйымдар, үшінші – энергиямен жабдықтаушы ұйым.

          Энергия жабдцықтаушы ұйымдардың қызеті ҚР заң жүйесі негізінде қарастырылған. Осыған байланысты, әкімдік тарапынан уәкілетті орталық органдарға энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды алып тастау бойынша ұсыныстар енгізілді.

43.       

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй туралы» заңына сәйкес тұрғын үй жәрдемақысының берілуі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу

(Ақан Дауыстыұлы)

Б.Орынбасаров

Б.Қартбаев

Барлық қала және аудан әкімдері

Ә.Шопанов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 «Тұрғын үй көмегі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі қазіргі уақытта толық жұмыс жасап тұр. 2021 жылы өтініш түскен жоқ, биылғы жылы 5 өтініш қабылданды. Мемлекеттік қызмет жөніндегі әлеуметтік желілер арқылы (Фейзбук, инстаграмм) 3 рет хабарландыру берілді. Бөлім басшысымен 2 рет тіркелей эфир барысында халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта арнайы видеоролик дайындалуда.

Аудан әкімдігінің ресми әлеуметтік парақшаларына «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметін көрсететіндігі жөнінде ақпарламалар жарияланды.

44.       

Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында Шекара қызметкерлерін Тәжен ауылына көшіру мәселесін пысықтау

(Ақан Дауыстыұлы)

 

Б.Орынбасаров

А.Каюпов

(келісім бойынша)

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бейнеу ауданы бойынша Шекара департаменті ұзындығы 500 шақырымнан астам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және күзету жөніндегі міндеттерді атқарады. Бейнеу ауданы бойынша шекара бөліміне 15 құрылымдық бөлімше кіреді («Тәжен» бақылау-өткізу пунктін қоса алғанда).

Барлық қолданыстағы бөлімшелерді сапалы басқару мақсатында 2007 жылы Бейнеу кентінде барлық инфрақұрылымы және қажетті коммуникациялары бар (әкімшілік ғимарат, қоймалар, казармалар, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына арналған үйлер, су құбыры және т.б.) әскери бөлім салынды. «Тәжен» өткізу пункті Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізуге арналған. Бұл бекет шекара қызметі бөлімін орналастыруға арналмаған, өйткені ол Қазақстан Республикасы шекара қызметінің бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Бейнеу өңіріндегі шекаралық бақылауды Тәжен өткізу бекетіне ауыстыру мүмкін емес және орынсыз, өйткені құрылымдық бөлімшелердің бақылауы жоғалады.

45.       

Барлық ауылдарда жол бойындағы мал өлекселерін жою

Барлық қала, аудан және ауыл әкімдері

Т.Нұртазин

(келісім бойынша)

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Жұмыстар тұрақты түрде жүргізілп отыр.

Бейнеу ауданына қарасты 10 ауыл, ауылдық округте мал өлекселерін көметін               10 биошұңқыр бар.

Қарақия ауданы

 

46.       

 Жұмыс көзін қосымша ашу мақсатында өндірістік мекемелердегі жұмыс уақытын вахталық әдіске ауыстыру мүмкіндігін қарау

(Айтымбетов Роман)

 

Б.Орынбасаров

Ә.Іңкәров

Ә.Шопанов

В.Мұстапаева

 

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қарақия ауданы қарасты жер қойнауын игеруші өндірістік мекемелерімен келіссөздер жүргізілуде. Алайда ұжымдық шарттың бекітілуіне байланысты вахталық әдіске ауыстыру мүмкіндігі болмай тұр.

47.       

«МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-на және оған қызмет көрсететін мекемелерге Мұнайшы ауыл жастарын тұрақты жұмысқа орналастыру

(Джарылгасов Ықылас, Үсен Жеміс, Қазбеков Тимур, Алагозов Жұмажан, Қосбаева Зәуре, Хайырхан Асу, Жарылғасов Жарас, Санабаева Тазагүл, Қайшыбаев Қанат)

 

Б.Орынбасаров

Қ.Беков

Ә.Шопанов

Д.Хасанов

(келісім бойынша)

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Ауданның жұмыссыз азаматтары өндіріс мекемелерінен берілген сұраныстарына сәйкес, жолдама негізінде сұхбаттасу арқылы  144 бос жұмыс орындарына 173 адам ұсынылып, 75 адам орналастырылды, 39 адамды орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

48.       

«МаңғыстауМұнайГаз» АҚ мекемесіне жұмысқа орналасуға қойылған шектеулерді (мораторий) алып тастау (Хайырхан Асу)

Б.Орынбасаров

Қ.Беков

Ә.Шопанов

Д.Хасанов

(келісім бойынша)

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

«МаңғыстауМұнайГаз» АҚ мекемесіне жұмысқа орналасуға қойылған шектеулер алынып, бос жұмыс орындарын ұсынуда.

49.       

Электр желісін таратушы «МРЭК» АҚ-ы және «Тұрмыс-Сервис» МКК арасындағы делдал мекемелерді тоқтату мәселесі

(Ізтілеуов Азат)

 

Б.Орынбасаров

Қ.Беков

Б.Қартбаев

Ж.Салимов

(келісім бойынша)

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

«Электр энергетикасы туралы» ҚР 2004 жылғы 9 шілдедегі №588 заңына өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.

50.       

Жеке кәсіпкер «Есімхан» газ құю бекетінің иесі өзіне бөлінген газдың лимитін көбейтуді сұрайды  (Нұржанова Роза)

 

Б.Орынбасаров

Қ.Беков

Б.Қартбаев

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қарақия ауданы бойынша «ҚазГӨЗ» ЖШС-нан ай сайын 604 тонна сұйтылған мұнай газы бөлінеді. Қосымша «АМӨЗ» ЖШС-нан кәсіпкердің берілген сұранысы бойынша сұйтылған мұнай газы бөлінеді.

 Ауданда барлығы 26 АГҚС-ы жұмыс жасайды, әр қайсысына «ҚазГӨЗ» ЖШС-нан 604 тонна сұйытылған мұнайгазы 23 тоннадан бөлінеді.

Мұнайшы ауылында 6 АГҚС орналасқан. Олар «Танагаз», «ПетроРетайл», «АКТС», «ЖК Тоқбанов», «ЖК Мантаков», «ЖК Есімхан»

Ай сайын бөлініп тұрған газ көлемі әр қайсысына 23 тоннадан барлығы бір айға ауылға 138 тонна газ келіп тұр. Бүгінгі күнге дейін газ тапшылығы, автокөлік кезегі, тұрғындар тарапынан газ жетіспеушілігі жөнінде сұрақтар тіркелген жоқ. Жеке кәсіпкерге «Есімхан» «АМӨЗ» ЖШС-нан қосымша сұйтылған мұнай газын алып сатуға болатыны түсіндіріліді, алайда кәсіпкер тарапынан бас тартылды.

51.       

Жетібай ауылының тұрғындары мұнай-газ мекемелеріне жұмысқа орналастыруды сұрайды

(Қамысбаева Балсара, Таласбаев Нұрлан, Сақтағанова Құралай, Қалдыбаева Нүрбөпе, Бермағанбетов Бекзат, Смадинова Гүлнар)

 

Б.Орынбасаров Қ.Беков

Ә.Шопанов

Д.Хасанов

(келісім бойынша)

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Ауданның жұмыссыз азаматтары өндіріс мекемелерінен берілген сұраныстарына сәйкес, жолдама негізінде сұхбаттасу арқылы  144 бос жұмыс орындарына 173 адам ұсынылып, 75 адам орналастырылды, 39 адамды орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

52.       

Жетібай ауылындағы медицина саласындағы қызметтердің төмендігіне шағымданды

(Бейбітова Фарида)

 

Г.Қалмұратова

Қ.Беков

А.Жұмыров

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Жетібай ауылынан  шағымдаған пациенттер бойынша Бейбітова Фарида облыс әкіміне емханада стоматолог дәрігер жоқтығына шағымданған болатын. Қазіргі таңда  бала босанудан кейінгі демалыстағы дәрігердің орнына стоматолог маман жұмысқа қабылданды.

53.       

Алдағы уақытта су тапшылығын болдырмау мақсатында Жетібай ауылынан 25-30 шақырымда орналасқан «Құйылыс» кен орнындағы су скважиналарын пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру

 

Б.Орынбасаров

Б.Қартбаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Жетібай ауылына  «Құйылыс» кен орнындағы су скважиналарын пайдалану тиімсіз деп санаймыз. Себебі қазіргі таңда, Су тұщыту зауытын тәулігіне 40 мың метр3 өсіру және қосымша ол зауытты әрі қарай  тәулігіне 60 мың метр3 ұлғайту жоспарланған. Аталған зауыттың ауыз суын, жобасы дайын  «Ақтау – Құрық-Жетібай-Шетпе су құбырының құрылысы» жобасының құрылысы арқылы Жетібай ауылына қажетті ауыз суды 2023-2024 жылдары аралығында беру жоспарлануда.

54.       

Құрық ауылының тұрғындарын жұмыспен қамту, «Порт Құрық» мекемесіне жұмысқа орналастыру

(Асылбек Мақсат, Мырзашев Ақберген, Алданов Серік, Утепова Ажар, Жубаназаров Қайырғали)

 

Б.Орынбасаров

Қ.Беков

Ә.Шопанов

С.Ахметов

(келісім бойынша)

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қарақия ауданы бойынша қазіргі таңда Құрық портына 16 адам «Жұмыс жасаймын» жобасы  бойынша орналастырылды. 

Асылбек Мақсат - 16.05.2022 жылы  «OCK» ЖШС мекемесіне қарасты «Demeu IKO» мекемесіне «ағаш ұстасы» болып орналасты. 17.06.2022 жылы Жубаназаров Қайырғали «АқтауМашинстройтель»  мекемесіне  «жүргізуші» ретінде жолданды.

Мырзашев Ақберген - «Порт Құрық» мекемесіне  01.04.2022 жылы «матрос» ретінде тұрақты жұмысқа жолданды.

Алданов Серік - 04.04.2022 жылдан бастап Қарақия аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде  тіркеуде тұр.

55.       

Құрық ауылындағы «Ерсай Каспиан Контрактор» мекемесін ашу, жұмыс орындарын құру 

(Кенжебеков Самат)

Б.Орынбасаров

Қ.Беков

В.Мұстапаева

Ә.Шопанов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС 2020 жылдың басынан бастап жұмыс көлемінің болмауына байланысты кәсіпорын  консервацияды. Базада 25-ке жуық адам, олар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кезекші команда  қызмет етуде.

2019 жылы ірі жер қойнауын пайдаланушы «Теңізшевройл» ЖШС-мен 2016-2019 жылдарға 57 291 тонна металл құрылымдарын дайындау бойынша ұзақ мерзімді келісімшарттар аяқталды.

56.       

Құрық ауылындағы «Safbon» су тұщыту зауытының құрылысының тоқтау себебін сұрайды

(Имағанбетов Асқар)

 

Б.Орынбасаров

Қ.Беков

Б.Қартбаев

В.Мұстапаева

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Safbon Water Service компаниясының 05.05.2022 жылғы №15-06-02 санды шығыс хатына сәйкес бүгінгі күні жобалық сметалық-құжаттамалар рәсімдеуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айында бастайтындығы туралы хабарлады.

57.       

Құрық ауылындағы «МРЭК» мекемесінің қасынан майнингпен айналысатын мекеме ашылуда. Аталған мекеменің ауыл тұрғындарына экологиялық зияны туралы және мекеме ауданға түсім түсіріп, ауыл жастарын жұмыспен қамту 

(Имағанбетов Асқар)

Б.Орынбасаров

Б.Қартбаев

Ә.Шопанов

С.Манзоров

Р.Тукенов

(келісім бойынша)

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қарақия ауданы әкімдігі тарапынан Аталған мекемеге ауыл жастарын жұмыспен қамту   бойынша хат жолданды. Жұмыс жүргізілуде.

Майнингпен айналасатын мекеменің атқару жұмыстарында экологиялық зиян келтіретін шығарынды, төгінді көздері болмауына байланысты, Департамент  тарапынан экологиялық рұқсат берілмейді.

58.       

«Ақтау-Құрық» бағытына қоғамдық көлік тасымалын ұйымдастыру (Асанов Жазықбай)

 

Б.Орынбасаров

А.Қалиев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тарапынан «Ақтау-Құрық» бағыты бойынша 2021 жылы – 4 рет, 2022 жылы – 2 рет конкурс өткізілді. Алайда конкурсқа қатысатын әлеуетті тасымалдаушылардың болмауына байланысты конкурстар өтпеген болып танылған.

