Облыс әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

Барлық деңгейдегі әкімдердің 2020 жылы есеп беру

кездесулерінің қорытындысы бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ 1-ШІ ТОҚСАНДАҒЫ ОРЫНДАЛЫСЫ ТУРАЛЫ

 

№

Іс - шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Орындауға жауапты

Ескертпелер

 

Облыс әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен

ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

 

Республикалық бюджеттен (немесе жергілікті бюджеттен) қаржыландырылатындар

1.                  

Тұрғын-үймен қамту мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Н.Аққұлов

А.Хамиев

Ғ.Ниязов

Бюджет есебінен ағымдағы жылы мердігер мекемелері «Альянс Строй ЛТД-Р» ЖШС және «Еврострой» ЖШС «Акку-3» көпқабатты үйінен 670 пәтердің 446 пәтері құрылысын жүргізуде;

«Ондасын Строй» ЖШС мердігер мекемесі 19 А ш/а арендалық 144 пәтерлік екі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде (1 - бөлмелі – 72 пәтер (45м2); 2- бөлмелі 72 пәтер (67м2).

Сонымен қатар, 18 ш/а 180 пәтерлі төрт тұрғын үй құрылысының мердігері анықталып, ТОО «Ас-құрылыс» құрылысын бастап кетті (1 - бөлмелі – 100 пәтер (41м2); 2- бөлмелі 60 пәтер (64м2); 3 - бөлмелі – 20 пәтер (109м2).

Одан басқа, 19А ықшамауданындағы № 41 учаскедегі бес тұрғын үй құрылысына мемлекеттік сатып алу жүргізілуде (1 - бөлмелі – 216 пәтер; 2- бөлмелі 60 пәтер (64м2);.

18 ш/а 216 пәтерлік 4 үйдің жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамаға тапсырылды.

2.                  

Батыр ауылын газдандыру мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Б.Кашақов

А.Хамиев

Р.Елтизаров

Батыр ауылындағы тұрғын үйлердің барлығына орталықтандырылған газ жүйесі жүргізілген

3.                  

Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйінің жарықтың жиі сөнуі мәселесі

2020 жыл

III тоқсан

Б.Қашақов

А.Хамиев

Ғ.Ниязов

33 ш/а және аталған тұрғын-үйі электр энергиясымен толық қамтылған. Желі істен шыққан жағдайда қызмет көрсетіп отырған КСК немесе «АУЭС» мекемесіне хабарласады.

4.                  

Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйін газбен қамту мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Б.Қашақов

А.Хамиев

Ғ.Ниязов

Аталған тұрғын үйдің 7,9 қабатты үйінде газ құбыры бар, ал 12 қабатты үйіне газ құбырын салу нормаларға сәйкес қарастырылмаған.

5.                  

Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйінің ауыз су мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Б.Қашақов

А.Хамиев

Ғ.Ниязов

33 ш/а және аталған тұрғын-үйі ауыз су құбырымен толық қамтылған. Құбыр істен шыққан жағдайда қызмет көрсетіп отырған КСК немесе «КЖСА» мекемесіне хабарласады.

6.                  

Ақтау қаласының 35 ш/а аурухана салу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Қ.Жұмашев

Ж.Жаманбаева

Ғ.Ниязов

35 ш/ауданда аурухана салуға жер орындары жоқ, себебі аталған шағынауданда тұрғын үй нысандары орналасқан, алайда жаңа 37 ш/ауданынан көлемі 4 га құрайын жер учаскесі облыстық денсаулық сақтау басқармасына емхана салуға рәсімделді.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатындар

7.                  

Батыр ауылында ұялы байланыс мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Н.Аққұлов

Б.Ережепов

Р.Елтизаров

Батыр ауылдық округі ұялы байланыс жүйесімен қамтылған

8.                  

Батыр ауылішілік жолдар мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Н.Аққұлов

Р.Елтизаров

Батыр ауылдық  округіне  160 шақырымды  ауылішлік автокөлік  жолының  құрылысына  ЖСҚ – құжаттары  жасақталуда.

Қазіргі  таңда «Жұмыспен  қамтудың  2020-2021 жылдарға  арналған жол картасы» бағдарламасы арқылы  Батыр ауылдық  округіне  64 шақырым  ауылішлік  қатқыл  табанды автокөлік  жолы, 15 шақырым  асфальт  жабынды  автокөлік  жолын  салу  үшін  қаражат  бөлініп  мемлекеттік  сатып  алу  конкурсы  берілуде.

9.                  

Батыр ауылы ішілік жарық мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Б.Қашақов

А.Хамиев

Р.Елтизаров

Батыр ауылының көшелеріне көше жарық шамдары орнатылған және істен шығып қалған шамдарды ауыстыру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

10.              

Жастар жылы болып белгіленген 2019 жылы атқарылған шаралар мәселесі

2020 жыл

ақпан

Қ.Жұмашев

Е.Күмісқалиев

Р.Елтизаров

«2019 жылы - Жастар жылы» белгіленуіне орай «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп,  барлық техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген болатын.

11.              

Ақтау қаласында спорт кешендерінің алыс орналасу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Қ.Жұмашев

Н.Қарабалаев

Ғ.Ниязов

Жер орындарының жетіспеуіне байланысты, аталған мәселе ашық спорт алаңдарын салу және жөндеу арқылы шешіледі. Қалада 182 ашық спорт алаңдары бар.

12.              

Ақтау қаласындағы маршрут тасымалы мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Н.Аққұлов

Б.Ережепов

Ғ.Ниязов

Ақтау қаласының қоғамдық көлік автобустарын жаңарту бойынша сатып алынантын 18 дана автобустың алғашқы 30% жарнасы (216 млн. теңге) төленді. Автобустарды қалаға жеткізу қыркүйек айына жоспарланды.

13.              

Пәтерлерде су қарқынының бәсеңдеу мәселесі

2020 жыл

I тоқсан

Б.Қашақов

А.Хамиев

Ғ.Ниязов

 «КЖСА» мекемесі тұрғын үйлердің шекараларына дейін толық суларын жеткізуде, тұрғын үйдің ішіндегі құбырларға КСК-лар қызмет көрсетеді.

14.              

Ақтау қаласын көгалдандыру мәселесі

2020 жыл

III тоқсан

Б.Қашақов

А.Хамиев

Ғ.Ниязов

Қаланы көгалдандыру жұмыстары бойынша мердігер мекеме анықталып, «Атамекен» мүгедектерді қолдау қоры» Қоғамдық бірлестігімен 840,0 млн теңгеге (ҚҚС қосылғанда) 05.03.2020 жылы келісім шарт жасақталды. Қазіргі таңда суару маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

15.              

Басқұдық ауылын жарықтандыру мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Б.Қашақов

А.Хамиев

Р.Елтизаров

Басқұдық ауылдық округінің негізгі орталық көшелері көше жарық шамдарымен жарықтандырылған. Кәсіпкерлердің демеушілігімен ауылдың 4 көшесіне 32 дана көше жарық шамы орнатылды. Сондай-ақ, ауылдық округті абаттандыру шеңберінде 40 дана көше жарық шамын орнату жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ауылішілік кейбір көшелерге көше жарық шамдарын орнату үшін "Тасқала-САЗ" ЖШС-гі тарапынан жобалық сметалық құжаттама жасақталып, көше жарық шамдарын орнатуға қаражат бөлу үшін ұсыныс енгізілді. Алдағы уақытта қаржыландыру мәселесінің шешілуіне қарай, бұл жұмыстар жүзеге асырылатын болады.

16.              

Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйінің алдында ойын алаңының мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Б.Қашақов

А.Хамиев

Ғ.Ниязов

2020 жылға арналған күрделі жөндеу жұмыстарының жоспарына қосылды.

17.              

Ақтау қаласының 33 ш/а 21 үйінің алдындағы жасыл желектерді отырғызу және суару мәселесі

2020 жыл

III тоқсан

Б.Қашақов

А.Хамиев

Ғ.Ниязов

Ағымдағы жылы көгалдандыру жұмыстары аясында тиісті жұмыстар атқарылады.

18.              

Ақтау қаласының 33 ш/а жабық аялдама салу мәселесі

2020 жыл

III тоқсан

Н.Аққұлов

Б.Ережепов

Ғ.Ниязов

Ақтау қаласының жабдықталмаған аялдмаларын конструкциялау бойынша жергілікті бюджеттен 23 аялдама салу бойынша қаражат сұратылды. Қазіргі таңда халық көп шоғырланатын 23 аялдманың тізімі жасақталды. Тізімде 33 ш/а орналасқан аялдама бар. Бюджет нақтылау барысында ұсынылады. Бір аялдаманың бағасы – 2 379,5 мың теңге.

19.              

Шағынаудан ішілік жол мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Н.Аққұлов

Ғ.Ниязов

Шағын аудан ішкі жолдарын ағымдық және шұңқырлы жұмыстарын жүргізуіне бюджеттен 91,4 млн. теңге қарастырылған (18 900 м²). Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жасалады.

Одан бөлек 2,6,12,26,27 ш/аудандарды толық жөндеу жұмыстары жүргізіледі (тротуар, асфальт, балалар ойын және спорт алаңдары)

20.              

Тротуарлар салу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Н.Аққұлов

Ғ.Ниязов

Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жасалады.

Одан бөлек 2,6,12,26,27 ш/аудандарды толық жөндеу жұмыстары жүргізіледі (тротуар, асфальт, балалар ойын және спорт алаңдары)

21.              

Ақтау қаласында ойын алаңының мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Б.Қашақов

А.Хамиев

Ғ.Ниязов

2020 жылға жоспар 9 балалар ойын алаңын салу жоспарланған. Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жасалады.

Қаражатты қажет етпейтін іс-шаралар

22.              

Сұйытылған мұнай газының бағасы мәселесі

Ұдайы

Ә.Қыраубаев

А.Хамиев

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (2020 жылғы   3 сәуірдегі № 22) және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (2020 жылдың 3 сәуірдегі № 125) «Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған  сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы» бірлескен бұйрығы бекітілді. Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газының (бұдан әрі - СМГ) шекті бағасы литріне 50 теңге мөлшерінде бекітілген. Қазіргі таңда облыс бойынша автокөліктерге газ құю станцияларында СМГ-ның бағасы 35-50 теңгені құрайды.

 

2020 жылдың 1 мамыр бойынша автокөліктерге газ құю станцияларындағы СМГ бағасы бойынша ақпарат

Қала және аудандар атауы

АГҚС саны

СМГ бағасы

Ақтау қаласы

        61

35-45

Жаңаөзен қаласы

42

45-50

Бейнеу ауданы

12

50

Қарақия ауданы

19

45-50

Маңғыстау ауданы

36

50

-

Мұнайлы ауданы

60

35-50

-

Түпқараған ауданы

12

35-50

-

Барлығы

242

 

 

23.              

Батыр ауылындағы ірі-қара малының жасыл желектерді бүлдіру мәселесі

2020 жыл

I тоқсан

Б.Қашақов

Р.Елтизаров

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 408 бабына сәйкес, мал иелеріне әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, шаруашылық иелеріне малдарды қараусыз жібермеу туралы түсінік жұмыстары жүргізілуде және әлеуметтік желілерге де мақала жарияланып келеді.

24.              

Батыр ауылында қосалқы шаруашылыққа жер телімін беру мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Б.Қашақов

Е.Дүзмағанбетов

Р.Елтизаров

            Батыр ауылының бекітілген бас жоспарында қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімі қарастырылмаған.

Болашақта бас жоспарға тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда, мәселе шешімін табатын болады.

25.              

Ақтау қаласында электр энергиясын тасымалдайтын «Альянсэнергоснаб» мекемесі мәселесі

2020 жыл

наурыз

Б.Қашақов

А.Хамиев

 

«Альянсэнергоснаб» мекемесі ҚР «Энергетика туралы»  Заңына сәйкес  бәсекелестік  негізде қызмет етеді.  Энергия жабдықтаушы ұйымдарды анықтау  тұтынушылардың  таңдауы арқылы жүзеге асырылады.

26.              

Анасын мүгедектік статусынан айырылғандығы туралы мәселесі

2020 жыл

наурыз

Қ.Жұмашев

Ш.Дүйсенов

 

Ақтау қаласының   6 шағын аудан 26 үй  14 пәтер тұрғыны зейнеткер Е. А.Ахмироваға  01.05.2009 жылдан бастап  Ақтау қалалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы есебінде болып, стандартқа сай арнаулы әлеуметік қызмет  көрсетілді. Алайда, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес Ақтау қаласында тұратын еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары бар қызмет алушыларды есептен шығарған жалғызілікті қарттар   тізімінде                      Е.А.Ахмирова да болып, 20.05.2019 жылы Орталық есебінен шығарылды.

 Зейнеткер Е. А.Ахмированың қала әкімінің халықпен кездесу кезінде өтінішіне сай Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары түсінік жұмыстары жүргізіп, қазіргі кезде                  Е.А.Ахмирова еңбек ардагері ретінде қала көлемінде өткізілетін мерекелерге шақырылып, қайырымдылық шаралармен қамтылған. 

27.              

Дәрігерлердің пациенттермен қарым-қатынасы мәселесі

2020 жыл

ақпан

Қ.Жұмашев

Ж.Жаманбаева

 

Облыстың барлық мемлекеттік және мемлекеттік тапсырысты орындайтын жеке меншік медициналық ұйымдарында  «Қазір және осы жерде» қағидаты бойынша пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі ұйымдастырылды. Бұл қызметті арнайы оқытылған аудит сарапшылары атқарады, сонымен бірге денсаулық сақтау басқармасының өңірлік Coll орталығы 30-30-60 тәулік бойы қызмет етеді.   

28.              

Ақтау қаласының жағажайында үй салу арқылы теңіз жағалауын жауып тастау, соған сәйкес тұрғындарға қолайсыз жағдай туғызу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Н.Аққұлов

Ш.Тәжіғараев

Ғ.Ниязов

4А ш/а құрылысын бастағысы келген жаңа көпқабатты тұрғын кешеннің иелері тұрғындармен қоғамдық тыңдаулар өткізді, нәтижесінде қорытнды шешімге келген жоқ, төтенше жағдай режимі аяқталған соң қайтадан тұрғындармен қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. 

29.              

АЗПМ (Ақтауский завод пластмассовых материалов) зауытына қатысты комиссия шешімінің мәселесі

2020 жыл

наурыз

Б.Қашақов

Д.Құсбеков

2018 жылы сот шешіміне сәйкес Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қалдықтарды республикалық меншікке «Жасыл Даму» АҚ-на өткізді.

2021 жылы «Жасыл Даму» АҚ-ы зертханалық зерттеулер жүргізу, қоршаған ортаға әсерді анықтау және қауіпті қалдықтардың мөлшерін анықтау жұмыстарын жүргізу  жоспарлауда.

30.              

ҰОС ардагері Сейілхан Хайрушевке естелік тақта орнату мәселесі

2020 жыл

I тоқсан

Қ.Жұмашев

П.Сармурзтина

С.Төлетов

 

31.              

Жаңадан түсірілген фильмді тамашалау мәселесі

2020 жыл

наурыз

Қ.Жұмашев

Е.Күмісқалиев

Жаңаөзен қаласы жастарының түсірген қыстаметражды фильмін облыс әкімінің қатысуымен көрсетілімін ұйымдастыру наурыз айының екінші жартысына жоспарланған болатын. Алайда, төтенше жағдайға байланысты шара кейінге қалдырылды.

32.              

Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыздық мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Ә.Қыраубаев

Ш.Дүйсенов

М.Ибағаров

            Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында 2020 жылдың 01 сәуірдегі мәлімет бойынша Ақтау қаласында жатақханаға орналасқан қала тұрғындарының - 16 адамды құрайды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 бағдарламасына сәйкес, тұрақты жұмысқа орналасты -  426, әлеуметтік жұмысқа - 166, жастар практикасына - 70, қоғамдық жұмысқа - 1048 жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылды. Барлығы 1710 адам жұмыспен қамтылды.

 

33.              

Ақтау қаласындағы жол кептелісі мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Н.Аққұлов

Б.Ережепов

Ғ.Ниязов

Қазіргі уақытта қала жолдарында автокөліктердің қозғалысы барысында жол кептелістері «час-пик» кездерінде туындайды.

Осы мәселені шешу үшін қазіргі таңда қала аумағында автомобиль жолдарын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бүгінгі күні  бірнеше жобалар жасақталып, бұлардың барлығы жол сапасын арттыру мен кептеліс мәселесін шешуге бағытталып отыр.

34.              

Ақтау қаласының 43 км солтүстік бағытындағы демалыс орнының мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Б.Қашақов

А.Қосуақов

 

35.              

Қатем ата қауымының мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Б.Қашақов

П.Оналбаевна

Р.Елтизаров

Мұнайлы ауданы бойынша жергілікті маңызы бар 28 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Оның ішінде 16 ескерткішке қамқоршы мекемелер тағайындалып, жұмыстар жүргізіліп келеді.

Облыс бойынша реставрациялық жұмыстарды қажет ететін ескерткіштер тізімі жасақталып, соның ішінде аудан бойынша Жұлдыз қорымы, Өзбек қорымы және Қатем Ишан қорымы ескерткіштері бар.

 «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен аталған үш тарихи ескерткіштерге реставрациялық жұмыстар жүргізу бойынша ЖІЖ (ПИР) жасақталды. Қазіргі таңда, өлкеміздің тарихи және мәдени ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, ЖСҚ жасақтауға және реставрация жұмыстарын қаржыландыруға ұсыныс берілді.

Демеушілер қаржысы есебінен

36.              

Ақтау қаласында велотұрақтар салу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Н.Аққұлов

Б.Ережепов

Ғ.Ниязов

Велотұрақтар салу мәселесі қарастырылуда. Қала тұрғындарына теңіз жағалауында велосипед айдайтын  арнайы белгіленген жолақтар бар.

37.              

«Каспий» футбол клубына стадион салу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Қ.Жұмашев

Н.Қарабалаев

 

Ақтау қаласындағы  8 мың көрерменге арналған стадион құрылысы 6-7 млрд. теңге заманауй жаңа стадион салу бойынша инвесторлармен  мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жобаны іске асыру үшін келіссөздер жүгізілуде. Келіссөз  жүргізу барысында италиандық LCW Kazakstan компаниясынын бас директоры Стефани Волпиға наурыз айының алғашқа аптасына шақыру жіберілді, алайда елімізде болып жатқан пандемияға байланысты кездесу кейінге шегерілді. Жаңа ақпараттар бойынша  қосымша хабарланады.

38.             \

Темір жол вагондары жағдайының нашарлығы мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Н.Аққұлов

Б.Ережепов

2019 жылдың шілде айында вагондарының тозу деңгейі ең жоғары «Алматы-Маңғыстау» бағыты жаңа 64 вагонмен толықты (48 плацкарт, 16 купе). Сондай-ақ, 2019 жылдың соңында «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан» бағытындағы 3 пойыз жаңа вагондармен толықтай жаңартылды. Қалған бағыттар бойынша вагондарды жаңарту «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

 

Ақтау қаласы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен

ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

 

Республикалық бюджеттен (немесе жергілікті бюджеттен) қаржыландырылатындар

39.              

«Приморский» т/м қаңғыбас иттердің көбеюіне байланысты иттерді жою  мәселесі

2020 жыл

жыл бойы

Ғ. Ниязов

Өмірзақ ауылына қарасты «Приморский», «Приозерный», «Рауан» тұрғын массив аумақтарынан жылдың басынан 145 қаңғыбас ит ауланды, жұмыстар жүргізілуде, бақылауда.

40.              

Шығыс-2 және Шығыс-3 шағынаудандардың инфрақұрылымдарының құрылыстарын бастау

2020 жыл

IV тоқсан

Н. Аққұлов

Ш.Тәжіғараев

Ғ. Ниязов

Шығыс-2 ш/а су және кәріз құбыры бойынша мердігер мекемесі анықталды («Альянс ЛТД» ЖШС) құрылыс жұмыстар жүріп жатыр.

Шығыс-3 ш/а электр желісі бойынша мердігер мекеме анықтады («Электромонтаж» АҚ), құрылыс жұмыстар жүріп жатыр.

Шығыс-3 ш/а су және кәріз құбырын салу бойынша мемлекеттік конкурс өткізіліп, мердігер мекеме анықталды («Көлсай» ЖШС), құрылыс жұмыстар жүріп жатыр.

41.              