59.       

Құрық ауданы, стансы Ералы елді мекеніне спорт зал және өнер мектебін салу, үйірмелер ашу  (Тілепов Ізбасар)

 

Г.Қалмұратова

Қ.Жұмабаев

Қ.Беков

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

2025 жылға дейін демеушілік есебінен салу көздері қарастырылатын болады.

60.       

Қарақия ауданы Құрық ауылы, әкесі «Қаламқас» кен орнында жұмыс жасаған. 2015 жылы қайтыс болған. Әкесінің орнына жұмысқа орналастыруды сұрайды

(Ушканбаев Танжарык)

 

Б.Орынбасаров

Ә.Іңкәров

Ә.Шопанов

Д.Хасанов

(келісім бойынша)

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Т.Ушканбаевқа ҚР 2016 жылғы, 6 сәуірдегі      №482-V «Халықты жұмыспен қамту» туралы заңының 3 тарау, 13 бабының, 1 тармағына сәйкес тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелу қажет екені түсіндірілді. Сонымен бірге, Т.Ушканбаевқа жұмыс жасаймын жобасы арқылы немесе уақытша қоғамдық жұмыстар ұсынылды. Т.Ушканбаев ұсынылған жұмыстардан бас тартты. Себебі,    «ММГ» АҚ-да Т.Ушканбаев жұмыс іздеуші мамандардың дерекқорына алынған.

61.       

Қарақия кәсіптік колледжінде күзет қызметін атқарады. 2022 жылдан бастап мекеменің күзет қызметі бәсекелік ортаға берілді. Осыған орай ұтып алған мекеме күзетшілердің жалақысын төмендеткен. Аталған мәселені шешіп беруді сұрайды.

(Утебаев Қайрат)

 

Б.Орынбасаров

Ә.Іңкәров

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 17-бабы 1) тармақшасына сәйкес, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Осыған орай, еңбек қатынастарыңыздағы құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жазбаша жолданыммен жүгінуге құқылы.

62.       

Жастардың қоғамдық-саяси лагерін ұйымдастыру

(Оразбекұлы Әлібек)

 

Г.Қалмұратова

Н.Сали

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығы өңірде жастардың қоғамдық-саяси лагерін ұйымдастыру бойынша және жүзеге асыру мақсатында қаражат сұратқан болатын. Алдағы аудандық мәслихат сессиясында қаржы сұрау және нақтылануы жоспарланған.

63.       

Ақтау қаласынан спортшыларға арналған спорт интернатын ашу

(Есентемірұлы Елдос)

 

Г.Қалмұратова

Қ.Жұмабаев

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Ақтау қаласынан 2025 жылға дейін спортта дарында балаларға арналған мектеп интернат колледжі ғимаратын салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда аталған құрылыстың ЖСҚ жасақтау үшін ұсыныс берілуде. Салынатын  мектеп интернат колледжінде 300 ге жуық спортшыны қамту жоспарлануда.

64.       

Облыс көлемінде барлық білім нысандарына тарихтан үзінді беретін картиналар орналастыру

(Бекежан Мерей)

 

Г.Қалмұратова

Г.Қызылғұлова

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Жаңа 2022-2023 оқу  жылына  білім нысандарына тарихтан үзінді беретін картиналар орналастыру білім бөлімдеріне тапсырма жолданды. 

65.       

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы «Аксон Мед» оңалту орталығына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың келуін ұйымдастыру

 

Г.Қалмұратова

Ә.Шопанов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Мүгедектігі бар адамдарға оңалту шараларын көрсететін мемлекеттік секторда Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Оңалту орталығы» КММ жұмыс жасайды. Орталық Ақтау қаласы Шығыс-1 шағын ауданында орналасқан. Мүгедектігі бар адамдар аталған орталыққа Оңалтудың жеке бағдарламасында «Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы» қызметі болуы тиіс.

Бүгінгі күні «Аксон Мед» оңалту орталығы» ЖШС «Әлеуметтік қызметтер» порталында «Санаторлық емдеу қызметі» бойныша ұйымдардың реестіріне енгізілген. Осыған орай, «Санаторлық-курорттық емдеу» қызметі бар мүгедектігі бар адамдар бара алады.

2022 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ересек мүгедектігі бар адамдарға оңалту шараларын көрсетуге қаражат қарастырылмаған.

66.       

Спорттық жарыстардан кейін спортшылардың сауықтыру кезеңін «Аксон Мед» оңалту орталығында өткізу мүмкіндіктерін қарастыру

Г.Қалмұратова

Қ.Жұмабаев

 

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қазіргі таңда Маңғыстау облысында спортшыларға арналған Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде медициналық диспансер қызмет көрсетуде. Сонымен қатар аталған ұсыныс бойынша «Аксон Мед» оңалту орталығы ақылы қызмет көрсететіндіктен, 2023 жылдың бюджетті бекіту кезінде ұсыныс берілетін болады. Маслихат шешімімен ұсыныс расталған жағдайда, келісім шарт жасақталып жұмыс жасауға болады.

 

Маңғыстау ауданы

 

67.       

Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылына «Қазақтелеком» интернет байланысын қосуын сұрайды

(Тілекбайұлы Еркүлік)

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

А.Хадиев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау ауданының Ақшымырау ауылына талшықты оптикалық интернет желісі тартылды. Қазіргі таңда, ауыл аумағында орналасқан тұрғын үйлерге интернет желісін қосу бойынша «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау облыстық филиалымен келіссөздер жүргізілуде. Одан бөлек, жеке кәсіпкерлерді инвестор ретінде тарту жұмысты жүргізілуде.

68.       

Мәстек – Қызан аралық жолының құрылысын бітіруін сұрайды  

(Тілекбайұлы Еркүлік)

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

А.Қалиев

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Аудандық маңыздағы Шетпе – Қызан жолының Мәстек – Қызан учаскесі 25 км құрайды. Былтырғы жылы республикалық бюджеттен аталған автожолды реконструкциялауға 375 млн теңге бөлініп, жұмыстар басталған болатын. Биылғы жылы республикалық бюджеттен қосымша 1 млрд теңге бөлініп, 8 км бойынша жұмыстар жалғасуда. Жоба құны 3 776,7 млн теңге. Қажет қаражат толық бөлінген жағдайда жұмыстарды толық аяқтау жоспарда бар.

69.       

Ветеринар мамандарының әлеуетін арттыру үшін ұсыныстар енгізу (жалақысын көтеру, қызметтік көлікпен қамтамасыз ету) 

(Шалабаев Орал)

 

А.Құттұмұрат-ұлы

М.Альбекова

Қ.Тәшімов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

1. Ветеринариялық станса мамандарының жалақысы 2022 жылдың басынан бастап                 23 % көтерілді, сондай ақ, маусым айында БЛА ға (БДО) 140% қосымша ақы төлеу басталды.

2. Ветеринар мамандарды қызметтік көлікпен қамтамасыз ету  (көліктерді  жаңалау) Республикалық және жергілікті бюджет есебінен 2023 жылы жоспарлануда.

70.       

Шайыр – Жыңғылды аралық тас жолы құрылысын тез арада аяқтауын сұрайды

(Сарбаев Тұрар)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

А.Қалиев

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 «Жыңғылды – Шайыр – Шерқала мекені» автомобиль жолының реконструкциясының жалпы құны – 2 млрд. 707 млн. 264,2 мың теңге.   Жол ұзындығы – 29 км. 2021 жылға дейін республикалық бюджеттен жобаны іске асыру үшін 2 млрд. 36 млн. 537,7 мың теңге бөлініп, Шайыр – Шерқала мекені аралығындағы 10 км автомобиль жолы жөндеуден өтті және Жыңғылды – Шайыр аралығындағы автомобиль жолының негізін дайындау жұмыстары жүргізілді.

2021 жылы ұлттық қордың есебінен 200 млн. 760 мың теңге бөлініп, Жыңғылды – Шайыр аралығындағы автомобиль жолының 3 км асфальт жабындысы төселді. Биылғы жылы да осы жобаға еліміздің ұлттық қорынан                                  171 млн. 822 мың теңге бөлініп, жобаны одан әрі жалғыстыруға қолдау көрсетіліп, мердігер мекеме тарапынан жұмыстар жүргізілуде.

Жобаны толығымен аяқтауға жергілікті бюджеттен 298 млн. 144,5 мың теңге қажет.

71.       

Шерқала – Шайыр тас жолы бойында орналасқан, Ақмыш маңында орналасқан көпір құрылысы дұрыс салынбаған, қарсы келе жатырған екі көлік бірге өте алмайды, көпірді          2 метрге кеңейтуін сұрайды

(Арықбаев Дәлубай, Жайлаубаев Мақат)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

А.Қалиев

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

«Жыңғылды – Шайыр – Шерқала мекені» автомобиль жолының реконструкциясы жобасы аясында аталған ұсыныс бойынша мердігер мекеме тарапынан кеңейту жұмыстары жүргізілетін болады.

72.       

Көп жылдан бері  Шайыр ауылына жасыл төсенішті футбол алаңын сұрап келеміз, осы жылы мемлекеттік сатып алу жұмысы басталды. Қаржысы толық қаралып осы жылы пайдалануға берілуін сұрайды

(Сүбіханов Әзімбек)

 

А.Құттұмұрат-ұлы

Т.Көшмағанбетов

М.Альбекова

Қ.Жұмабаев

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Ағымдағы жылы конкурс жарияланып, «Соқырлар қоғамдастығы» Ақтау филиалы 9 млн. 500 мың теңге қаржыға жеңімпаз атанды. Маусым айынан бастап құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

73.       

Шайыр ауылында С.Мусабаев ағамыздың демеушілігімен спорт кешені салынған болатын, алайда тиісті құжаттары жасақталмаған, осы мәселені шешіп беруін сұрайды

(Сүбіханов Әзімбек)

 

Г.Қалмұратова

Т.Көшмағанбетов

Қ.Жұмабаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті жұмыстар жасалынып жатыр

74.       

Ақтөбе облысына малымызды көшіріп бағу үшін, сол облыстың басшылары арқылы маусымдық жайылымдық немесе шабындық жерлерді алып беруге ықпал етуін сұрайды

(Қорабаев Рафхат)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Қ.Тәшімов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Ағымдағы жылы облыс әкімдігімен Маңғыстау облысының шаруаларының малдарын көшіріп бағу мақсатында, өзге облыстардан жер бөлуге ықпал ету жөнінде № 06-11-1693 хат жолданған.

Нәтижесінде,  маусымдық жайылымдық жерлерді алу үшін қолданыстағы заңнама шеңберінде конкурсқа қатысу арқылы алуға мүмкіндіктері бар екендігі анықталды.

Ал жайылымдық жерлерді шабу үшін Батыс Қазақстан облысынан 30,0 мың.гектар арнайы шабындыққа жер бөлінді.

Қазіргі таңда, Батыс Қазақстан облысына жайылымдық жерлерді  шабу үшін ниет білдіруші шаруа қожалықтар тізімі жасақталуда.

75.       

Мәстек – Қызан арасына жол салушы мекеме Тиген ауылы маңынан карьер ашқысы келеді, алайда ауыл тұрғындары оған қарсылық білдіреміз (Құсымбаев Айболат)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Е.Дүзмағамбетов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 «Маңғыстау ауданындағы «Шетпе-Қызан» (Мәстек-Қызан аралығы) автомобиль жолы учаскесін қайта қалпына келтіру үшін Маңғыстау ауданындағы  «Тиген» кен орнынан  құм-қиыршық тас қоспасын өндіруге рұқсат алу  үшін «Altynzhol Group»  ЖШС-мен  өтініш берген болатын. Өндіру жұмыстарын жүргізу үшін әзірленген жұмыс жобаларына келісім алу қажеттілігі туралы  хабарламасы жолданды.

Қазіргі таңда,  «Altynzhol Group»  ЖШС-не жер қойнауын пайдалануға арналған құқығы берілмегендігі туралы Маңғыстау ауданы әкімдігіне 24.05.2022 жылы № 04-10-423 шығыс хатымен хабарланды.

76.       

Маңғыстау аудандық жастар орталығының жастарына дербес ғимараттың қажеттілігі туралы сұрайды

(Тұрашев Дастан)

Г.Қалмұратова

Т.Көшмағанбетов

Н.Сали

М.Альбекова

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бүгінде жастар ресурстық орталығы қызметкерлері мәдениет, спорт  және дене шынықтыру мекемесі ғимаратының бір бөлігінде орналасқан. 