Жаңа шағынаудандарды жылумен қамту үшін «Каспий энергетикалық хабының» сыртқы инфрақұрылымының құрылысын салу аясында «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан АГРС орнатып магистралды газ құбырын салу» жобасын жүзеге асырсын

2020 жыл

IV тоқсан

Б. Қашақов

А. Хамиев

Ғ. Ниязов

Екі рет мемлекеттік сатып алулар конкурсы (25.11.2019 ж. және 05.02.2020 ж.) ұйымдастырылып, нәтижесінде конкурс танылмады деп қорытындысы шықты.

16.04.2020 ж. үшінші рет мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде, нәтижесі 15 мамыр айында анықталады.

42.              

Қаланың бас жоспарына сәйкес, №1–кәріз тазарту  құрылғысын кәріз насосты станциясына қайта құрылымдау жұмыстарын жүзеге асырсын

2020 жыл

IV тоқсан

Б. Қашақов

А. Хамиев

Ғ. Ниязов

 

Жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтауға қаражат күтілуде.

43.              

Теңіз жағалауын  туризмге бағытталған кешенді шаралармен толықтыруға ұсыныстар әзірлеп жүзеге асырсын

2020 жыл

IV тоқсан

Н. Қилыбай

Н. Айтжан

Ғ. Ниязов

Ақтау қаласының теңіз жағалауын қала тұрғындарына және қонақтарға қолайлы ету мақсатында 15А, 14А ш/а, «Жартас соқпағы» салынды, қазіргі таңда Жартас соқпағынан  «Сарбаз» жағалауы аралығын абаттандыруды жоспарлап, ЖСҚ жасақталуда.

44.              

Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту үшін «Каспий су тұщыту зауытының» қуаттылығын тәулігіне 40 мың.м3  дейін күшейту жобасын жүзеге асыру бойынша шаралар алынсын

2020 жыл

IV тоқсан

Б. Қашақов

А. Хамиев

 

«Каспий су тұщыту зауытының» қуаттылығын тәулігіне      40 мың.м3  дейін күшейту жобасын жүзеге асыру республикалық бюджеттен 1,0 млрд. теңге қаражат бөлініп, мердігер мекеме «Caspian Contractors Trast» ЖШС құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру                2021 жылдың қазан айында жоспарланған.

45.              

«Қошқар ата» қалдықтар қоймасын залалсыздандыру жұмыстарын мерзімінде бастауды және жұмыс барысын бақылауды жүзеге асырсын

2020 жыл

IV тоқсан

Б. Қашақов

Д. Құсбеков

Ғ. Ниязов

2019 жылғы 21 қарашада ҚР Парламенті Сенатында өткен «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысында депутаттар «Қошқар-Ата қалдық қоймасын қалпына келтіру» I кезең» жобасын іске асыру және осы экологиялық проблеманы шешу жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі туралы мәселені көтеріп,              100 млн. теңге көлеміндегі қаражат қолдау тапты.            

Осыған байланысты «Қошқар-Ата қалдық қоймасын қалпына келтіру» I кезең» жобасын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік сатып-алу арқылы  2019 жылдың  13 желтоқсан күні конкурс жарияланып, нәтижесінде                   2020 жылдың  14 ақпаны күні № 3813333-КПКО3  қорытындылар туралы хаттамасына cәйкес «Павлодар өзен порты» АҚ-ы жеңімпаз  болып анықталған болатын.

Конкурстың нәтижесінде жеңілген 3 (үш) әлеуетті өнім беруші  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2015 жылғы 11 желтоқсандағы                     № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, конкурс жеңімпазы атанған «Павлодар өзен порты» АҚ-ның соңғы жылдардағы атқарған жұмыс тәжірибелерінің өтіліне байланысты өз келіспеушіліктерін білдіріп шағым түсірді. Аталған шағымдар ҚР-ның Мемлекеттік сатып алу туралы және   ҚР-ның мемлекеттік аудит және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес камералдық бақылау шеңберінде қаралып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша 06.03.2020 жылы шағымда көрсетілген фактілер расталмады.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен «Павлодар өзен порты»  АҚ-ның арасында 13.03.2020 ж. № 65  келісім шарт жасақталды.

Алайда, Әлеуетті өнім беруші «Казахдорстрой» ЖШС-гі және «Caspian Contractors Trust» (Каспиан Контракторс Траст)    ЖШС-гі         уәкілетті органның шешімімен келіспей, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағым жасады.

          Қазіргі таңда «Қошқар-Ата қалдық қоймасын қалпына келтіру» I кезең» конкурсы бойынша Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 17.03.2020 жылы «Павлодар өзен порты» АҚ-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға тыйым салу туралы және 18.03.2020 ж. және 02.04.2020 ж. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен «Павлодар өзен порты»  АҚ-мен жасалған келісім шартты орындауға байланысты кез келген іс-әрекеттерді орындауға тыйым салу туралы анықтамалары шықты.

         Осыған орай, алдағы уақытта Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Казахдорстрой» ЖШС-гі  және   «Caspian Contractors Trust» (Каспиан Контракторс Траст)    ЖШС-нің шағымдары қаралатын болады.

46.              

2019 жылы «Нұрлы жер» және «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламалары аясында Ақтау қаласының жаңа және төменгі шағынаудандарын электр энергиясымен қамтамасыз етудің жобаларын жүзеге асырсын

2020 жыл

IV тоқсан

Б. Қашақов

А. Хамиев

Ғ. Ниязов

2019 жылы 17,18А ш/а электр энергиясымен толық құрылысы аяқталып іске қосылды.

Осы жылы 16,18,19,19а, ш/аудандарды электр энергиясымен қамту үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Төменгі шағынаудандарды электр энергиясымен қамту мақсатында «Хазар» БТҚ құрылысы салынуда. Қаланын төменгі шағынаудандарына электр энергиясын күшейту мақсатында, ағымдағы жылы ГПП "Хазар" 110/6 кВ нысанның құрылысы аяқталды, қазіргі таңда іске қосуына (пуско-наладочные работы) мердігер мекеме анықталуда.

Жаңа шағынаудандарына қамту мақсатында «Каспий энергетикалық ХАБы» сыртқы инфрақұрылым құрылысы щеңберінде кернеуі 110 кВ электр тарату желісін және 110/10 кВ ҚС 2 қосалқы станциясын салу» нысаны құрылысын  «Электромонтаж» ЖШС жасақтауда.

47.              

33 және 35 шағынаудандардың арасын қосатын автожолы,

Өмірзақ ауылынан «МАЭК-Казатомпромның» су каналына дейінгі автожол құрылыстарын аяқтасын

2020 жыл

IV тоқсан

Н. Аққұлов

Б.Ережепов

Ғ. Ниязов

33,34,34А ш/а бойындағы №26 автожолды салуға                  2020 жылы 30 млн. теңге бөлінді.

Өмірзақ ауылынан «МАЭК-Казатомпромның» су каналына дейінгі автожол құрылысын Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жүргізуде. Мердігер мекеме – «Алтынқұрық» ЖШС. Құрылыс жұмыстары маусым айында аяқтау жоспарланған.

48.              

Қалада білім, денсаулық сақтау салаларындағы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін қажетті мамандарды өңірге шақырту арқылы, тиісті шараларды қамтамасыз етсін

2020 жыл

IV тоқсан

Қ. Жұмашев

А. Сейдалиев

Ж.Жаманбаева

Ғ. Ниязов

Мектептердегі орыс тілді пәндерінің мұғалім тапшылығын азайту мақсатында Орал, Өскемен, Тараз, Павлодар қалаларынан шақырту жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатындар

49.              

Құбыр ұзындығы 17,3 км болатын «КОС-1-ден КОС-2-ге дейінгі ағынды коллектор құрылысы» бойынша жобасын пайдалануға беруді қамтамасыз етсін

2020 жыл

IV тоқсан

Б. Қашақов

А. Хамиев

Ғ. Ниязов

 «КОС-1-ден КОС-2-ге дейінгі ағынды коллектор құрылысы» нысаны бойынша "Фирма В и К ЛТД " ЖШС мердігер мекемесімен құрылысы жүруде. Траншея қазу жұмыстары -10 км. Сонын ішінде 9 км труба колекторын салып бітірді.

50.              

Қалада КОС-2 нысанын іске қосу бойынша тиісті құрылыс-техникалық сараптамадан өткізу жұмыстарын аяқтасын

2020 жыл

IV тоқсан

Н. Аққұлов

Ш. Тәжіғараев

 

Қазіргі таңда КОС-2 нысанын іске қосу бойынша тиісті құрылыс-техникалық сараптамасынан өткізу жұмыстары толық аяқталды. Ендігі кезекте, «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына балансқа беруге тиісті іс-шаралар жүргізілуде.

51.              

«Приморский» т/м су құбыры жарылған жағдайда ауыл тұрғындары сусыз қалмау мақсатында орталық кран қою мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Б. Қашақов

А.Хамиев

Ғ. Ниязов

 «Приморский» т/м су құбыры жарылған жағдайда ауыл тұрғындары сусыз қалмау мақсатында әр көшеге кран қоюға 12  млн. теңге сомасындағы қаражат бөлініп, мердігер «Ақтау тұрғынүй» МКК-мен келісім-шарт жасақталды. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың мамыр айы.

52.              

«Приморский» т/м жарықталмаған көшелеріне жарық шамдарын орнату мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Б. Қашақов

А.Хамиев

Ғ. Ниязов

Приморский тұрғын массивінің барлық көшелері жарық шамдармен қамтылған, 369 жарық шамдары барлығы жанып тұр. Қызмет көрсететін мекеме – «АУЭС» МКК.

53.              

«Рауан» т/м тұрғындарына балабақша, спорт ойын алаңдарын салу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

А.Сейдалиев

Ғ. Ниязов

Рауан тұрғын массивінде 100 орындықты «Рауан» жеке балабақша жұмыс жасап тұр (2018 жылы іске қосылған). Онда 100 бала тәрбиеленуде.

Рауан т/м спорт ойын алаңын салуға – 22,1 млн. теңге, балалар ойын алаңын салуға – 10,7 млн. теңге қаржы қажет етеді.

54.              

Қала бойынша балалар ойын алаңдарын және  спорт алаңын салу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Ғ. Ниязов

Осы жылы 9 балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 90 млн. теңге қарастырылды. 6 спорт алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 72,9 млн. теңге қарастырылды.  Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жасалады.

55.              

Шағын ауданның ішкі жолдарын ағымдық және шұңқырлы жұмыстарын жүргізу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Н. Аққұлов

Б.Ережепов

Ғ.Ниязов

Шағын аудан ішкі жолдарын ағымдық және шұңқырлы жұмыстарын жүргізуіне 2020-2022 жылға бекітілген бюджетте 91,4 млн. теңге қарастырылған (18 900 м²). Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жасалады.

Одан бөлек 2,6,12,26,27 ш/аудандарды толық жөндеу жұмыстары жүргізіледі (тротуар, асфальт, балалар ойын және спорт алаңдары)

56.              

Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары мен жер учаскелері дайын жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін

2020 жыл

IV тоқсан

Қ. Жұмашев

А. Сейдалиев

Ғ. Ниязов

Шығыс-1 ш/а 300 орындықты мектеп құрылысына «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында қаражат бөлініп,  Мемлекеттік сатып алу басқармасына 15.04.2020 жылы конкурс өткізуге өтінім жолданды. 

17 ш/а 300 орындық мектептің жобасы дайын, қаражат жекеменшік инвестиция есебінен қарастырылатын болады. 18,19А,31А ш/а 1200 орындық мектептің жобасы сараптамаға кіргізілді, шығу уақыты – 20.06.2020 ж.

16,19 ш/а 1200 орындық  мектептің жобасы жасақталуда 31.05.2020 жылы сараптамаға жолданады.

34 ш/а 900 орындық мектеп құрылысының жұмыстары жүргізілуде осы жылдың қыркүйек айында іске қосылады.

57.              

Шағынауданішілік жолдарды ағымдағы жөндеу мен қалаішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат қарастырсын

2020 жыл

IV тоқсан

Ә. Қыраубаев

М. Альбекова

Ғ. Ниязов

 

2020 жылы қалаішілік №6 автожолға (№21 автожол қиылысынан №9 автожол қиылысына дейін) 32,1 млн. теңге, №21 автожолға (6-автожол қиылысынан 16-қиылысына дейін) орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 69,1 млн. теңге бюджетке ұсыныс жолданды.  Аталған жобалар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қаржыландырылады. Конкурстық рәсімдер өткізілді:

  №6 жол бойынша мердігер - «Беркан Сервис» ЖШС-і:

  №21 жол бойынша мердігер - «Ақтау+НШ» ЖШС-і.

Шағын аудан ішкі жолдарын ағымдық және шұңқырлы жұмыстарын жүргізуіне 2020-2022 жылға бекітілген бюджетте 91,4 млн. теңге қарастырылған (18 900 м²). Мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жасалады.

Одан бөлек 2,6,12,26,27 ш/аудандарды толық жөндеу жұмыстары жүргізіледі (тротуар, асфальт, балалар ойын және спорт алаңдары)

58.              

Тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу өткінші жолдарын (пешеход) жарықтандыруға қаражат бөлу мүмкіндігін қарасын

2020 жыл

IV тоқсан

Ә. Қыраубаев

М. Альбекова

Ғ. Ниязов

Қала бойынша жарықтандырылатын 175 жаяу жүргінші өтпелері анықталды, барлығын толық ауыстыру үшін 144 млн. теңге қаражатты қажет етеді. Бастапқыда жаяу жүргінші өтпелерін жарықтандыруға ақпан айындағы нақтылаумен  бюджеттен 10 млн. теңге қарастырылды. Қалған жаяу жүргінші өтпелерін жарықтандыруды қаржыландыру мәселесі бюджет мүмкіндігіне қарай алдағы бюджет нақтылауларында облыстық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылатын болады.

59.              

Қоғамдық көлікте мүгедектерді (1-топ, 2-топ), көп балалы аналарды, бала жастан 1-ші және 2-ші топ мүгедектерін, Чернобль атом станциясы апатының мүгедектерін, Ақтау қаласының Құрметті азаматтарын тегін жүргізуге субсидияға бюджеттен қажетті қаражат бөлу мүмкіндігін қарасын

2020 жыл

IV тоқсан

Ә. Қыраубаев

М. Альбекова

Ғ. Ниязов

Жергілікті бюджеттен көрсетілген санаттағы азаматтарды тегін тасымалдауға 150 млн. теңге субсидия бөлінді. Барлығы – 9 438 адам.

1200 адамға тегін жүру карточкасы берілді. Қалғанына төтенше жағдай режимі аяқталған соң беріледі.

Қаражатты қажет етпейтін іс-шаралар

60.              

«Приморский» т/м қазылған жол құрылысын қайта қалпына келтіру мәселесі

2020 жыл маусым

Н. Аққұлов

Ш.Тәжіғараев

Ғ.Ниязов

 «Шебер құрылыс» ЖШС инженерлік желілер құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуіне байланысты жол құрылысы бұзылған болатын. Бұзылған жол қалпына келтірілді.

61.              

Өмірзақ ауылына қатынайтын №4, №4М маршруттарды демалыс күндері қатынау мәселесін бақылауға алу

2020 жыл

жыл бойы

Н. Аққұлов

Б.Ережепов

Ғ. Ниязов

Қазіргі таңда Өмірзақ ауылына қатынайтын №4, №4М маршруттары демалыс күндері үздіксіз қатынауда (интервал 1 сағат сайын)

62.              

«Приморский» т/м жанындағы жиналған көлді жою мәселесі

2020 жыл

наурыз

Б. Қашақов

Д.Құсбеков

Ғ. Ниязов

 «Приморский» т/м жанындағы жиналған көлді жою бойынша толықтай құм төселіп, қоқыстары алынып, жұмыстар атқарылды.

63.              

«Приозерный» т/м аумағындағы «Оймаша» сорындағы суды зерттеп, қажетті мекемелерден қорытындысын алу бойынша ұсыныс беру

2020 жыл

IV тоқсан

Б. Қашақов

Д.Құсбеков

Ғ. Ниязов

2013 жылы «Кіші Оймаша» көліне экологиялық және гидрогеологиялық зерттеу» ҒЗЖ жүргізілді: көлге іргелес аумаққа гидрогеологиялық, жағалау аймағы мен көл суына радиологиялық зерттеулер жүргізілді, химиялық талдаулар жасалды.

Көлдің өзі мен жағалау аймағындағы 126 нүктеде жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша гамма сәулесінің қуаттылығы, химиялық уытты ингриеденттердің концентрациясы шекті қауіпсіз мөлшерден  аспайтындығы анықталды.

Осыған байланысты аталған учаскеде санитарлық-қорғау аймағын ұйымдастыру талап етілмейді.

Сонымен қатар, Кіші Оймаша көлі Маңғыстаудың бірнеше су қоймаларымен қатар, мұнда өнеркәсіптік ауқымда шаяндарды өсіру бойынша бизнесті дамытуға және осы мақсатта жергілікті халықты қатыстыруға ниетті инвестор белгілі болды.

Көл акваториясын инвесторлар өз балансына алып, артемия салина шаяндарын жасанды жағдайда өсіргісі келеді. Инвестор зерттеу жүргізіп, талдау көл суы осы қызметпен айналысу үшін қолайлы екенін көрсетті. Бүгінгі таңда инвестор аталған жұмыстарды жүргізу үшін жер телімдерін рәсімдеу бойынша  жұмыстарын жүргізуде.

64.              

«Ақжүніс» көпбалалы қоғамның мүшелеріне жиналатын бөлме тауып беру мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Қ. Жұмашев

Ғ. Ниязов

 «Ақжүніс» көпбалалы қоғамның мүшелеріне Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығынан жиналуға бөлме берілді.

65.              

Есту, сөйлеу қабілеті жоқ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Қ. Жұмашев

Ш.Дүйсенов

Ғ. Ниязов

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 251 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамту орталықтарына хабарласты.  Аталған санаттағы 1 азаматқа шағын несие берілді,  4 азаматқа мемлекеттік  грант берілді, 31 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды және әлеуметтік жұмыс орнына - 13, жастар практикасына - 14, ақылы қоғамдық жұмыстармен - 182 азаматтар қамтылды. Барлығы 245 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

66.              

ДЦП-мен ауыратын балаларды жекеменшік емес мемлекеттік оңалту орталығы арқылы емдеу үшін орталықтарды салу мәселесі бойынша денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс жолдау 

2020 жыл

наурыз

Қ. Жұмашев

Ж.Жаманбаева

Ғ. Ниязов

Ақтау қаласында орналасқан алайда, Маңғыстау облысының білім басқармасына қарасты «Есту қабілеті бұзылған, психикалық дамуы тежелген және сөйлеу тілінде ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған №4 арнайы балабақша (185 бала тәрбиеленуде); «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасы» (128 бала тәрбиеленуде); «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық мектеп интернатында» (176 бала тәрбиеленуде); «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясында» (6175 бала тіркелген).

Одан бөлек, халыққа тегін кепілді медициналық көмек көрсету көлемі шеңберінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде оңалту (реабилитация) қызметі ұйымдастырылған, олар: Нейрон (40 орын), Сенім (15 орын), Ерме Мед (15 орын) медициналық орталықтарында тәулік бойынша жатып емделетін стационар, АҚЕ-1, АҚЕ-2, Софи-Мед, Ясин Медикер Каспий орталықтарында күндізгі стационар оңалту қызметін көрсетеді. Оңалту орталықтарында науқастар тегін қызмет алады.

67.              

Қала іргесінде орналасқан бұрынғы ХГМЗ зауытын нысан иесі «Каспий эколоджи» мекемесінің сот шешімімен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу бақылауға алынсын

2020 жыл

IV тоқсан

Б. Қашақов

Д. Құсбеков

Р. Тукенов

Ғ. Ниязов

Маңғыстау облысы жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы тарапынан «Каспий Экологи» ЖШС-нің қызметіне, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қатысты Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз ұсынылды. Сәйкесінше, «Каспий Экологи» ЖШС-нің 07.3.2019 жылғы №02-05/639 нұсқамада көрсетілген Ақтау қаласы, өндірістік аймақта орналасқан жер учаскелерінде бүлінген жерді жаңғыртуға, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақытылы тартуға міндеттелуі туралы 22.10.2019 жылы №4712-19-00-2/2305 ҚР атынан шешімі шықты.