Жағдайдың шешілу ретінде ауданның әкімдік жанында ғимаратқа көшіру болатын, алайда аталған ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары қажет екендігі айтылды. Аталған ғимараттың жөндеу жұмыстарына Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы қаражат бөлу мүмкіндіктері  қарастырылуда.

77.       

Оңтүстік Үстірт жерін ауылшаруашылығы мақсатында игеру үшін жол бағдар беру мақсатында шаралар алуын сұрайды

(Далжанов Тұщыбек)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Қ.Тәшімов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау ауданы әкімдігімен Оңтүстік Үстірт жерін Ауыл шаруашылығы мақсатында игеру үшін, жол бағдар беруге  белгілер қойылды. 

Қазіргі таңда жол тегістеу үшін арнайы техникасы бар өндірістік кәсіпорындармен келіссөздер жүргізілуде.

78.       

Сайөтес ауылында ветеринар маманды тұрақтандыру мақсатында көлікпен және тұрғын үймен қамтуды сұрайды

(Далжанов Тұщыбек)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

М.Альбекова

Қ.Тәшімов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

1.Ветеринар мамандарды қызметтік көлікпен қамтамасыз ету  (көліктерді  жаңалау,) Республикалық және жергілікті бюджет есебінен 2023 жылы жоспарлануда.

2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринар мамандарын қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету мәселесі қала және аудан әкімдіктерімен бірлесіп пысықталуда.

79.       

Қорық жерінен шөп шабуға рұқсат берілуін сұрайды

(Далжанов Тұщыбек)

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Ғ.Досатов

(келісім бойынша)

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау ауданы әкімдігіне биылғы шөп шабу маусымында 14 өтініш тіркелді. Оның 5 өтініші «Манашы» және «Тасорпа» қаумалдарынан сұраған. Атап айтқанда Т.Далжанов, Е.Жасаков, Н.Мустафин, Н.Нұрбеков және Т.Шынжырбаев.

Барлық өтініш білдірушілерге «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-мен рұқсат берілмеді. Өткен жылы облыс аумағында ауа-райының қолайсыздығынан шөп шабу жұмыстарын аталған қаумалдар аумағынан жүргізілген болатын. Қазіргі таңда облыстық жер қатынастары басқармасына ерекше қорғалатын аумақ жерінен шөп шабу мүмкіншілігіне заңнама талаптарына сәйкес түсінік беру туралы ұсыныс білдірілді.

Шабындық жүргізуге ұсыныс берген шаруа қожалықтарының өтініші заң аясында қарастырылуда.

80.       

Сайөтес ауылына Ақбұлақ суын қосуын сұрайды

(Далжанов Тұщыбек)

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Б.Қартбаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Сайөтес ауылындағы Ақбұлақ бағдарламасы бойынша салынған су жинау және тұщыту қондырғысын Теміржолсу АҚ балансына беруге ұсыныс хат дайындалуда. Себебі ауыл тұрғындарын осы уақытқа дейін ауыз сумен белгіленген субсидия арқылы Теміржолсу АҚ тиімді бағада қамтамасыз етіп отыр.

81.       

Тепке кен орнынан Сайөтес ауылының 50 адамы жұмыспен қамтылуын сұрайды

(Тұрашев Мейрамбек)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Ә.Шопанов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қазіргі таңда Тепке кен орнының  бастапқы құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Күні бүгінге    4 бос жұмыс орнына сұраныс түсіп тұр, алдағы уақытта басқа да жұмыс орындарына сұраныс түскен кезде, Сайотес ауылынан да жұмыссыздар жұмыспен қамтылады.

82.       

Жыңғылды ауылы мектеп-интернатының кіші қызметкерлерінің жалақысын көтеруін сұрайды (Досыбаев Орынбасар)

А.Құттұмұрат-ұлы

Т.Көшмағанбетов

М.Альбекова

Г.Қызылғұлова

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

ҚР Үкіметінің № 1193 Қаулысына сәйкес, 2022 жылдан бастап кіші қызметкерлерге лауазымдық жалақысы 23 пайызға өсті, ал 2023 жылы - 45 пайызға, 2024 жылы – 75 пайызға, 2025 жылы – 100 пайызға өседі.

83.       

Шетпе – Жетібай аралық жолдың сапасын ұстап қалу мақсатында тиісті органдар қызметін жолға қойып, бақылауға алуын сұрайды

(Төребаев Сәкен)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

А.Қалиев

Б.Жандаев

(келісім бойынша)

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ағымдағы жылдың 19-шы сәуір күні облыс әкімі Н.А.Ноғаевтың төрағалымен облыс әкімдігінде өткізілген жиналыста «Шетпе-Жетібай-Ақтау» және «Шетпе -Таушық-Ақтау» бағыты  бойынша көліктік  бақылау бекетін қайта жасақтау тапсырмасына сәйкес басқарма 26.04.2022 ж. № 03-04-267 хатын Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Маңғыстау облысының Полиция департаментіне жолдады. Орындалысы бақылауда.

84.       

Ат спортын дамыту мақсатында Маңғыстау ауданының барлық ауылдарын қамту мақсатында жалданатын ат басының санын көбейту, әр ауылға бірдей етіп бөлу, мемлекеттік сатып алуды қайта ұйымдастыруды сұрайды

(Төребаев Сәкен)

 

Г.Қалмұратова

Т.Көшмағанбетов

Қ.Жұмабаев

 

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

2023 жылы ат басынының санын көбейту үшін кезекті маслихат сессиясына ұсыныс берілетін болады.

85.       

Маңғыстау ауданының ауылшаруашылығын дамыту мақсатында оңтүстік Үстіртке жол салып, ұялы байланыс орнатуын сұрайды (Төребаев Сәкен)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

А.Қалиев

А.Хадиев

 

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 

 

Маңғыстау ауданының аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 369,7 км құрайды. Қазіргі таңда аудан әкімдігі тарапынан меншікке алынбаған жолдардың құжаттарын рәсімдеуді ұйымдастыруда. Осыған байланысты жол салу мәселесі құжаттардың рәсімделуіне қарай, қарастырылатын болады.

Атырау-Ақтау республикалық тас жолы бойында орналасқан қауіпті аймақ болып саналатын Ман-ата құламасының басында діңгектік матчталық қондырғы орналастырылды. Аталған қондырғыға «Кар-Тел» (Билайн) мобильді байланыс операторы өз қаражаты есебінен ұялы байланыс қондырғысын орнатуға келісті.  Қазіргі таңда, «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы теңгеріміндегі  магистраль желілік каналынан Ман-ата құламасының басында орналасқан діңгектік матчталық қондырғыға талшықты оптикалық кабель тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде.

86.       

Басқұдық – Бекі су құбыры жұмысы қашан аяқталатыны туралы сұрайды (Бөкеев Сағатбай)

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Б.Қартбаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау ауданы әкімдігі тарапынан Басқұдық – Бекі су құбыры жұмысы толықтай аяқталды. Қазіргі таңда Казсушар мекемесі тарапынан су айдау (оприссовка) жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері іске қосылады.

87.       

Су құбыры құрылыс жұмысы біткенше «Казсушар» мекемесі су тасушы көлікпен су жеткізу жұмыстарымен қамтамасыз етуін сұрайды

(Бөкеев Сағатбай)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Б.Қартбаев

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қазсушар мекемесі  Басқұдық елді мекенінен су тасу көлігімен ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.

88.       

Шебір, Тұщықұдық ауылдарында құм тоқтату жұмыстарымен айналысып тұрған мекеме жұмысы тоқтап қалды. Жұмыспен қамтылып отырған азаматтар бос қалды. Жасыл желектер қараусыз қалды. Орман шаруашылығын ашып жұмысын жандандыруын сұрайды 

(Көбесов Маханбет)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Д.Құсбеков

Ғ.Досатов

(келісім бойынша)

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Үштағанға 2007 ж. бастап, Тұщықұдыққа  2012 ж. бастап және  Шебірге 2016 ж. бастап ауылдарды көшпелі құмнан қорғау, яғни сексеуіл өсіру жұмыстары 2021 жылға дейін жүргізіліп келді.               Сенек ауылында жұмыстар 2022 жылдың аяғына дейін жүргізіледі.

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына өтініші негізінде жасанды жолмен өскен ормандарды басқа санаттағы жерлерді мемлекеттік орман қоры жерлеріне ауыстырылуы үшін Бейнеу орман шаруашылық мекемесімен бірлесіп учаскелерге таңдау туралы акт жасап, 24.06.2022 жылғы комиссияның оң қорытындысы негізінде Үштаған, Тұщықұдық, Шебір және Сенек ауылдарындағы барлығы 3328,9 гектар учаскелерін Бейнеу орман шаруашылық мекемесіне ауыстыру туралы 08.07.2022 жылы Маңғыстау облысы әкімінің  қаулысына қол қойылды.

Осыған орай, 24.06.2022 жылғы комиссия хаттамасына сәйкес, қолданыстағы заңнама аясында тамыз айынан бастап «Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау» КММ-не қосымша 4 (төрт) орманшы (әр ауылға бір орманшыдан) және 8 (сегіз) көмекші қызметкер (әр ауылға екі көмекші қызметкер) штат бірліктерін бөлу туралы мәселесі қаралуда.

89.       

Маңғыстау ауданы оқушыларының мектеп формаларын жергілікті жерден фабрика, тігін цехтарын ашып тігуді ұйымдастырып, әйел азаматшаларды жұмыспен қамту керек. Бір жағынан бағасы арзанға шығады

(Қожық Жәнібек)

 

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Г.Қызылғұлова

В.Мұстапаева

Ж.Тоқбаева

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау ауданы бойынша бүгінге 8 тігін цехтары жұмыс жасап 54 әйел азаматты жұмыспен қамтып отыр:

-        ЖК А. Нуржанова «Әнел» тігін цехы;

-        ЖК А. Қожақова «Жібек» тігін цехы;

-        ЖК Н. Тасмұханбетова «Мадина» тігін цехы;

-        ЖК Ж. Сүйуова «Хадиша» тігін цехы;

-        ЖК Г. Бекболатова;

-        ЖК Е. Егізбаева;

-        ЖК А. Ықыласқызы

-        ЖК М. Жұбаназарова.

Мектеп оқушыларының мектеп формаларына тапсырыстарды сұранысқа қарай орындауда.

Маңғыстау ауданы бойынша осы шілде-тамыз айларында Бейнеу политехникалық колледжі арқылы 40 тұрғындары қысқаша оқу курсымен  қамтылады, олар 25-і тігін және 15-і котельдық оператор.

90.       

Маңғыстау аудандық ветеринарияда дәрі-дәрмек жоқ, мамандар автокөлікпен қамтылмаған

(Көбесов Маханбет)

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

М.Альбекова

Қ.Тәшімов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

1.Маңғыстау ауданы ветернариялық стансасында дәрі-дәрмек сату құзыреті жоқ, дәріханалар ашу, дәрі-дәрмек сату ҚР заңнамалары талабы бойынша бәсекелестік ортаға берілген. Қазіргі таңда ауданда 2 ветдәріхана (ЖК «Джулбаев А.Б.», ЖК «Жалжанов Х.О.») жұмыс істеп тұр және ауданды толықтай ветеринариялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп отыр.

2. Ветеринар мамандарды қызметтік көлікпен қамтамасыз ету  (көліктерді  жаңалау) республикалық және жергілікті бюджет есебінен 2023 жылы жоспарлануда.

91.       

Маңғыстау ауданының жұмыссыз тұрғындарын өндірістік мекемелерге жұмысқа орналасуға ықпал етуін сұрайды

(Бекмағанбетов Бисенбі)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Ә.Шопанов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның Маңғыстау ауданына бекітіп берілген бос жұмыс орны               І кезенге - 65 орын. Маңғыстау ауданынан құрылған белсенді топ мүшелерінен бектілген тізбесі бойынша қазіргі таңда берілген өндірістік мекемелерге 64 орынға жолдама берілді. Алдағы уақытта ІІ кезеңінің бос жұмыс орны күтілуде. 

92.       

Көрші обылыстарда мал ауруы көбеюде осыған байланысты  Маңғыстау ауданындағы малдарды егу жұмыстарын қолға алу керек

(Бекмағанбетов Бисенбі)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Қ.Тәшімов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау ауданында қазіргі таңда жоспар бойынша аса қауіпті жұқпалы ауруларға (сібір жарасы, құтыру, ұсақ мал күлі, түйенің күлі, пастереллез, брадзот, туберкулин (аллерген), эхинококкоз, лептоспироз, қарасан, жылқы маңқасы) вакцинациялау  жұмыстары тұрақты жүргізілуде. 2022 жылы аудан бойынша барлығы 97 320 бас мал вакцинацияланды.