«Каспий Экологи» ЖШС-нің басқармаға ұсынған ресми мәліметтері бойынша бүгінге дейін аймақтағы ескі нысандардың 70-80% бұзылған. Жасақталған график бойынша қалған бетонды нысандарды бұзу - 2020-2021 жылдарға жоспарланып отыр.

68.              

Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге одан әрі қолдау көрсетілсін, кәсіпкерлік жобалар әрдайым сүйемелденсін, кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтарға жер бөлу мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалары аясында бекітілген Бас жоспарға сәйкес аукциондар мен конкурстар жиі ұйымдастырылсын

2020 жыл

Ғ. Ниязов

2020ж. қала бойынша 2 рет аукцион өткізіліп, жалпы көлемі 6,2590 гектар құрайтын 9 жер учаскесі 308 768 376 теңгеге (кадастрлық бағасы – 144 860 692 теңге) бюджет кірісіне түсті.

Өз кезегінде, жаңа шағын аудандарда инфрақұрылымдардың болмауына байланысты, жер учаскелерді сауда-саттыққа шығару мүмкіндігі болмауына байланысты, бүгінде тек қана автобус аялдамаларына мобильді павильондар, сондай-ақ билбордтар орналастыру үшін жер учаскелерді сауда-саттыққа (аукцион) шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Демеушілер қаржысы есебінен

69.              

Шығыс-1,2,3 ш/а мектеп салу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Қ. Жұмашев

А.Сейдалиев

Ғ. Ниязов

Шығыс-1 ш/а 300 орындықты мектеп құрылысына «Әлеуметтік жол карасы» аясында қаражат бөлініп,  Мемлекеттік сатып алу басқармасына 15.04.2020 жылы конкурс өткізуге өтінім жолданды. 

70.              

Қаладағы  Жаңаөзен, Ақшұқыр, Тельман, Шетпе бағытындағы таксилерді бір жерге шоғырландыру мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Н. Аққұлов

Б.Ережепов

Ғ. Ниязов

29А ш/а «Нұр Плаза» қонақ үйі жанындағы «Ақтау қалалық жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары көлігі» ММ-сі теңгеріміндегі 2,1 га құрайтын жерге такси тұрағын салуға қазіргі таңда инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде.

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен

ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

 

Республикалық бюджеттен (немесе жергілікті бюджеттен) қаржыландырылатындар

71.              

Рахат-2-ден «Рауан» ш/а - Қызылсай тас жолына дейінгі жолдың бойына жарық бағандарын орнату мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Б. Қашақов

А. Хамиев

М. Ибағаров

Балғынбаев көшесінің бұрылысынан Рауан ш/а  14-15 үйлер жанындағы аялдамаға дейін жарық шамдары орнатылады, бюджеттен қаражат бөлінді. Конкурстың нәтижесі бойынша жеңілпаз  «Оңдасын Сторй» ЖШС. Қазіргі таңда  құрылыс материалдарын сатып алу жұмыстары жүргізілуде мамыр айынан бастап, монтаждау жұмыстарын бастайды. Мерзімі 9 ай. 

72.              

Жаңаөзен қаласында орналасқан барлық денсаулық сақтау ұйымдарына қажетті мамандарды тарту және медициналық құрал жабдықтарына түгендеу жүргізіп, қажеттілігіне қарай медициналық құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі

2020 жыл

ІІІ тоқсан

Қ. Жұмашев

Ж.Жаманбаева

М. Ибағаров

 

Қазіргі таңда қала және іргелес ауылдарға қажетті  дәрігерлердің тапшылығы сезіліп өзекті мәселеге айналып отыр. Жалпы қажетті дәрігер мамандардың  тізімі әзірленді,  қазіргі таңда  80-ге жетіп отыр. Кадр тапшылығын шешу мақсатында  Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы жоғарғы медециналық оқу орындарына  екі рет барып жәрмеңесіне қатысып өңірімізге тарту  мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында  жаңа келген дәрігерлерге  16 пәтер алынды. 11 дәрігерге қолданысқа берілді. Қалған 5 пәтерді келесі келетін қажетті дәрігерлерге берілетін болады. Сонымен қатар ауылды елді мекендерге баруға ниет білдірген дәрігерлерге «Дипломен ауылға» әлуметтік бағдарламасына қатысуға болатындығы жете түсіндірілді.

73.              

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, тозығы жеткен тұрғын үйлерді «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында күрделі жөндеуден өткізу үшін (жер төледен бастап шатырына дейінгі күрделі жөндеу), жобалық сметалық құжаттама әзірлеп, республикалық немесе жергілікті бюджетке ұсыныстар енгізу;

2020 жыл

I тоқсан

Н. Аққұлов

А. Хамиев

М. Ибағаров

 

 

Жаңаөзен қаласында 262 тұрғын үй, оның ішінде тозығы жеткен тұрғын үйлер саны 53. Тозығы жеткен тұрғын үйлеріне қатысты демеушілік қаражат есебінен 27 тұрғын үйінің энергетикалық тиімділігін анықтау жұмыстары, жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың мамыр айы. 

Ендігі жерде, Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысына сәйкес, тозығы жеткен тұрғын үй қорын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бағдарлама аясында күрделі жөндеу жұмыстары меншік иелерінің келісімі, қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін болады. Осы бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

06.05.2020ж. тозығы жеткен  27 тұрғын  үйлердің жоба сараптама қорытындысын алуға тапсырылып, сараптама қорытындысының нәтижесін алу 15.06.2020ж. жоспарлануда.  

74.              

Жаңаөзен қаласында ауыз су мәселесін түбегейлі шешу мақсатында, Жаңаөзен қаласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған Кешенді дамыту жоспары аясында, «Кендірлі» аумағынан өнімділігі тәулігіне 50 мың м3 құрайтын су тұшыту зауыты құрылысының жобалық – сметалық құжаттамасының жасақталуы мен құрылыс жұмыстарын бақылауға алу;

2020 жыл

 

Б. Қашақов

А. Хамиев

М. Ибағаров

     Қарақия ауданына қарасты Тоқмақ аумағынан тәулігіне 50 мың куб су тұщытатын завод құрылысын салу жұмыстары «Қазмұнайгаз» АҚ және «КазНипи» мемекемесі арқылы ТЭН жасақталуда ағымдағы жылы жасақталған ТЭН сәйкес жобалық сметалық құжаттары жасақталатын болады.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатындар

75.              

Рахат ауылының Тлендиев көшесінің бойындағы автомобиль жолын күрделі жөндеуден өткізу мәселесі

2020 жыл желтоқсан

Н. Аққұлов

М. Ибағаров

Орта жөндеуді қажет ететін аудандық маңыздағы  «Аудандық дәрежедегі Компрессорная бекетіне кіре беріс автокөлік жолы орташа жөндеу, 0,420 шақырым»,  «Аудандық дәрежедегі Жаңаөзен бекетіне кіре беріс автокөлік жолы орташа жөндеу, 4,965 шақырым», «Аудандық дәрежедегі Жаңаөзен әуежайына кіре беріс автокөлік жолы орташа жөндеу, 4,045 шақырым» және «Аудандық дәрежедегі Жаңаөзен қаласына кіре беріс автокөлік жолы орташа жөндеу, 4,755 шақырым» жұмыс жобалары Астана қаласының ҚР ИИДМ Автомобил жолдары комитетінің техникалық құжаттамасы ведомстволық сараптамасынан 04.05.2019 өткізіліп, нәтижесі бойынша  барлығы 14,1 шақырым автокөлік тас жолдарына орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құны – 248,377 млн.теңгенің 2020 жылы бөлінуі үшін бюджеттік өтінім берілді.

Қазіргі таңда жұмысты бастау үшін 86,5 млн.тг бөлініп, мемлекеттік сатып алу вэб порталы арқылы конкурс өткізілуде.

Сіздің ұсынысыңызда аталған,Рахат ауылының Тлендиев көшесі «Аудандық дәрежедегі Жаңаөзен бекетіне кіре беріс автокөлік жолы орташа жөндеу, 4,965 шақырым», жоғарыда аталған жоспарға енгізілген.

Бюджеттен бөлінген қаражат көлеміне сәйкес,  орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

76.              

Балаларды мектепке тасымалдау, маршрут мәселесі

2020 жыл

ІІІ тоқсан

Н. Аққұлов

Б. Ережепов

М. Ибағаров

Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сіне және  ҰҚҚ «Каспий» АҚ-мына «БРК-лизинг» АҚ арқылы Бизнестің әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдем беру бағдарламалары аясында «NCOC» компаниясы тарапынан Маңғыстау облысына сатып алып беретін 50 дана заманауи автобустардың 20 данасы Жаңаөзен қаласына берілетін болады.

77.              

«Рауан» ш/а абаттандыру мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

М. Ибағаров

Өзенмұнайгаз АҚ қаражаты есебінен бюджетті нақтылау кезінде 266,7 млн. теңге бөлінді, медігер мекеме «Оңдасын строй».

Абаттандыру жұмыстарының аяқтау мерзімі жыл соңына дейін.

78.              

Рахат ауылы, «Жұлдыз» және «Мерей» шағынаудандарында қоғамдық көлікке арналған аялдамалар орнату;

2020 жыл

IV тоқсан

Н. Аққұлов

Б. Ережепов

М. Ибағаров

     Құланды тас жолының бойына, Шерқала көшесіне және ауылымыздағы жаңадан салынған автокөлік жолдарына жаяу жүргінші жолдарын салдыру жөнінде тиісті ұсыныстар берілді. Ауылда орналасқан барлық аялдамаларға талқылау жұмыстары жүргізілді. Аталған екі шағынаудандағы аялдама белгісі бар орындар саны – 13. Оның 8-де аялдама құрылысы бар. (жаңадан            10 орынға аялдама салуға). Тиісті актісі шығарылды (ТОО «СПК Каспий»)

Рахат ауылы «Жұлдыз» және «Мерей» шағынаудандарында қоғамдық көліктерге  арналған аялдамалар   (алаңшасымен қоса) орнатуға жобалық сметалық құжаттаманы жасақтауда . Нәтижесі күтілуде.

79.              

Қала және оған іргелес орналасқан ауылдарда жолаушылар тасымалындағы ескірген шағын автобустардың (газельдер) орнына жаңа автобустармен жаңарту бағытында жер қойнауын падаланушы компаниялармен келіссөздер жүргізу бағытында шараларын қабылдасын

2020 жыл

 

Н. Аққұлов

Б. Ережепов

М. Ибағаров

 

Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сіне және  ҰҚҚ «Каспий» АҚ-мына «БРК-лизинг» АҚ арқылы Бизнестің әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдем беру бағдарламалары аясында «NCOC» компаниясы тарапынан Маңғыстау облысына сатып алып беретін 50 дана заманауи автобустардың 20 данасы Жаңаөзен қаласына берілетін болады.

80.              

Маңғыстау облыстық филиалы «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен бірлесіп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, бөлінген бір типті сауда нүктелерін (100-ге дейін дүкендер, киоскілер) белгіленген критериялар негізінде кәсіпкерлерге бөлу шаралары қабылдансын

2020 жыл

 

А. Меңдібаев

Н. Қарасаев

М. Ибағаров

Жаңаөзен қаласының әкімдігі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы кеңес хаттамасының 2.2- тармағына сәйкес, Жаңаөзен қаласының шағын және орта бизнес субъектілері үшін Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы шеңберінде, оның ішінде Сатып алуды оқшаулау жөніндегі жоба шеңберінде жер учаскелерін бөлу жөнінде белгіленген тәртіппен шаралар қабылдасын делінген.

 Осыған байланысты, Жаңаөзен қаласының бас жоспарына және қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, «Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына 100 сауда нүктесін қарастыру бойынша Жаңаөзен қаласы, Қызылсай, Теңге және Рахат ауылдарынан 30 участке «Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына рәсімделді. Сауда повильонының эскизі келісілді.  

Ағымдағы жылдың 16-31 қаңтар аралығында Каспий ӘКК-ден бір типтік 30 сауда орнындарын беруге кәсіпкерлерге конкурс жарияланды.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі әлеуметтік желілерге конкурстың өтетіні жөнінде хабарламалар жариялады.

Осының негізінде 31 қаңтарға дейін Жаңаөзен қаласының 15 тұрғыны өз құжаттарын тапсырды. 3 қаңтар күні Каспий ӘКК-де конкурстық комиссия отырысы өтіп, конкурсқа қатысқан 15 кәсіпкердің 9-ы жеңімпаз аталды. Қазіргі кезде келісім-шартқа  отыру жұмыстары  Каспий ӘКК тарапынан жүргізілуде.

 

Комиссия шешімімен жеңімпаз аталғандар

№

Аты-жөні

Лот №

Орналасқан жері

1

ИП Дүйсембаева Акжунас

15

Шұғыла ш/а №24/26В

2

ИП Дүйсембаева Акжунас

18

Самал ш/а № 30Г

3

ИП Утебалиев А.Т.

19

Өркен ш/а № 34Г

4

ИП Дүйсембаева Акжунас

20

Шаңырақ ш/а, Абай к-сі №49В

5

ИП Аднимуратова А.Б.

17

Мұнайлы ш/а №2Д

6

ИП Нұржанова Айгул

21

Шаңырақ ш/а №43Ж

7

ИП Дүйсембаева Акжунас

30

Өркен ш/а 63Г

8

ИП Байгандиева Анар

28

Шұғыла ш/а №7Д

9

ИП Балабатыров Б.Д

23

Тенге ауылы, Достық №14А

 

   Қалған 21 орынға құжаттарды қабылдау үшін а.ж 10-24 ақпан аралығында конкурс жарияланды. Соның ішінде 19 орынына ниет білдірушілер табылып, құжаттары қабылданып, «Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына ұсынуға дайын тұр.

Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес елді мекендер бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кәсіпкерлерге бір типті сауда нүктелерін орналастыру үшін «Каспий» ӘКК» АҚ-на жалпы көлемі – 0,1500 гектар құрайтын 30 жер учаскесі уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен  5 жылға рәсімделіп берілді.

Осыған байланысты, «Каспий» ӘКК» АҚ тарапынан 10.02–24.02.2020 жыл аралығында «100 орын – көше саудасы» жобасын іске асыру шеңберінде сауда павильондарына жер учаскесін беру жөнінде конкурс өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы хабарлама жарияланған.

Кәсіпкерлерге жер учаскесін әкімдік тарапынан емес, керісінше аталған акционерлік қоғам тарапынан конкурс негізінде жер учаскесі қосалқы жалға (субарендаға) берілетін болады.

Қазіргі таңда «Каспий» ӘКК» АҚ- на берілген жер учаскілерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстар жұргізілуде. 

81.              

Жаңаөзен қаласына беріліп отырған ауыз су көлемін, ұлғайту мақсатында, іргелес орналасқан елді мекендерге арнайы су қоймаларының (резервуар) құрылысын салу бойынша жобалық сметалық құжаттамаларын жасақтау үшін қаржы бөлуге ұсыныс енгізілсін

2020 жыл

I тоқсан

Б. Қашақов

А. Хамиев

М. Ибағаров

Жаңаөзен қаласында ауыз су резервуары паркінің көлемі 71 м3 2019 жылы Қызылсай ауылының сумен қамтамасыз ету станциясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 1000 м3 су қоймасы пайдалуға берілді. 

Жүргізілген талдау қорытындысмен қосымша ауыз су резервуарын салуға қажеттілігі жоқтығы анықталды.

82.              

Шағын және орта бизнесті қарқынды дамыту және қолдау мақсатында, тиісті заңдылықтар аясында аукциондар ұйымдастыра отырып, кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтарға жер бөлуді қамтамасыз ету;

2020 жыл

М. Ибағаров

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 бабына сәйкес, кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскесін сауда-саттықпен, яғни аукцион, конкурс негізінде беріледі.

Осыған байланысты, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жұмыс жоспары бойынша жер учаскесін аукцион арқылы беру 2019 жылы             2 кезеңге бөлініп, онда 53 жер учаскесі шығарылды. Нәтижесінде, көлемі 10,8 гектар құрайтын 52 жер учаскесі 60,5 млн. теңгеге сатылды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың 26.12.2019 жылғы бизнесті дамыту және жұмыспен қамту туралы хаттамалық тапсырмасына және 30.01.2020 жылғы Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Краубаевтың жиналыс хаттамасына сәйкес, қала әкімдігі ағымдағы жылы 70 жер учаскесін сауда-саттыққа шығаруды жоспарлап отыр.

      Қаланың Бас жоспарына сәйкес, жер учаскесінің ситуациялық схемасын дайындау жұмыстары қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен жүргізілгеннен кейін сауда-саттыққа шығарылатын болады.

83.              

Жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында, Жаңаөзен қаласының жастарын облыс орталығына жұмысқа тарту, оларды арнайы оқытып, іс тәжірибеден өткізу және тиісті жатақханалармен қамтамасыз ету шаралары қабылдау;

2020 жыл

М. Ибағаров

            Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында 2020 жылдың 01 сәуірдегі мәлімет бойынша Ақтау қаласында жатақханаға орналасқан қала тұрғындарының - 16 адамды құрайды.

 

84.              

Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылындағы сорғы станциясының күрделі жөндеу жұмыс жобасын іске асыру;

 

2020 жыл

М. Ибағаров

Қызылсай ауылындағы сорғы станциясының күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы                       31 желтоқсанында аяқталып пайдалануға берілді.

 

85.              

Теңге ауылы, Д.Нұрпейсова көшесіне «Көше жарық шамдарын» орнатуға сметалық құжаттама жасақтап, қаржыландыруға ұсыныс енгізу;

2020 жыл

М. Ибағаров

ЖСҚ жасақталды Қазіргі таңда сараптама қорытындысына жолданды. 2020жылдың мамыр айында. 

Жобаны аяқтауға қаржы талап етпейді.

86.              

Рахат ауылы, Рахат шағынауданының Жемісті (6-шы), Лалагүл (7-ші), Алмалы (8-ші), Көкорай (9-шы), Самал (10) көшелерін жарықтандырудың жобалық – сметалық құжаттамасын аяқтау, құрылысына қаражат бөлу жөнінде ұсыныс енгізу;

2020 жыл

М. Ибағаров

ЖСҚ жасақталып, нәтижесін 2020 жылдың мамыр айында алу жоспарлануда. Қазіргі таңда сараптама қорытындысына жолданды. 

Жобаны аяқтауға қаржы талап етпейді.

 

87.              

Рахат ауылы, «Ақсу», «Жұлдыз», «Мерей» шағынаудандарына балалар ойын алаңшаларын салу;

2020 жыл

IV тоқсан

М. Ибағаров

     2020 жылы "Өзенинвест" МКК мекемесі арқылы Рахат ауылына 2 дана ойын алаңшасы құрылыс аяқталды. Қазіргі таңда 2 дана спорт алаңшаларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қаражатты қажет етпейтін іс-шаралар

88.              

КСК төрағаларының есеп беруін бақылауға алу мәселесі

2020 жыл

сәуір

Б. Қашақов

А. Хамиев

М. Ибағаров

Қала, аудан әкімдерінің халық алдындағы қорытынды есебі кезінде көтерілген «Көктем» ш/а, 46 үй, 12 пәтер тұрғыны Арыкбаева Гүльмира Ауганбаевнаның мәселесі бойынша, «Тұрғын үй қатынастары» туралы Заңына сәйкес, 10 күн алдын ала «Өркендеу» ЖШС-на тапсырма беріліп, 21.02.2020 жылы сағ:18.00-де №8 орта мектепте тұрғындарға жылдық есеп беру жиналысы өтті. Жаңаөзен қаласындағы 262 көп қабатты тұрғын үйдің 30 ЖПИК төрағалары халық алдында жылдық есебін берді. 

89.              

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Мысырова Жайлының баласын жұмысқа орналастыру мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Қ. Жұмашев

Ш.Дүйсенов

М. Ибағаров

   Мекемелердің штат санын мекемелер дербес шығарады. Егер, зейнеткерлікке шығып, бос жұмыс орындарына сұраныс түскен жағдайда, ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңынна сәйкес, жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз етілетін болады. Сіздің ұлыңыз «Жанарыс» ЖШС-не тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Демеушілер қаржысы есебінен («Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты есебінен)

 

90.              

Жаңаөзен қаласының Шұғыла ш/а балалар ойын алаңын салу мәселесі

2020 жыл

ІІІ тоқсан

М. Ибағаров

    Ағымдағы жылдың маусым айында Шұғыла ш/а, 18/19, 28 үйлер  алдындағы  балалар ойын алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қалпына келтіріледі.