2022 жылға жоспарланған төрт түлік малды егу жұмыстары толықтай жоспар бойынша жүргізілуде.

93.       

Шетпе ауылындағы теміржол өткеліне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек

(Ертілеуов Аманқос)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

А.Қалиев

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Шетпе ауылындағы Жаңаорпа шағын ауданында автожол салу (0,1 км) жобасында теміржол өткелін жөндеу жұмыстары қарастырылған. Қазіргі таңда, республикалық бюджеттен қаражат қарастырылып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары арқылы мердігерді анықтау жұмыстары жүруде.

94.       

5/50 бағдарламасымен жұмыстан босатылған Маңғыстау ауданы адамдарының мекемесін қайта жандандырып, жұмысқа алуын сұрайды 

(Жанбатыров Талғат)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Ә. Іңкәров

Ә.Шопанов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

5/50 бағдарлама негізінде жұмыскерлермен еңбек шарты тараптардың келісімі бойынша бұзылған, бұл ретте еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу, оны шарт тараптарының, яғни, жұмыскер мен жұмыс берушінің, екі жақты ерік білдіруі арқылы тоқтатуды білдіреді. Егер тараптар келісімге келмесе, онда жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары жалғасады. Егер тараптар, келісімге қол жеткізсе, онда еңбек шарты бұзылады.

Заңды тұлғалардың қызметін қайта құру, меншігіндегі мүліктік игеру, басқару, оның қызметін қайта құру, бірлескен қызмет тәртібі, басқа заңды тұлғаның меншігіне, оралымды басқаруына өз мүлкін беру және т.б. азаматтық заңнама тәртібімен реттеледі және сол заң аясында іс-әрекет жасай алады.

Заңды тұлғаның қызметін қайта құру, жұмысқа қайта қабылдау мәселесін қарау Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының құзыретіне жатпайды.

Сол себепті, аталған мәселе бойынша сотқа жүгінуі ұсынылады.

95.       

Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, сүт өндіруге басымдылық берілу қажет (Бекиев Әзірбай)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Қ.Тәшімов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

2021 жылға жалпы құны 8,2 млрд. теңгеге құрайтын 10 жоба іске қосылып нәтижесінде 300-ге жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде Бейнеу ауданында орналасқан «Әділ» сүт зауытын модернизациялау жобасы және Мұнайлы ауданында орналасқан «Полимер-Пласт» ЖШС-нің сүт зауыты іске қосылды.

Қазіргі таңда 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласы бойынша жалпы сомасы 139,5 млрд. теңгені құрайтын 19 инвестициялық жоба іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде сүт бағытында жалпы сомасы 2,0 млрд.теңге шамасында               2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда бар. Ауданға қарасты барлық ауылдардағы өндіріспен айналысатын шаруаларға нұсқама беріліп, ниет білдірген шаруа иелеріне үкімет тарапынан қолдау көрсетілетіндігі жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.

96.       

Маңғыстау ауданындағы Қазпочта қызметкерлерінің жалақысын көтеруін сұрайды

(Демеген Елубай)

 

 

Б.Орынбасаров

Д.Өтебалиева

(келісім бойынша)

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау ауданындағы «Қазпошта» АҚ бөлімшғлғріндегі қызметкерлердің жалақысын көтеру үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап барлық пошта бөлімшелерінің қызметкерлерінің жалақылары 20 пайызға өсті. Алдағы қыркүйек айында «Қазпошта» АҚ қызметкерлерінің жалақыларын тағы да көтеру туралы мәселелері қарастырылып жатыр.

 

Мұнайлы ауданы

 

97.       

«ҚазТрансГазАймақ» мекемесі жұмысына 8000 тенге ақша сұрайды, қаншалықты заңды

(Сарбаева Назымхан)

 

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

Б.Қартбаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 «ҚазТрансАймақ» техникалық байқау бойынша қызмет көрсетпейді. Ол үшін басқа мекемелермен келісім-шарт жасақтай алатыны түсіндірілді.

98.       

«ҚазТрансГазАймақ» жұмысшылары азаматтармен қарым-қатынаста өте дөрекі және КТ-ға қосымша қаражат сұрау мәселесі (Таубаев Мубарак)

 

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

Б.Қартбаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Мекеме басшыларымен өз қарамағындағы қызметкерлерге барынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта мәселе туындамау қажет.

 

99.       

Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында мұғалімдер баларымызды  қосымша ақылы оқытуға шақыртуда, бұл қаншалықты дұрыс 

(Бисембаев Мұрат)

 

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

Г.Қызылғұлова

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында мұғалімдерімен білім бөлімі тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Сонымен қатар, мектеп жанынан қосымша үйірмелермен  факультативтер қарастырылған.

100.   

Мұнайлы ауданының тұрғындарына диагнозына байланысты тегін дәрілер беру мәселесі 

(Ниетбаев Бахтылы)

 

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

А.Жұмыров

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Тегін дәрі – дәрмектермен уақтылы қамтылған.

Пациент «Демотон» препаратын тегін түрде берілуін сұраған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы                          6 сәуірдегі № ҚР ДСМ -33 «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, тізбекке кірмеуіне байланысты, тегін түрде берілмейді.

101.   

2 балам 1 группадағы мүгедек дәрігерлер талонмен келуді сұрайды, қаншалықты заңды

(Шерзат Ануар)

 

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

А.Жұмыров

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Батыр селосы, Емір 4/72 үйдің тұрғыны Шерзат Махмудұлының қызы - Арипова Динора «Хронический почечный недостаточность ІІІ степени» диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Мүгедектікті қайта куәландыру үшін нефролог дәрігер кеңесі қажеттігі болуына байланысты, қабылдауға талон арқылы жолданған.

 Алайда, пациент талон арқылы баруға шағымданған. Пациенттің үйіне барып, облыста нефролог маманның жетіспеушілігіне байланысты, талон арқылы жолданатындығы түсіндірілді. Қызы  23.11.2021 жылы нефролог дәрігердің кеңесін алған.

Қазіргі таңда медицина қызметкерлеріне арыз - шағымы жоқ екендігін айтып, қолхат жазып берді.

102.   

Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында «Kaspi» терминалын, «Halyk Bank» банкоматын орнатуын сұрайды

(Мұрат Сегізбай)

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

С.Нарешова

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау облысының Қаржы басқармасы Мұнайлы ауданы қаржы және экономика бөлімінің атына  Батыр ауылында орналасқан объектілердің фотосуреттері мен ақпаратын алу үшін 01.07.2022 жылғы №09-14-765 хат жолдады.   Алынған жауаптың қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

103.   

Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауыл тұрғындары, ауылымызда су мәселесі қиын екенін білесіздер, жаңбыр жауғызуға септігін тигізеді деп қондырғы орнатылған еді, ол қондырғыдан пайда келмеді. Қуаңшылықтың алдын-алу үшін су көздерін көйбету мәселесі

(Қайыров Даулетбай)

 

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

Қ.Ташимов

Б.Қартбаев

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бүгінгі таңда су тапшылығы әсіресе Мұнайлы ауданы мен Қарақия ауданы Құрық ауылының елді мекендерінде өткір сезілуде.

Осы елді мекендер үшін ауыз судың негізгі көзі қуаты тәулігіне 20 000 м3 «Каспий су тұщыту зауыты» ЖШС болып табылады. Алайда, халық санының жыл сайынғы өсуін, сондай-ақ Каспий теңізінің жағалауында туристік кластерді дамытуды ескере отырып, «Каспий су тұщыту зауыты» ЖШС өнімділігін тәулігіне 40 000 м3 дейін арттыру қажеттілігі туындады. Жобаны 2023 жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Түпкілікті нәтижелер: Мұнайлы ауданының халқын (180 мың адам), Түпқараған ауданының Ақшұқыр және С.Шапағатов ауылдарын (20 мың адам), Қарақия ауданының Құрық ауылын (15 мың адам), Аграрлық аймақты, «Жылы жағажай» курорттық аймағын сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету және қамтуын 100% құрайды.

104.   

Ағайынды Сафеновтардың атындағы «Каспиан Дрилинг» мекемесімен ұжымы арасындағы еңбек дауы мәселесі

(Біләл Өтеміс)

 

Б.Орынбасаров

Ә.Іңкәров

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына «Каспиан Дрилинг» мекемесі жұмыскерлерінің ұжымдық жолданымы келіп түскен болатын. Жолданым мекеменің заңды орналасқан мекен-жайы бойынша Атырау облысының еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органына жолданды.

105.   

Экология мәселесі бұрынғы СКЗ (сернокислотный завод), ХГМЗ (химико-гидрометаллургический завод) зауыты маңынан жерді қазу жүргізіп жатырған адамдарды анықтау және қандай зияны бар кім бақылап кім қадағалап отыр 

(Мұрат Жетекбай)

 

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

Р.Тукенов

(келісім бойынша)

Д.Құсбеков

Е.Дүзмағамбетов

 

2022 жыл желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын  пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 65-бабына сәйкес Облыстың жергілікті атқарушы органдары кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқық беру құзыреті жүктелген.

Осыған байланысты, қазіргі таңда  Басқармада көрсетілген аймақтарда кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы тіркелмегендігі туралы   Мұнайлы ауданы әкімдігіне, Маңғыстау облысы бойынша экология департаментіне, Маңғыстау табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 25.05.2022 жылы № 04-10-426 шығыс хатымен хабарланды.

106.   

«Rixos» демалыс орнына өз алдына су тұщыту қондырғысын орнату мәселесі

(Мусаева Райхан)

 

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

Б.Қартбаев

Д.Өтешов

 

2022 жыл желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Өз кезегінде ел арасында Ақтау қаласындағы ауыз су тапшылығының бір себебі «Риксос» қонақ үйіне байланысты деген пікір қалыптасқан. Алайда бүгінге қонақ үйде өз қажеттілігі үшін тәулігіне 4,5 мың текше метр су тұшыту  қондырғысы жұмыс жасайды. Сонымен қатар, тәулігіне 500 текше метр тазартылған кәріз суы жасыл желектерді сауартуға пайдаланылады. Жалпы жылы жағажайда орналасқан демалыс орындары «Каспий» су тұшыту зауытынан тәулігіне 1600 текше метр, ал «Рикосо» қонақ үйі 500 текше метр су алып пайдаланады. Ал, облыс орталығы Ақтау қаласы ауыз суды толығымен «МАЭК-Казатомпром» өнеркәсіп кәсіпорнымен қамтамасыз етіледі.

107.   

Мұнайлы ауданы, Баянды ауылы маңындағы өндірістік мекемелерден шығатын жағымсыз иістің қаншалықты зияндығы бар-жоқтығын тексеру жүргізу мәселесі (Мусаева Райхан)

 

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

Р.Тукенов

(келісім бойынша)

Ғ.Надуев

(келісім бойынша)

 

2022 жыл желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Аталған мәселе бойынша Мұнайлы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасымен   Баянды ауылы әкімінің хатына сәйкес, 03.12.2021 жылы елді мекеннің ауасына лабораториялық зерттеу жүргізілді. Зертеу қорытындысымен (зертханалық хаттама №649-693 03.12.2021ж.) сәйкессіздік анықталып,

13.01.2022 жылы қайтадан жүргізілген тексеру нәтижесінде (зертханалық хаттама №1-24 13.01.2022) сәйкессіздіктер анықталған жоқ.

108.   

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылына ауыз суды уақытылы беру мәселесі

(Тоқтасинов Хожабай)

 

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

Б.Қартбаев

2022 жыл желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау ауылы мен тұрғын массивтеріне бекітілген кестеге сәйкес ауыз су берілуде.

109.   

Мұнайлы ауданынан Ақтау қаласына жүретін маршрут автобусын жаңартуын сұрайды

(Мунадбаева Зиза)

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

А.Қалиев

 

2022 жыл желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына 7 тұрақты маршрут қатынап, жолаушы тасымалдануда (№103, №104, №105, №106, №107, Батыр, Қызылтөбе-2).

Аталған маршурттарда барлығы 54 автобус қызмет көрсетеді.

№107 маршрутында 8 автобус (2019 жылғы) қанағаттанарлық жағдайда, әзірге жаңартуды қажет етпейді.

Бұдан бөлек, 2022 жылдың қыркүйек айында №105 маршрутына жаңа 16 автобус іске қосылатын болады.

Мұнайлы ауданы бойынша қалған маршруттарды жаңарту үшін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның лизингтік бағдарламасы арқылы жаңарту мәселесі қарастырылуда.

110.   

Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы амбулаторияда дәрігерлер  неліктен орнындарында болмайды

(Емір шағын ауданының тұрғындарының атынан Союнова Ақлима)

 

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

А.Жұмыров

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

 «Батыр» дәрігерлік амбулаториясы 5 жалпы                            тәжірибелі дәрігермен қамтылған. Дәрігерлердің қабылдау уақыты таңғы сағат 08.00-20.00 дейін. Дәрігерге келген пациенттер уақытылы қабылданып жатыр,

Пациенттің уақытын үнемдеу мақсатында жоспарлы түрде бейінді мамандарға қаралуы үшін, электронды түрде талон беріледі.

111.   

Баламыздың стипендиясы неліктен уақытылы берілмейді

(Атамекен ауылы, Қаламқас т.м. Мамутова Есенгүл)

 

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

Г.Қызылғұлова

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Жылдың басында шотта қолма-қол қаржының болмауына байланысты кедергілер туындады,  қазіргі таңда мәселелер жоқ.

112.   

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылының Айрақты тұрғын үй массивіндегі интернет желісін күшейту мәселесі

(Сағындық Раушан)

 

Б.Орынбасаров

Е.Күмісқалиев

А.Хадиев

2022 жыл желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Маңғыстау ауылы бойынша «Қазақтелеком» АҚ және «Самғау телеком» ЖШС халықты интернет желісімен қамтамасыз етуде.

Түпқараған ауданы

 

113.  

Ақшұқыр ауылындағы жаз мезгіліндегі су тапшылғының мәселесі

(Төленов Базарбай,  Беркутова Күләш)

 

Б.Орынбасаров

Р.Елтизаров

Б.Қартбаев

 

2022 жыл

мамыр

Қаражат талап етілмейді

       Ақшұқыр ауылының жалпы сұранысы жаз айында  тәулігіне 3340 м3       Қазіргі қанағаттандырылып отырылғаны  тәулігіне 1400 м3.

      Жаз айларында суға тәулігіне тапшылық 1940 м3 суды құрайды. Қазіргі таңда аталған мәселесінің алдын алу мақсатында Ақшұқыр ауылында орналасқан 8 құдық су имаратына, тәулігіне 1000 м3 су  тұщыту қондырғысын орнатуға мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланып, қорытындысымен жеңімпаз «ЭРГОНОМИКА» ЖШС- мен әрі қарай шарт жасақтау жұмыстары жүргізілуде.

07.06.2022 жылдан бастап, автокөлікпен тасымалданатын судың 1 рейстік бағасы арзандатылды.

1. 4,2м3 автокөлік бағасы  2100 теңге (бұрынғы бағасы-2310т)

2. 3,8м3  автокөлік бағасы  1900 теңге (бұрынғы бағасы-2090т)

3.5м3  автокөлік бағасы  2500 теңге (бұрынғы бағасы-2750т)

114.  

Ақтау-Форт-Шевченко жолын кеңейту мәселесі

(Қасымова Күләш)

 

Б. Орынбасаров

Р.Елтизаров

А.Қалиев

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Облыстық маңыздағы «Ақтау – Форт-Шевченко автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 121 км. Қазіргі таңда, Ақтау қаласынан бастап Ақтау қаласының Әуежайы арқылы осы жолдың 29 км дейін (5-29 км аралығы) автомобиль жолын 4 жолақты етіп кеңету жұмыстары жүруде. Бұдан бөлек, 29-43 км аралығындағы учаскеде 4 жолақты жолдың ЖСҚ 2018 жылы  жасақталған, алайда бүгінде ЖСҚ мерзімі өтіп кетуіне байланысты ЖСҚ-ға түзету қажет болып отыр. Сонымен қатар, 43-132 км аралығындағы автожол учаскесіне реконструкциялау жұмыстарын жүргізу мақсатында ЖСҚ жасақталуда. Реконструкциялау жұыстары арқылы автомобиль жолы 17 метрге дейін кеңейетін болады.

115.  

Тігін цехын құру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру

 

Б.Орынбасаров

Р.Елтизаров

Е.Күмісқалиев

Ж.Тоқбаева

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Ақшұқыр ауылында орналасқан тігін цехына жаңа ауқымды ғимарат салу бойынша жеке кәсіпкер Багитжан Майра қатыса отырып 12.04.2022 жылы  жиын өтті. Нәтижесінде құрылыстың жер орны анықталды. Таңдаған жер учаскесінің құжаттары рәсімделуде.

Аудан әкімі 23.04.2022ж цех жұмысымен арнайы барып танысты.

Жер толық рәсімделіп болғасын жеке кәсіпкер құрылысты бастауға дайын екендігін жеткізді.

Кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерден несие алған жағдайда 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысы) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, кепілдік беру мемлекеттік қолдаулар қарастырылған.

116.  

Жеңіл өнеркәсіпті «Ақтау теңіз порты» АЭА басым бағыттарына қосу мәселесін пысықтау

 

Б.Орынбасаров

В.Мұстапаева

А.Қабашев

 

2022 жыл

 

Қаражат талап етілмейді

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ басшылығымен тоқыма кластерін дамыту бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

- 15.11.2021-17.11.2021 жж. аралығында "Оңтүстік "АЭА қызметімен танысу үшін" Ақтау теңіз порты "АЭА өкілдері, іскер әйелдер кеңесі мен Кәсіпкерлер палатасының басшылары мен мүшелері Шымкент қаласына сапар шекті;

- 21.12.2021 жылы Маңғыстау облысы делегациясының Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы шығарылды;

- 09.02.2022 жылы «Ақтау теңіз порты «АЭА» АҚ басшылығы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының, Іскер әйелдер кеңесінің және кәсіпкерлердің басшылығымен «Ақтау теңіз порты «АЭА» аумағында жобаларды орналастыру және тоқыма саласын дамыту мәселесі бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында ӘҚЖ кеңейту тәртібі, орталық уәкілетті органға ұсыныстарды одан әрі енгізу үшін инвестициялық жобаның ТЭН және қаржылық моделін әзірлеу әдіснамасы туралы түсініктемелер берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы 11 меморандумға қол қойылды.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлер палатасының базасында «Ақтау теңіз порты «АЭА» АҚ-мен бірлесіп инвестициялық жобалардың ТЭН мен қаржылық моделін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

117.  

«Ақтау теңіз порты» АЭА жеңіл өнеркәсіп кластерін құру мәселесін пысықтау

Б.Орынбасаров

В.Мұстапаева

А.Қабашев

 

2022 жыл

 

Қаражат талап етілмейді

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "Ақтау теңіз порты "АЭА" АҚ басшылығымен тоқыма кластерін дамыту бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

- 15.11.2021-17.11.2021 жж. аралығында "Оңтүстік "АЭА қызметімен танысу үшін" Ақтау теңіз порты "АЭА өкілдері, іскер әйелдер кеңесі мен Кәсіпкерлер палатасының басшылары мен мүшелері Шымкент қаласына сапар шекті;

- 21.12.2021 жылы Маңғыстау облысы делегациясының Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапарының қорытындысы шығарылды;

- 09.02.2022 жылы «Ақтау теңіз порты «АЭА» АҚ басшылығы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының, Іскер әйелдер кеңесінің және кәсіпкерлердің басшылығымен «Ақтау теңіз порты «АЭА» аумағында жобаларды орналастыру және тоқыма саласын дамыту мәселесі бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында ӘҚЖ кеңейту тәртібі, орталық уәкілетті органға ұсыныстарды одан әрі енгізу үшін инвестициялық жобаның ТЭН және қаржылық моделін әзірлеу әдіснамасы туралы түсініктемелер берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы 11 меморандумға қол қойылды.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлер палатасының базасында «Ақтау теңіз порты «АЭА» АҚ-мен бірлесіп инвестициялық жобалардың ТЭН мен қаржылық моделін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

118.  

«Kazakh osseter» ЖШС үлесін «Каспий» ӘКК» АҚ меншігіне алу жөнінде тиісті Министрлікке ұсыныс хат жолдау

 

Б.Орынбасаров

К.Тастемиров

А.Молдашев

 

2022 жыл

 

Қаражат талап етілмейді

 «Kazakh osseter» ЖШС-і үлесін «Каспий» ӘКК» АҚ-ның меншігіне алу жөнінде тиісті Министрлікке ұсыныс хат екінші жартыжылдықта жолданатындығын қаперіңізге береді.

119.  

Сайын Шапағатов  ауылындағы жаз мезгіліндегі су мәселесі, су тарифінің қымбаттауының алдын алуын сұрайды

(Сариев Манас)

 

Б.Орынбасаров

Р.Елтизаров

Б.Қартбаев

Ж.Салимов

2022 жыл

мамыр

Қаражат талап етілмейді

Су құбыры арқылы

- ТОО «МАЭК-Казатопром» (Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты)  ҚҚС-сыз-118,05, ҚҚС-мен- 132,216;

- «КЖСА» МКК (Каспий жылу, су арнасы) ҚҚС-сыз-84,67, ҚҚС-мен- 94,83;

- РМК «КазСуШар»(Республикалық мемлекеттік кәсіпорын) ҚҚС-сыз-73,17, ҚҚС-мен- 81,95;

  Барлығы: ҚҚС-сыз-275,89, ҚҚС-мен- 308,996. тг

«Коммуналдық қызмет» тариф құны: - ҚҚС-мен 109,364 тг      

Соңғы тұтынушыға - 418,36 тенгені құрайды.

Судың халыққа құбыр арқылы сатылым құны - 30 теңге/1 м3;

Мемлекет тарапынан субсидия құны- 388,36 теңге(ҚҚС-мен),

Барлығы: 418,36 теңгені құрайды.

Тасымал арқылы:

Барлығы тұрғынға: 418,36 теңгені құрайды.

Халыққа тасымал арқылы берілетін ауыз су құны- 40,00 теңге/1м3;

Мемлекет тарапынан субсидия құны - 378,36 теңге(ҚҚС-мен).

Жеткізу автокөлік шығынының құны 510 - теңге/м3;

07.06.2022жылдан бастап, автокөлікпен тасымалданатын судың 1рейстік бағасы арзандатылды.

1. 4,2м3 автокөлік бағасы  2100 теңге (бұрынғы бағасы-2310т)

2. 3,8м3  автокөлік бағасы  1900 теңге (бұрынғы бағасы-2090т)

3.5м3  автокөлік бағасы  2500 теңге (бұрынғы бағасы-2750т)

120.  

Сайын Шапағатов ауылдық округі дәрігерлік амбулаториясының жағдайы, жаңа емхана тұрғызу  (Примбетова Венера)

 

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

Р.Елтизаров

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Қазіргі таңда, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына сәйкес, Сайын Шапағатов ауылдық округінен жеке инвестициялар есебінен дәрігерлік амбулатория 2023 жылы ашылуы көзделуде. Сонымен қатар, «Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына» сәйкес  жергілікті бюджеттен (246,5 млн.тг)  2024 жылға жаңа амбулатория салу қарастырылған.

121.  

Табиғи газды тұтыну тарифін азайту мәселесі 

(Қаражанов Бахтияр)

 

Б.Орынбасаров

Р.Елтизаров

Б.Қартбаев

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Ж.И.Қайнарбаевпен 07.06.2022 жылы №01-30-921 хатпен аталған мәселе бойынша жолданды.

Бұл мәселе бойынша азаматқа түсінік берілді. 

122.  

Балық шаруашылығы бойынша лицензия алу мәселесін жеңілдетуін сұрайды

(Уәлшінов Руслан)

Б.Орынбасаров

Р.Елтизаров

А.Молдашев

2022 жыл желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Балық шаруашылығы бойынша лицензия алу мәселесін жеңілдетуі сауалына байланысты түсіндірме жұмысы жүргізілді.

123.  

Түпқараған ауданында медицина саласын білікті дәрігерлермен толықтыруын сұрайды

(Балабаева Айгүл)

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

Р.Елтизаров

2022 жыл желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Жоғары медициналық білім беретін  оқу орындарына қажетті мамандарға сұраныс берілді, түлектер «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» арқылы бөлінеді. Enbek.kz порталына бос жұмыс орындар енгізу арқылы шақырылды. Ақшұқыр және С.Шапағатов ауылының тұрғындарына  медициналық көмек көрсету үшін кардиолог және хирург дәрігер жұмысқа қабылданды.  Сонымен қатар, аудандық ауруханаға шілде айында             1 ЖТД дәрігері келу күтілуде. Ауылдық елді мекендерге келген мамандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы төленеді, сонымен қатар, мамандарға пәтерді жалға алу аурухана есебінен беріліп тұр.