91.              

Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында, 50 төсек орындық стационары бар медициналық орталықтың құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес аяқталсын

2020 жыл

IV тоқсан

Қ. Жұмашев

Ж.Жаманбаева

Е. Өтеев

М. Ибағаров

Тиісті жұмыстар жүргізілуде

 

92.              

Жаңаөзен қаласының тұрғындарын Ақтау қаласына орналастыру жұмыстарын толық аяқтау

2020 жыл

 

Н. Аққұлов

А. Хамиев

А. Меңдібаев

Ғ. Ниязов

М. Ибағаров

2019-2025 жылдар аралығындағы кешенді жоспары аясында, Жаңаөзен қаласының мемлекеттік тұрғын үй алу мұқтаждар тізім кезегіндегі азаматтарды Ақтау қаласына қоныстандыру үшін, тұрғын үй тізіміндегі 394 отбасы қоныстануға ниет білдірді. Жалпы сомасы 3,9 млрд.теңге 394 пәтер сатып алынатын болады. Оның ішінде Республикалық бюджеттен 2,9 млрд.теңге 268 пәтер, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қаражатынан 1,0 млрд.теңге 126 пәтер.

Сонымен қатар Ақтау қаласы әкімдігімен республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 268 пәтер сатып алынды. Ақтау қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясы 268 пәтерді Жаңаөзен қаласының тұрғындарына бөлінді.

Барлығы 126 пәтер бөлініп, 70 пәтерге Жаңаөзен қаласының тұрғындары көшті. 56 пәтер комиссияда қаралып, карантин режимі аяқталған соң 56 пәтердің кілті табысталады.

Жоспар бойынша 2020 жылы 1,5 млрд. –қа 122 пәтерге сатып алу келсім-шарты жасақталып, тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Қосымша                   28 пәтер мамыр- маусым айлдарында сатып алынады.    

93.              

Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимаратының және «Өзенмұнайгаз» АҚ мекемесінің арасындағы бос жер орынға «Оқушылар шығармашылық үйі кітапханасымен бірге» ғимаратының құрылысын салуға жобалық – сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптам қорытындысын алу, құрылысына қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінім ұсыну, құрылысын бастау;

2020 жыл

М. Ибағаров

    ЖСҚ жасақталуда. 2020 жылдың маусым айында алу жоспарлануда. Жобаны аяқтауға қаржы талап етпейді.

 

 

Бейнеу ауданы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен

ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

 

Республикалық бюджеттен (немесе жергілікті бюджеттен) қаржыландырылатындар

94.              

Бейнеу аудандық орталық ауруханасына компьютерлік томогроф, УЗИ эксперт класс аппаратын қондыру

2020 жыл

II тоқсан

Қ. Жұмашев

Ж.Жаманбаева

Б. Әбілов

Бейнеу аудандық орталық  ауруханасына компьютерлік томограф сатып алу жұмыстары бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы 420,0 млн. теңге қаржы жоспарланып, жабдықтарды сатып алуға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

УЗИ эксперт класс аппаратының құны 75,0 млн. теңге көлемінде. Қазіргі таңда бұл жабдықтарды сатып алу бойынша жұмыстарын үйлестіру ұйымдастырылуда.

95.              

Бейнеу ауылы Ер Шабай көшесіндегі ескі газ құбырларын жаңарту мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Қашақов

А. Хамиев

Б. Әбілов

 

Ер Шабай көшесіндегі ескі газ құбырларын жаңарту жұмыстары бойынша жобалық – сметалық құжаттары жасақталуда.

96.              

Боранқұл ауылдық ауруханасын мен Сарға, Төлеп, Ақжігіт дәрігерлік амбулаториясын санитарлық автокөліктермен қамтамасыз ету мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

 

Қ. Жұмашев

Ж.Жаманбаева

Б. Әбілов

А.ж. республикалық бюджеттен 52 санитарлық автокөлік сатып алуға                  227 млн. теңге қаражат қарастырылды.

Жаңа автокөліктер сатып алынғаннан кейін Денсаулық сақтау басқармасымен қолданыстағы автокөліктер ауылдық елді-мекендерге таратылатын болады.

97.              

Сыңғырлау ауылына кірме жолына орташа жөндеу жұмыстарын толық аяқтауға қаржы қарастырылсын

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Сыңғырлау ауылына кірме жолына орташа жөндеу жұмыстарына 24 859 мың теңге бөлінді (ЖБ – 1000,0 мың теңге, РБ – 23859,0 мың теңге). Жалпы құны – 26510,0 мың. теңге. Конкурс жұмыстары өткізіліп, «ПромСтройМонтаж - ХХІ» ЖШС-і жеңімпаз болып табылды. Қазіргі таңда, тиісті қаржы бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мамыр айының соңында құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

98.              

Білім және медицина саласына қажетті мамандарды өңірге шақырту бойынша тиісті шаралар қамтамасыз етілсін, ниет білдірген жас мамандардың әлеуметтік жағдайлары шешілсін (баспана және де әлеуметтік қолдау пакеттері)

2020 жыл

Қ. Жұмашев

А. Сейдалиев

Ж.Жаманбаева

Б. Әбілов

БАҚЫЛАУДА

Ауданға келген білім және медицина саласына қажетті мамандардың әлеуметтік қолдау шаралары толық іске асырылуда.

2019 жылы ауданға келген қажетті мамандардың барлығы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында тұрғын үймен қамтамасыз етілді.(Аудан әкімдігінің 23.09.2019 ж. күнгі  №235, 03.10.2019 ж. күнгі №244, 07.10.2019 ж. күнгі №253 қаулыларымен құжаттарына сәйкес бюджеттік кредит беру жұмыстары жүргізілді.)

2020 жылы 15 педагог мамандарға сұраныс берілді. Медицина саласының қызметкерлері а.ж. шілде айында келуі күтілуде.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатындар

99.              

Атамекен шағын ауданынан  спорт кешенін салу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

(Қаржы бөлінген жағдайда)

 

Ә. Қыраубаев

Қ. Жұмашев

М. Альбекова

Н.Қарабалаев

Б. Әбілов

Қазіргі таңда Атамекен шағын ауданынан спорт кешенін салу бойынша жобалық – сметалық құжаттары жасақталуда.

100.          

Бейнеу аудандық орталық ауруханасының негізгі ғимаратына жедел саты (лифт) орнату жұмыстарына бюджетті нақтылау кезінде қаржы қарастыру мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

(Қаржы бөлінген жағдайда)

 

Қ. Жұмашев

Ж.Жаманбаева

Б. Әбілов

Бейнеу аудандық орталық ауруханасының негізгі ғимаратына жедел саты (лифт) орнату жұмыстары бойынша «Ақтау қалалық лифтері» ЖШС-нің сараптама қорытындысы мен қажетті қаражат көлемі (Жалпы құны – 9,3 млн. теңге) жөніндегі ақпарат  Облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсынылды. (№01-26-5 шығыс хаты 05/02/2020 ж.).

Қазіргі таңда Денсаулық сақтау басқармасында тиісті қаражат қарастырылды, конкурсқа беру  жұмыстары ұйымдастырылуда.

101.          

Ауылішілік жаяу жүргіншілер жолын және автожолдағы бордюрларды реттеу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

 

Н. Аққұлов

Б.Ережепов

Б. Әбілов

 

Бейнеу ауылында А.Байтұрсынов (құны – 529,0 мың теңге), С.Қилыбайұлы (құны – 879,0 мың теңге), Б.Сарбалаев, Серкебай, Шыңғысов, Ақшағыл, Қайдақ, С.Бегендікұлы (құны – 4,8 млн. теңге) көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын төсеуге мемлекеттік конкурсы жарияланды.

Көшелердің жаяу жүргіншілер жолдарын төсеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алған  «Бекдаулет» ЖШС.

102.          

Бейнеу ауылы Ы.Алтынсарин, Ж.Қалдығараев мектептеріне қосымша құрылыс кезінде бастауыш сыныптар үшін қажетті гимнастика залын қарастыру мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

 

А. Сейдалиев

Б. Әбілов

Ы.Алтынсарин, Ж.Қалдығараев мектептерінің қосымша құрылыс нысандарының ЖСҚ дайындалды. Онда гимнастика залдары қарастырылған. Бүгінгі құрылыс басталды.

103.          

Бейнеу ауылы Тобанияз Әлниязұлы көшесіне асфальтты автожол  және Сүгір Бегендікұлы, Тоқабай Құрмаш көшелеріне қиыршық-тасты автожол құрылыс жұмыстарына қаражат қарастырылып, тиісті шаралар жүргізілсін            

2020 жыл

IV тоқсан

 

Н. Аққұқлов

М. Альбекова

Б. Әбілов

Бейнеу ауылы Тоқабай Құрмаш көшесіне автожол салу жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы арқылы РБ есебінен 65 956,0 мың теңге бөлінді. Конкурс қорытындысы 04.05.2020 жылы шығады.

С.Бегендікұлы көшелеріне автожол салу жұмыстарын бастауға 2,0 млн. теңге бөлінді, конкурс құжаттары жасақталуда.

Тобанияз Әлниязұлы көшесіне автожол салу жұмыстарына

ЖБ есебінен 71,7 млн. теңге бөлінді. Мердігер - «ПромСтройМонтаж» ЖШС-і. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде, мамыр айында толық аяқталады.

104.          

Бейнеу ауылындағы ескі газ құбырлары жүргізілген 25 көшенің газ құбырларын жаңарту жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттамасын жасақтауға ұсыныс енгізілсін.

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Бейнеу ауылындағы ескі газ құбырлары жүргізілген 25 көшенің газ құбырын жаңарту жұмыстары бес жобаға бөлініп, жұмыстардың жобалық – сметалық құжаттарын жасақтауға алдын-ала 10,6 млн теңге қаржы бөлінді.

Бес жоба бойынша мемелкеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, «Проектный Цент» ЖШС жеңімпаз болып табылды. Қазіргі таңда, Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты келісім шарттар мерзімі уақытша тоқтатылды.

105.          

Бейнеу ауылындағы канализациялық тазалау имаратының жобалық сметалық құжаттамасын жасақтауға ұсыныс енгізілсін

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Канализациялық тазалау имаратының ЖСҚ жасақтаудың жалпы құны – 16,2 млн. теңге.2019 жылы игерілген қаржы – 1,6 млн теңге. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары тоқтатылды.