124.  

Түпқараған ауданын эколог маманымен қамтамасыз етуін сұрайды

(Сақтағанов Серік)

Б.Орынбасаров

Р.Елтизаров

Р.Тукенов

(келісім бойынша)

2022 жыл желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Экология департаментінің  штатында аудандық эколог бірлігі қарастырылмаған. Дебюрократизациялау шеңберінде 2019 жылдан бастап кадрлық бөлім Министрлікке орталықтандырылған. Кадрлық штат бойынша сұрақтар Министрліктің құзырында. Алайда, департамент өз тарапынан  облыс орталығынан мамандарды аудандарға, экологияға қатысы бар оқиғалар орын алған орындарға іс-сапарға жіберу арқылы экологиялық заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етіп отыр.

125.  

Таушық ауылы маңында орналасқан карьерлер жұмысын қадағалауды сұрайды

(Бегендіков Қайырбек)

 

Б.Орынбасаров

Р.Елтизаров

Е.Дүзмағамбетов

Р.Тукенов

(келісім бойынша)

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Таушық маңында орналасқан карьердердің жұмыстарын қадағалау, яғни жарылыс жұмыстарын нормативке сәйкес жүргізуді, жүк көліктерінің шамадан тыс тасымалын болдырмауды, шаң-тозаң нәтижесінде  экологиялық келеңсіз  жағдайларды алдын алуды қамтамасыз ету құзыреттеріне қарай, МО бойынша экология департаментімен, МО бойынша көліктік бақылау инспекциямен және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің МО бойынша департаментімен жүзеге асырылатындығы туралы Түпқараған ауданы әкімдігіне 25.05.2022 жылы № 04-10-425 шығыс хатымен хабарланды.

Заң шеңберінде Таушық ауыл маңында орналасқан карьерлер жұмысының атмосфералық ауаның ластамауын қадағалау, заң бұзушылық болған жағдайда  жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі.

Ақтау қаласы

 

126.      

Ақтау қаласының 16 шағын-ауданынан балабақша салуын сұрайды

(Шырақбай Мәнет Теңелбайқызы)

 

Г.Қалмұратова

Н.Қилыбай

М.Альбекова

Г.Қызылғұлова

Ж.Тоқбаева

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

16 ш/а 3 учаскесінде салынып жатқан тұрғын үйдің 1 қабатынан 1000 ш/м балабақшаға қарастырылады.

16 ш/а 18/1 жер учаскесіне 200 балаға арналған балабақша салуға келісті. Қазіргі таңда жобасы жер учаскесінің иесінің қаражатына жасақталуда.

2022 жылы республикалық бюджет есебінен жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік тапсырысқа (жаңа орындар ашуға) қаражат қарастырылды.

127.      

Ақтау қаласында ауыз су тапшылығын реттеуін сұрайды

(Қартбаев Аманжол)

 

 

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

Б.Қартбаев

Н.Қилыбай

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Ақтау қаласының жаз мезгілдеріндегі ауыз судың тәулігіне тұтыну көлемі 67 000 м3 болса, «МАЭК» ЖШС-нің тәулігіне өндіру қуаттылығы 57 000 м3, яғни қазіргі таңдағы тапшылық 15 000 м3 құрайды. Тапшылықты жою мақсатында, инвестициялық жобаның негізінде «СК Строй Монтаж» ЖШС Ақшұқыр ауылы жанынан өндіру қуаттылығы тәулігіне 20 000 м3 құрайтын зауытының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың соңына дейін өндіру көлемі 5000 м3 құрайтын 1-кезеңі іске қосылады деп жоспарлануда. 

128.      

Ақтау қаласының тұрғындарын емханаға тіркеу, дәрігерлер жетіспеушілігі, медициналық құрал-жабдықтардың тапшылығы мәселелері (КТ,УЗИ,МРТ)  

(Қуанов Жеңісбек)

 

Г.Қалмұратова

М.Альбекова А.Жумыров

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Ағымдағы жылдың басынан бастап №1 Ақтау қалалық емханасына: 5 дәрігер (хирург, гинеколог, травматолог, лор дәрігері, жалпы тәжірибелік дәрігер) және  №2 Ақтау қалалық емханасына: 10 дәрігер (жалпы тәжірибелік дәрігер, эндокринолог, педиатр, функционалдық диагностика дәрігері, рентгенолог, хирург, стоматолог, отариноларинголог, терапевт, реабилитолог) мамандары жұмысқа            қабылданды.

Облыста барлық саны, жалпы саны 12 компьютерлік томограф (оның ішінде мемлекеттік мекемелерде 5 және жеке меншік мекемелерде 7) және 7 магнитті-резонансты томограф (оның ішінде мемлекеттік мекемелерде 1 және жеке меншік мекемелерде 6) бар. Сонымен қатар, қымбат тұратын медициналық қызметтердің қол жетімділігін қаматамасыз ету үшін ішінде Жаңаөзен қаласында ашылған медициналық орталыққа демеушілік көмекпен  1 компьютерлік томограф және 1 магнитті-резонансты томограф алынды. Қазіргі таңда, жалпы саны 13 компьютерлік томограф және 8 магнитті-резонансты томограф бар.

Ультрадыбыстық зерттеу қондырғыларын жеткілікті түрде қамтамасыз етілген. Сонымен қатар,  облыстық көпбейінді ауруханасына 2 аппарат 2022 жылы "Фармация" СК арқылы орталықтандырылған сатып алу жоспарлануда.

129.      

Ақтау қаласында арзан бағамен азық-түлік сататын әлеуметтік дүкендер ашуын сұрайды

(Өскінбаева Назира)

Б.Орынбасаров

Ж.Тоқбаева

Н.Қилыбай

Б.Беисов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Облыс бойынша қазіргі таңда 21 әлеуметтік дүкендер жұмыс жасап тұр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 19 ақпанда Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаевтың төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтті.

Аталған отырыста Маңғыстау облысының қаржы басқармасы және «Каспий» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп «барлық қала және аудан орталықтарында өңірлік тұрақтандыру қорындағы ӘМАТ сату мақсатында «әлеуметтік дүкендер» ашу бойынша шаралар қабылдасын» деген тапсырма берілді.

130.      

Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы Рауан т/м мектеп салуын сұрайды (Рауан т/м тұрғындары)

 

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

Г.Қызылғұлова

Н.Қилыбай

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Маңғыстау облысының құрылыс басқармасына және білім басқармасына Рауан т/м бастауыш мектебін салу бойынша 31.01.2022 жылы № 01-32-111 санды хаты жолданды. Сонымен қатар, «Аманат» партиясының Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған жол картасына Рауан тұрғын массивіне 150 орындық бастауыш мектеп құрылысын салу енгізілген.

Қазіргі таңда, Өмірзақ ауылы Рауан тұрғын массивіндегі жері анықталды, жобалау-сметалық құжаттамасы әзірлену жұмыстары басталды.

131.      

Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы Рауан т/м жабық спорт алаңын салуын сұрайды

(Рауан т/м тұрғындары)

 

Г.Қалмұратова

Н.Қилыбай

М.Альбекова

Қ.Жұмабаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы Рауан массивінде 2021 жылы 1 спорт алаңы салынып пайдалануға берілді, Сонымен қатар 2023 жылы Ауыл ел бесігі бағдарламасы аясында 1 спорт кешен және демеушілік есебінен 1 спорт алаңын салу жоспарлануда.

132.      

Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы Рауан т/м емхана салуын сұрайды

(Рауан т/м тұрғындары)

 

Г.Қалмұратова

Н.Қилыбай

М.Альбекова

А.Манкешова

А.Жұмыров

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

2022 жылдың 2 ақпанында №01-32-130 хатымен Ақтау қаласының  әкімінен Рауан т/м  жер қарастырылғаны бойынша  хат жолданған. Аталған хат бойынша  Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 25.02.2022 жылы  №01-02-167 шығыс хатымен, Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына  25.02.2022 жылы  №01-02-168 шығыс хатымен және Ақтау қаласының әкіміне 28.02.2022 жылы  №01-02-465  емхана салу бойынша хат жолданды.

Қазіргі таңда  ЖСҚ жасақтауға тиісті құжаттамалар жинақталуда.

133.      

Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы Рауан т/м мәдениет кешенін салуын сұрайды

(Рауан т/м тұрғындары)

 

Г.Қалммұратова

Н.Қилыбай

М.Альбекова

А.Манкешова

П.Сармурзина

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Қалалық құрылыс бөлімі "Мұнайгазжоба Сервис" ЖШС-мен 5 600,0 мың теңге сомасына «Өмірзақ ауылындағы 200 орындық ауыл клубының құрылысы» нысаны бойынша  құрылысына ЖСҚ жасауға шарт жасады, 2018 жылы 1 000 мың теңге бөлінді, әзірленетін ЖСҚ аяқтау сатысында. 2022 жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптама қорытындысын алу жоспарлануда.

Жаңаөзен қаласы

 

134.        

Қызылсай ауылының тұрғындары қоғамдық көліктің мәселесі реттеуді сұрайды

(Қызылсай ауылының тұрғындары: Утепова Нұргүл, Бесінбаева Жания,

Адилов Оразалы,Темирбаев Нурболат)

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

А.Калиев

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

 «Қызылсай ауылы – Бөкен базары» маршрутының   Тасымалдаушысы 2022 жылдың мамыр айынан бастап маршруттан бас тартқан. Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан 2022 жылдың 1 маусымында «Қызылсай ауылы – Бөкен базары» бағытындағы маршруттың қызмет көрсету құқығына конкурс жарияланды. Нәтижесі күтілуде.

135.        

Қызылсай-Жаңаөзен автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

Б.Орынбасаров М.Альбекова

А.Калиев

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Қызылсай-Жаңаөзен автокөлік жолын қала әкімінің қаулысы арқылы  аудандық маңыздағы жол ретінде танып, оның жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қолдау алу мақсатында жұмыстар жүргізлуде. Бұдан бөлек, осы аталған жолға биыл жолдарды күтіп ұстау есебінен қатты ойылған  шұңқырларды бітеу жұмыстары жүргізілді.

136.        

Қызылсай ауылдық амбулаторияға рентген аппаратын алу туралы

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

А.Жұмыров

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Қызысай ауылдық амбулаторияға рентген аппаратын алуға қаражат көзі белгіленді. Сатып алу процесі жоспарлануда.

137.        

Қызылсай ауылында Өрт сөндіру депосын салу туралы

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

М.Мұханов

Ғ.Андалиев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттама жасақталуда. Келісім шарт құны – 12,5 млн. теңге. Мемлекеттік оң сараптама қорытындысы шыққаннан кейін, Маңғыстау облысын дамытудың Кешенді жоспарына енгізіліп, республиклық бюджеттен қаржыландыруға         ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне өтінім жолданатын болады.

138.        

Қызылсай ауылының ауылішілік автокөлік жолдарын салу туралы

Ә.Құттұмұратұлы

М.Альбекова

А.Қосуақов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Қызылсай ауылының ауылішілік автокөлік жолын салу мақсатында (6,2 шақырым, 11 көшені қамтиды) ЖСҚ жасақтауға Жаңаөзен қаласы әкімдігі тарапынан бюджеттік өтінім  ұсынылды (34,9 млн. теңге).

ЖСҚ жасақтауға қаражат бөлу 2023-2025жж. арналған бюджет жобасы тізбесіне енгізілді.

139.        

Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылына балалар ойын алаңшасы салу туралы

(Теңге ауылының тұрғындары -Жантлеуова Узим, Мұхамедқалиев Амангелді)

Ә.Құттұмұратұлы

Б. Орынбасаров

А.Қосуақов М.Альбекова

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

2022 жылға арналған бюджетті бекіту барысында Жаңаөзен қаласына АМАNАТ партиясының Жол картасында көрсетілген                    5 спорт және 5 ойын алаңын салуға 157 млн. теңге қарастырылды.

140.        

Теңге ауылының 11,7 шақырым автокөлік жолының  құрылысына қаражат бөлу туралы

(Ақжігітов Шәріп)

Ә.Құттұмұрат-ұлы

М.Альбекова

А.Қалиев

А.Қосуақов

 

 

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Жоба құны – 719,1 млн.теңге. Шағын және моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 2023 жылға республикалық бюджеттен қаржыландыруға Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды.

141.        

Теңге ауылының «Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын» (ПДП) жасақтау туралы

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

А.Манкешова

А.Қосуақов   

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Жобалау іздестіру жұмыстары (ПИР)  жасақталды. Қаржыландыру екінші жартжылдыққа жоспарлануда.

142.        

Теңге ауылының №14 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу туралы

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

Г.Қызылғұлова

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Қазіргі таңда №14 орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге Үкімет резервінің қаражаты есебінен бөлініп,  конкурстық құжаттар қаралуда.

143.        

Теңге ауылы әкімшілігіне жаңа ғимарат салу туралы

Ә.Құттұмұрат-ұлы

М.Альбекова

А.Манкешова

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

ЖСҚ әзірленуде. 10,4 млн тг қаржы қажет етеді. Сараптама қорытындысын алу мерзімі 2022 жылдың қыркүйек айы.

144.        

Жаңаөзен қаласы және ауыл ішілік ішінде «Инватакси» қызметін жетілдіру туралы

 

Г.Қалмұратова

А.Қосуақов

А.Шопанов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Қазіргі таңда, қолданыстағы 1 инватакси (газель) қызмет атқаруда. Қала бойынша             4 900  мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның ішінде 1 топтағы мүгедектер саны - 460 адам. Қала ішінде және қала арасында (Жаңаөзен-Ақтау бағыт бойынша) күніне орта есеппен 35-40 өтінім, ал айына орта есеппен 490 өтінім түсіп, қызмет көрсетіледі. Сұраныстың көбеюіне байланысты қосымша жалпы  жалпы сомасы 21,4 млн.теңге көлеміндегі             1 инватаксиге мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланды. Жеңімпаз мекеме «Сагатфарм» ЖШС. Алайда еліміздегі автокөлікті сататын немесе жеткізетін автосалондардан инватаксиді жеткізу заңдылығы  120 жұмыс күнін құрауына байланысты ағымдағы жылдың шілде айында жеткізіледі деп күтілуде.

145.        

Рахат ауылы «Мерей» шағынауданына жалпы ұзындығы  17,84 шақырым болатын автокөлік жолы құрылысына ЖСҚ жасақтауға қаражат бөлу туралы

 

Ә.Құттұмұрат-ұлы

М.Альбекова

А.Қалиев

А.Қосуақов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Жаңаөзен қаласы әкімдігі тарапынан 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасына 3 жоба бойынша (37,2 млн.теңге) бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаражат бөлу мәселесі бюджеттік коммиссия қарауына  ұсынылатын болады.

146.        

Рахат ауылы «Ақсу» шағынауданы, №18 орта мектепке 288 орындық қосымша жапсаржай ғимараты құрылысын салу туралы

 

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

Г.Қызылғұлова

А.Манкешова

А.Қосуақов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

ЖСҚ әзірленуде, қорытындылардың шығуы 2022 жылдың 3 тоқсанында.

147.        

Жаңаөзен қаласында интеллектуалды мектептерді салу туралы

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

Г.Қызылғұлова

А.Манкешова

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, "Самұрық-Қазына" АҚ қаржыландыру күтілуде.Тапсырыс беруші: Құрылыс бөлімі. Мердігер: «Bi Group» ЖШС. «Bi Group» ЖШС тарапынан Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімімен бірге ЖСҚ әзірленуде.  Шамамен 8,2 млрд. теңгені құрайды.

148.        

Қызылсай ауылындағы муниципалды тұрғын үйлердің қайта қалыпқа келтіру туралы (Нұрболат Темірбаев)

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

А.Қосуақов

Б.Қартбаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Жаңаөзен қаласы және оған қарасты ауылдарының тозығы жеткен  көппәтерлі тұрғын үйлеріне  бюджеттік кредит түрінде бөлінген кондаминимум объектіснің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары республикалық бюджеттен қаржыландырылып энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы келісімімен жүргізілетін болады.

149.        

Жаңаөзен қаласының тыныс тіршілігін қалыпты деңгейде қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызмет көрсететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына қаржылық қолдау көрсету туралы

 

Ә.Құттұмұрат-ұлы

М.Альбекова

Б.Қартбаев

А.Қосуақов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бүгінгі күнге  Жаңаөзен қаласының тыныс тіршілігін қалыпты деңгейде қамтамасыз ететін  «Тазалық-С»     ЖШС-нің  10,20,30% -ға жұмыстың ауыр және жеңіл түрлеріне қарай жалақылары мекеменің кірісі есебінен көтерілді.

2022 жылға бюджетті бекіту барысында Жаңаөзен қаласының санитариялық тазалау жұмыстарына 804 млн. теңге қарастырылды.

150.        

Жаңаөзен қаласының тозығы жеткен көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу туралы

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

Б.Қартбаев

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

2022 жылға Жаңаөзен қаласы бойынша 22 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық бюджеттен қайтарымды қаражат негізінде 1.4 млрд.теңге а.ж. қазан айында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.

151.        

Жаңаөзен қаласы және оған қарасты елді мекендерде автомобиль жолдарының құрылысын салу туралы

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

А.Калиев

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Жаңаөзен қаласы және оған қарасты елді мекендерде автомобиль жолдарының құрылысын салу мақсатында 2021 жылы 6 жоба бойынша ЖСҚ жасақталды. Оның ішінде қазіргі таңда 2 жоба бойынша (Астана және Рахат ш/а автожолын салу 6,9 км) республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар жүруде.

3 жоба бойынша (Мұнайлы, Ақбұлақ ш/а а/ж салу – 1,2 км, Астана  ш/а  а/ж салу – 1,4 км, Ақсу ш/а а/ж салу - 4,8 –м) республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Қорытындысы тамыз айында белгілі болады.

1 жоба (Теңге ауылындағы 18 көшеге а/ж салу, 719  млн. теңге құны) бойынша  қаражат бөлінбеуіне байланысты жұмыстар басталмады.

Бейнеу ауданы

 

152.        

Бейнеу ауданы, Төлеп ауылында Фельдшерлік-акушерлік пунктін заманауи аппараттармен қамтамасыз етуді сұрайды (жүрек, қан қысымы)

(Есентурлиев Оңайбай)

 

 

Г.Қалмұратова

Б.Әбілов

А.Жұмыров

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Төлеп ауылына фельдшерлік-акушерлік пунктін қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бағытында қаражат қарастырылып, жыл соңына дейін сатып алу жоспарланды. 

153.        

Сыңғырлау ауылында орналасқан мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастыру

 

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

Г.Қызылғұлова

Б.Әбілов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Облыстық білім басқармасы тарапынан а.ж. жұмыстарын жүргізуге 1040,0 мың теңге қаржы қарастырылды. Ағымдағы жылы конкурс жариялау жұмыстары басталды. Жаңа оқу жылына дейін аяқталуы бақылауда болады.

Білім беру саласындағы облыс бойынша мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бағытында қабылданған шаралардың бірі болып табылады.

Осыған орай Сыңғырлау  ауылындағы мектеп-балабақша кешенін ағымдағы жөндеу  жұмыстары 2023 жылға жоспарланған.

154.        

Сыңғырлау ауылында орналасқан балабақша ғимаратына   ағымдағы жөндеу  жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастыру

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

Г.Қызылғұлова

Б.Әбілов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Облыстық мәслихат сессиясының 2022 жылғы 29 наурыздағы                           № 9/105 шешімімен Сыңғырлау ауылындағы балабақша ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджет есебінен 13 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда конкурс нәтижесі бойынша «KingDomStroy» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Келісім шарт сомасы – 10,6 млн.теңге. Аяқталу мерзімі – 13.09.2022 ж.

155.        

Бейнеу орта мектебі аумағынан №1 Алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету ғимаратын салу  жұмыстарын жүргізу

 

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

Б.Әбілов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Қазіргі таңда, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына сәйкес, жеке медициналық мекеме ЖШС «Med-Kausar» 2022 жылдың соңына дейін

ашылуы көзделуде.

156.        

Бейнеу ауылындағы коммуналдық тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу 

(Алламбергенова Айнаш)

 

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

Б.Қартбаев

Б.Әбілов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Жыл басынан бері ағымдағы жөндеуді қажет ететін  Бейнеу ауылындағы коммуналдық 5 тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар тұрақты түрде жыл соңына дейін тұрғын үйлердің жағдайына қарай жасалынатын болады.

Қарақия ауданы

 

157.        

Жетібай станциясы және Мұнайшы ауылдарындағы тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлердің орнына жаңа үйлер салуды сұрайды

(Айтымбетов Роман)

 

Б.Орынбасаров

Қ.Беков

А.Манкешова

Б.Қартбаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Жеке тұрғын үйлер өз қаражаты есебінен бәсекелестік ортадан мердігер мекеме жалдап апаттық үй деп танитын арнайы сараптамалық қорытынды алуы тиіс. Одан әрі жөндеу жұмыстарына жүргізу немесе бұзып жаңа үйлер салу үшін жергілікті атқарушы орган құзырында.

158.        

Мұнайшы ауылына спорт кешенін салу 

(Айтымбетов Роман)

Г.Қалмұратова

Қ.Жұмабаев

Қ.Беков

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

2025 жылға дейін демеушілік есебінен салу көздері қарастырылатын болады.

159.        

Мектеп оқушыларын жарыстарға, шараларға тасымалдайтын көлікпен қамтамасыз ету

(Алпысбаев Мәжит)

 

 

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

Г.Қызылғұлова

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Өнеркәсіп дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп балалардың тасымалы үшін автобустарды лизингпен 7 жылға 7%-дан аспайтын шарт арқылы сатып алуға Жол картасын әзірлеген. Маңғыстау облысы бойынша 7 автобусқа ұсыныс жіберілді. Қаржы басқармасы арқылы конкурс процедуралары жүргізіліп жатыр.

160.        

Мұнайшы ауылына «Қазақстан халқына» қоры есебінен бассейні бар спорт кешенін салу мәселесі

(Джарылгасов Ықылас)

 

Г.Қалмұратова

Қ.Беков

Қ.Жұмабаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Жеке кәсіпкер Тоғжанов Асхат Салтанат шағын ауданынан аукцион арқылы спорт кешеніне арналған жерді жеңіп алды, 2023-2024 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары аяқталады.

161.        

Жетібай ауылдық ауруханаға лифт орнату мәселесі

(Кукимбаев Мұрат)

Г.Қалмұратова

Қ.Беков

А.Жұмыров

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Қазіргі уақытта Жетібай ауылдық ауруханасында жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті құжаттар дайындалуда. Ақаулық актілері дайындалу сатысында.   Ауруханаға қондырылатын жеделсаты осы актіге кіргізілген. Акті аяқталғаннан кейін, мемлекеттік сатып алу сайты арқылы жобалық-сметалық құжаттар дайындауға тапсырыс берілетін болады.

162.        

Жетібай ауылындағы еділ суын тазарту станциясына қосымша 2000 кубтық ауыз су резервуарының құрылысын салуға және станциядағы тозығы жеткен қондырғыларды ауыстыру жұмыстарына қаражат қарастыру

Б.Орынбасаров

А.Құттұмұратұлы

М.Альбекова

Б.Қартбаев

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

2022 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджет нақтылауымен «Жетібай ауылындағы Еділ суын су тазарту өндірістік станциясы үшін көлемі 2000 текше метр ауыз су резервуарының құрылысы» жобасына 120 млн.теңге қаражат бөлінді (жалпы құны – 154,5 млн.теңге). Қазіргі таңда мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары басталды.

Аяқталу мерзімі а.ж. желтоқсан айы.

Маңғыстау ауданы

 

163.        

Ақшымырау ауылішілік жол құрылысына жасалған ЖСҚ қыркүйек айында мерзімі бітеді, осыны қолға алып бюджеттен қаржы қарап, биыл жұмыстарын бастауды сұрайды

(Мұстафин Нұрбол)

 

А.Құттұмұрат-ұлы

М.Альбекова

А.Қалиев

Т.Көшмағанбетов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Жоба құны – 554 млн. теңге. Мемлекеттік оң сараптама қорытындысы  30.09.2019ж. №01-0388/19.

Бюджет қаражатының шектеулігіне байланысты, бүгінгі күнге дейін қаражат қарастырылмады.

164.        

Тиген – Тасмұрын ауылдарына газ желісін тартуды сұрайды

(Сарбаев Тұрар)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Б.Қартбаев

А. Манкешова

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

2021 жылы қараша айында мемлекеттік сатып алу конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз болып мердігер «СМК-4» ЖШС анықталып, келісім шарт жасақталды. Қазіргі таңда жобаға қатысты түзту жұмыстары жүргізуде. Тапсырыс беруші Маңғыстау аудандық құрылыс бөлімі.

165.        

Шайыр ауылдық тоқ желілері 1974 жылы тартылған. Желілер ескірген, бағаналарын, сымдарын ауыстырып, трансформаторларды жаңартуды сұрайды

(Мерей Бердиев, Мақат Жайлаубаев)

 

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

Б.Қартбаев

«МРЭК» АҚ

(келісім бойынша)

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

МРЭК  ұйымымен  тоқ  желілерін  ауыстыру  жұмыстары  жүргізілуде. 

166.        

Тұщыбек ауылдық мектебіне  спорт залымен қоса қосымша құрылыс салынса

(Тайманов Айшуақ)

 

Г.Қалмұратова

Т.Көшмағанбетов

Г.Қызылғұлова

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

«Мағыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Тұщыбек ауылында бастауыш
мектепке қосымша ғимарат салу» жұмыс жобасы бойынша 19.02.2020 жылы конкурс жарияланып, жеңімпаз «МПК-Проект» ЖШС-гі танылды. Жобалаушы мекемемен 26.11.2020 жылы келісім шарт жасақталды. Қазіргі таңда 14.07.2021 жылы                   № PROE-0100/21 санды сараптаманың оң қорытындысы беріліп, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге «Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-сіне құжаттары тапсырылды.

2023-2025 жылға арналған инвестициялық тізімнің 2023 жылына             қосымша құрылысы  жоспарланды.

167.        

Маңғыстау ауданының орталығынан заманауи үлгідегі спорттық сауықтыру кешенін салуға ықпал етуді сұрайды

(Мамаев Рамазан)

Г.Қалмұратова

Т.Көшмағанбетов

Н.Сали

А. Манкешова

Қ.Жұмабаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Ағымдағы жылы Ауыл ел бесігі бағдарламасы аясында Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылынан  спорт зал салынып, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар 2025 жылға дейін Маңғыстау ауданын демеушілік есебінен спорт кешен салу жоспарлануда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталында 13.06.2022 жылы жобалық-сметалық құжатамасын жасақтауға конкурс жарияланды.

168.        

Маңғыстау ауданы орталығы Шетпе ауылына жаңа үлгідегі мәдениет үйі салуды сұрайды  (Біләл Мәжит)

Г.Қалмұратова

Т.Көшмағанбетов

А. Манкешова

П.Сармурзина

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Шетпе ауылынан мәдениет үйін салу үшін әкімдікпен жер белгіленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталында  15.06.2022 жылы жобалық-сметалық құжатамасын жасақтауға конкурс жарияланды.

169.        

Сайөтес ауылына мәдениет үйі құрылысын салуды сұрайды 

(Далжанов Тұщыбек)

Г.Қалмұратова

Т.Көшмағанбетов

А. Манкешова

П.Сармурзина

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

 «Маңғыстау ауданы Сай-Өтес ауылында 200 орындық кітапханасы бар ауылдық клуб құрылысына ЖСҚ байластыру» нысанына 09.11.2021 жылы конкрус жарияланып, нәтижесінде «Redline Pro» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. Жобалаушы мекемемен 27.12.2021 жылы келісім шарт жасақталды. Қазіргі таңда ЖСҚ  жасақталуда. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылы іске асыру жопарланған.

170.        

Сайөтес ауылындағы балабақшаны жөндеуден өткізу болмаса жаңа бала бақша салынса 

(Далжанов Тұщыбек)

Г.Қалмұратова

Т.Көшмағанбетов

А. Манкешова

Г.Қызылғұлова

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Сайөтес ауылындағы  «Жауқазын» балабақшасына 11 млн.тг, «Балдаурен» балабақшаына 19 млн.тг. қаражат бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

171.        

Сайөтес – Сисем ата аралық жолын салуға қаржы бөлінсе (Далжанов Тұщыбек)

 

А.Құттұмұрат-ұлы

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

М.Альбекова

А.Қалиев

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Облыстың 2023-2025 жылдардағы бюджетін қалыптастыру кезінде аудан әкімдігі тарапынан аталған жолдың құрылысына 3 355 716 мың теңгеге бюджеттік жолданды. Нәтижесі алдағы уақытта белгілі болады.

172.        

Жыңғылды ауылына жаңадан мәдениет үйін салуды сұрайды

(Төлеуғалиұлы Баянғали)

 

Г.Қалмұратова

Т.Көшмағанбетов

А. Манкешова

П.Сармурзина

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

 «Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылына 200 орындық ауылдық клуб құрылысын салу» жұмыс жобасы бойынша жобалаушы мекеме жұмысты толық аяқтамағаны үшін сотқа берілді. Қазіргі таңда қаржысын қайтаруға сот орындаушылары айналысуда.

Жыңғылды ауылдық мәдениет үйінің құрылысын салу үшін ЖСҚ жасақтауға демеуші іздестірілуде.

173.        

Бекі ауылына мектеп салуды сұрайды (Бөкеев Сағатбай)

Г.Қалмұратова

Г.Қызылғұлова

Т.Көшмағанбетов

А.Манкешова

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Демеушілік есебінен Бекі ауылына 200 орынды  мектеп салуға, конкурс жариялау жұмыстары жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжатамасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілді.

174.        

Маңғыстау ауданы Қосбұлақ – 2 шағын ауданынан мектеп құрылысын салуды сұрайды

(Аманқосова Сандуғаш)

 

Г.Қалмұратова

Г.Қызылғұлова

Т.Көшмағанбетов

А.Манкешова

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

2023-2025 жылға арналған инвестициялық тізімнің 2023 жылға              құрылысын бастау жоспарланды.

Жобалық-сметалық құжатамасы дайын, мемлекеттік сараптамадан өткізуді қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілді.

175.        

Шетпе – Таушық автожолын жөндеу керек

(Сейбағытов Медет)

Б.Орынбасаров

Т.Көшмағанбетов

А.Қалиев

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Шетпе – Таушық автожолын реконструкциялауға басқарма тарапынан ЖСҚ дайындалуда. Аталған ЖСҚ дайындау жұмыстарының мердігер мекемесі 2021 жылы анықталып, биылғы жылға осы жобаға жергілікті бюджеттен 5 млн бөлінді. ЖСҚ толығымен жасақтауға қажет сомаға бюджеттік өтінім жолданды. Алдағы уақытта жоба толығымен аяқталып, мемлекеттік сараптаманың қорытындысынан кейін реконструкциялау жұмыстары бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады.

176.        

Маңғыстау ауданы гимназия мектебінің орнына жаңадан мектеп салу немесе күрделі жөндеуден өткізуді сұрайды

(Әбішева Шаттыгүл)

 

Г.Қалмұратова

Т.Көшмағанбетов

Г.Қызылғұлова

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Қосбұлақ-2 елді мекенінен 600 орындық жаңа мектеп құрылысы салынғаннан кейін, сол ғимаратқа Шетпе гимназиясы мектебі көшіріледі. Мектептің салыну мерзімі 2024 жылға жоспарланған.

 

Мұнайлы ауданы

 

177.        

Атамекен ауылына дренаж құрылғысын орнатуды сұрайды

(Абдырханова Айдынкуль)

 

А.Құттұмұрат-ұлы

Е.Күмісқалиев

М.Альбекова

Б.Қартбаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Мұнайлы ауданы Атамекен с.о. дренаж жүйесін және нөсерлі канализациясын салу бойынша 2017 жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны - 1 014  млн. теңге. Алайда, 2020 жылы сараптама қорытындысынң мерзімі өтті. Аудан әкімдігі тарапынан жоба құнының қымбат болуына байланысты,  6 сорғы қондырылды.

2022 жылы қолданыстағы                    6 сорғыны күтіп ұстауға  Атамекен а.о. ағымдағы шығындары есебінен                         1,5 млн. теңгеге келісім шарт жасақталып, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыратын болады.

178.        

Атамекен ауылы Арай тұрғын массивіндегі жаңадан ашылған жаяу жүргіншілер жолына көше жарық шамдарын орнатуды сұрайды

(Айдархаев Жандаулет)

 

А.Құттұмұрат-ұлы

Е.Күмісқалиев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

 «Маңғыстауэнерго» МКК-на аталған жаяу жүргіншілер жолына түнгі жарық шамдарын қою үшін ұсыныс енгізілді. Бұдан басқа ауылдық округтегі бірқатар көшелердегі күйген түнгі жарық шамдарын ауыстыру үшін кәсіпорында жарық шамдарын сатып алу жұмыстары аяқталғаннан кейін қойылатын болады.

179.        

Атамекен ауылы  аумағында жол  мәселесін салуды сұрайды

(Бекжанова Аглес)

А.Құттұмұрат-ұлы

Е.Күмісқалиев

А.Қалиев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

2021 жылы  «Қаламқас» «Тамшалы» «Туған ел», «Жалын» және «Арай» тұрғын массивтеріне ұзындығы 38 шақырымды құрайтын асфальт жабындысы бар жол төсеу үшін, ЖСҚ жасақтау жұмыстары жүргізілуде. Дәл бүгінге тиісті жоба жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Мемлекеттік сараптама қорытындысы алынғаннан кейін қаражат бөлінуіне орай асфальт жол салынатын болады.

180.        

Басқұдық ауылының Алау тұрғын массивіне көше жарық шамдарын орнатуды сұрайды

(Көкебай Аққали)

 

А.Құттұмұрат-ұлы

Е.Күмісқалиев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Басқұдық ауылдық округі аумағындағы кейбір көшелерге көше жарықшамдарын орнату және электр бағаналармен қамтамасыз ету мақсатында жоба жасақталып қаражат бөлу үшін ұсыныс берілді. Жоба құны 35 млн теңге

Сондай-ақ, ауыл бойынша көшелерге көше жарықшамдарын және тоқ қысымының қуаттылығын арттыру мақсатында жаңа трансформаторлар орнату үшін  жоба жасақталып қаражат бөлу үшін ұсыныс берілді. Жоба құны 109 млн теңге.

181.        

Басқұдық ауылына көше жарық шамдарын орнатуды сұрайды

(Саянова Тазагул)

 

А.Құттұмұрат-ұлы

Е.Күмісқалиев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Басқұдық ауылдық округі аумағындағы кейбір көшелерге көше жарық шамдарын орнату және электр бағаналармен қамтамасыз ету мақсатында жоба жасақталып қаражат бөлу үшін ұсыныс берілді. Жоба құны 35 млн теңге

Сондай-ақ, ауыл бойынша көшелерге көше жарықшамдарын және тоқ қысымының қуаттылығын арттыру мақсатында жаңа трансформаторлар орнату үшін  жоба жасақталып қаражат бөлу үшін ұсыныс берілді. Жоба құны 109 млн теңге.

182.        

Атамекен ауылы аумағында қосымша мектеп салу мәселесін қарастыруды сұрайды

(Мустапаев Алланазар)

А.Құттұмұрат-ұлы

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

Е.Күмісқалиев

Г.Қызылғұлова

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Білім сапасын арттыру және 3 ауысымды жою бағытында Атамекен ауылдық округінде орналасқан №12 мектеп жанынан салынып жатырған бастауыш сыныптарға арналған 500 орындық жеке мектеп құрылысы жүргізілуде. 2022 жылдың қыркүйек айына дейін аталған мектепті іске қосу жоспарланып отыр.

183.        

Батыр ауылынан трек пунктін ашып полиция қызметкерлерін көбейту мәселесі

 (Елтеш Амантурлы)

 

А.Құттұмұрат-ұлы

Е.Күмісқалиев

А.Дүйсембаев

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Қазіргі таңда аудан көлемінде полиция қызметкерлерінің санын арттыру бағытында тиісті жұмыстар жасалынып жатыр. Мүмкіндік болса қосымша 1 учаске пункті ашылатын болады.

184.        

Қызылтөбе ауылындағы емхана ескі, күрделі жөндеу жұмысын қажет етеді

(Түркпенбайұлы Бисенбай)

 

Г.Қалмұратова

Е.Күмісқалиев

А.Жұмыров

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Мұнайлы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-мен Қызылтөбе ауылында орналасқан дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама рәсімделуде.  Жобалық сметалық құжаттарын жасақтау үшін конкурс жүргізіліп, нәтижесінде "Redline Pro"ЖШС жеңіп алды.

Қазіргі таңда, жобалау-сметалық құжаттаманы жасау бойынша аталған мекемемен шарт жасақталып, жобалық сметалық құжаттар жасақталу үстінде.

Дата публикации
25 июля 2022