Қр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылғы 13 маусымдағы №5301 хатына сәйкес жобалауға мораторий жарияланды.

106.          

Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалары мен жер учаскелері дайын жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін

2020 жыл

IV тоқсан

 

Қ. Жұмашев

А. Сейдалиев

Б. Әбілов

А.ж. үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында Ы.Алтынсарин және Ж.Қалдығараев атындағы орта мектептеріне қосымша оқу нысанының құрылыс жұмыстары  жүргізілуде. Сонымен қатар Бейнеу ауылынан 600 орындық мектеп салу жұмыстарына және Күйкен орта мектебіне 312 орындық қосымша құрылыс салу үшін ЖСҚ жасақталуда.

107.          

Барлық мектептер талапқа сай әжетханалармен қамтамасыз етілсін

2020 жылдың қыркүйек айы

Қ. Жұмашев

А. Сейдалиев

Б. Әбілов

Бейнеу ауданы бойынша  17 мектепке 58 ішкі әжетхана орналастыру қажет.

Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көлемі  54,6 млн тг құрайды.  Бір мектептің конкурс нәтижелері әлі де нақтыланған жоқ, қалған 16 мектепт бойынша мердігер компаниялар анықталды, алайда төтенше жағдайға байланысты құрылыс жұмыстары басталған жоқ. 3 мектептің 1 қабаттарына 14 әжетхана орналастырылды (лицей тек бір қабаттан тұрады, «Алтынсарин» мектебі 3 қабаттан тұрады. Әжетхана жанында орналасқан бастауыш сыныптарға арналған ғимараттарға орнатылды, 3 қабатты ғимаратқа 6 әжетхана 1 қабатына орнатылды, «Өнер мектебінің» 1-ші қабатына 2 әжетхана орнатылды).

Конкурс өткеннен кейін 10 млн тг. қаржы үнемделді, осы қаражатқа 2-3 қабаттарға әжетхана орнату үшін қайта конкурс беріледі.

Қыркүйек айына дейін толықтай орындалады.

108.          

Бейнеу ауылындағы Ы.Алтынсарин және Ж.Қалдығараев атындағы орта мектептерінің қосымша құрылыс жұмыстарын толық аяқтауға қаржы қарастырылсын;

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Бейнеу ауылындағы Ы.Алтынсарин және Ж.Қалдығараев атындағы орта мектептерінің қосымша құрылыс жұмыстарына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға мердігер мекеме «Нұр Жол құрылыс» ЖШС-мен қосымша келісім шарт жасақталуда.

Республикалық бюджет есебінен Ы.Алтынсарин орта мектебіне бөлеп тұрған  оқу корпусын салу жұмысына 331 456,0 теңге. Ж.Қалдығараев орта мектебіне қосымша құрылыс жұмысына 388 132,0 мың теңге бөлінді.

109.          

Аудан орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнекамералар орнатуға бюджетті нақтылау кезінде қаржы қарастырылсын;

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ә.Қыраубаевқа құны 12,0 млн.теңгені құрайтын Бейнеу ауданы орталығына кіріп-шығатын негізгі жол бойларына автокөліктердің қозғалысын бақылайтын бейнебақылау камераларын орнату үшін ұсыныс берілді. (№01-26-42 шығыс хаты 15/01/2020)

110.          

Төлеп ауылына қиыршық-тасты кірме автожол құрылысын толық аяқтауға қаржы қарастыру

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Әбілов

Төлеп ауылына дейінгі кірме жолдың құрылысына ЖСҚ-ты 2,9 млн теңгеге АТК «Жанаөзен» мекемесі жасақтады. Жоба құны – 12 млн. тг. құрайды. Қазіргі таңда, ЖСҚ қате болуына байланысты қайта жасақталып, Нұр-Сұлтан қаласындағы «ПРО экспертиза» мекемесімен мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Қаражаты алдағы уақытта облыстық жол басқарамасы арқылы РБ-дан алу жоспарлануда. 

111.          

Тұрыш ауылына темір жол өткелі бойынша мәселені анықтап, тиісті жауабын беру

2020 жыл

I тоқсан

Б.Ережепов

Б. Әбілов

Тұрыш ауылына темір жол өткелі құрылысын бастауға 2020 жылға 10,0 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары өткізіліп, жеңімпаз анықталды. Мердігер мекеме «Ақтау+НШ» ЖШС – мен келісім шарт жасақталды. ТЖ байланысты жұмыстар басталмай тұр.

Қаражатты қажет етпейтін іс-шаралар

112.          

Кешкі мектепті Сам орта мектебіне қоспай жеке қалдыру мәселесі

2020 жыл

Қ. Жұмашев

А. Сейдалиев

Б. Әбілов

Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының Мемлекеттік ұйымдарды оңтайландыру бойынша 2019 жылғы                   16 тамыздағы №02-11/18 хаттамасына сәйкес Сам мектебіне Бейнеу кешкі мектебі біріктіру туралы Бейнеу ауданы әкімдігінің 09.09.2019 ж. №212 қаулысы шықты. Қазіргі таңда мекемелерді біріктіру туралы құжаттар жасақталуда. Кешкі мектептің кейбір қызметкерлерін аудандағы басқа мектеп, балабақшалардан бос штаттық жұмыстар ұсынылып, орналастырылуда.

113.          

Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің аумағында орналасқан шаруа қожалықтарын басқа аймаққа көшірмеу жолын шешу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

 

Б. Қашақов

Д. Құсбеков

С. Қалдығұл

Б. Әбілов

Сам ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі және шаруа қожалық иелерімен жиналыс өткізіліп, орман билеттерін алу жөнінде тапсырма берілді.

114.          

Жедел жәрдем қызметін шақырту кезінде                  40 минут, 1 сағат уақытқа кешігіп келу мәселесі туралы

2020 жыл

IV тоқсан

Қ. Жұмашев

Ж.Жаманбаева

Б. Әбілов

2020 жылға Облыстық шұғыл және жедел медициналық қызмет көрсету станциясы типографиямен келісім шартқа отырып, қазіргі таңда аптасына ауданға 500 шақырту картасы уақытылы жеткізіліп отыр.

115.          

Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге одан әрі қолдау көрсетілсін, кәсіпкерлік жобалар әрдайым сүйемелденсін, кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтарға жер бөлу мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалары аясында бекітілген Бас жоспарға сәйкес аукциондар мен конкурстар жиі ұйымдастырылсын

2020 жыл

Б. Әбілов

Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге мемлекет меншігіндегі жер уччаскелерін бөлу бойынша 2020 жылы 1 аукцион өткізіліп, жалпы ауданы 34 776 ш.м. бастапқы бағасы 4 771 760 теңге, сатылу бағасы 7 667 690 теңге болатын 10 жеручаскесі сатылып, табысталды.

Ауыл шаруашылығы мақсатында өткізілген 1 конкурс негізінде жалпы ауданы 52 450 га болатын 55 жер учаскесі шаруа қожалығын жүргізу үшін табысталды.

Қарақия ауданы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен

ұсыныс – пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

 

Республикалық бюджеттен (немесе жергілікті бюджеттен) қаржыландырылатындар

116.          

Жолаушылар тасымалы бойынша санитариялық және ескі вагондар (Мангышлак – Алматы) бағыттары бойынша және Құрық-Жетібай жолының жөндеу жұмыстары мәселесі

2021 жыл

желтоқсан

Н. Аққұлов

Б.Ережепов

Қ. Беков

 

2019 жылдың шілде айында вагондарының тозу деңгейі ең жоғары «Алматы-Маңғыстау» бағыты жаңа 64 вагонмен толықты (48 плацкарт, 16 купе). Сондай-ақ, 2019 жылдың соңында «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан» бағытындағы 3 пойыз жаңа вагондармен толықтай жаңартылды. Қалған бағыттар бойынша вагондарды жаңарту «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

117.          

Құрық-Жетібай автожолын күрделі жөндеуден өткізу мақсатында тиісті министрлікпен жұмыстар жүргізілсін

2020 жыл

II тоқсан

Н. Аққұлов

Б. Ережепов

Қ. Беков

Құрық Жетібай автожолын күрделі жөндеуден өткізу үшін 2018 жылы ЖСҚ жасақталды. Тиісті қаржы бөлу үшін ҚР Премьер министрдің  орынбасары Р.Склярдың атына облыс әкімдігі тарапынан хат жіберілді. Шешім күтілуде.

 

118.          

Алдағы бюджетті нақтылау кезінде Құрық ауылының ауылішілік кәріз жүйелерін салу жобасы аясында кәріздік  тазарту имаратын салуға тиісті қаражат қарастырылсын (КОС – 200 м³)

2020 жыл

желтоқсан

Б. Қашақов

М. Альбекова

А. Хамиев

Қ. Беков

Құрық ауылында жүргізіліп жатырған ауылішілік кәріз құбыры құрылысының жобасына демеушілік есебінен түзету енгізіліп, 200 м3 кәріз имаратын салу қамтылды. Аталған жобаның келісім шарт құны –334,9 млн теңге. 2020 жылға дейін – 35,0 млн теңге бөлініп игерілді. Жоба құрылысын аяқтауға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарлама аясында  299,9 млн теңге бөлінді. Мердігер - "Qazaq Prom Stroi" ЖШС-і. Бүгінгі күні келісім-шарт жасақталды. Жұмысы басталды (2 КНС әкелінде). Қаражаты маусым айында тұрғандықтан, мамыр айына ығыстыру жүргізілуде.

119.          

2021-2025 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасына ұсынылған жобаларды жүзеге асыру үшін ЖСҚ жасақтауға қаражат қарастыру (ауыл ішілік жолдар және мектептерге күрделі    жөндеу жұмыстары- 45,5 млн тенге)

2020 жыл

желтоқсан

Ә. Қыраубаев

М.Альбекова

Қ. Беков

Ауылішілік жолдар мен мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасақтауға – 45,5 млн теңге алдағы бюджетті нақтылау кезінде кезең-кезеңімен қарастырылатын болады. 2020 жылдың наурыз айындағы бюджетті нақтылау барысында «Құрық ауылының ауылішілік автокөлік жолдары құрылысы» жобасына ЖСҚ-сын жасақтау үшін – 13,3 млн теңге бөлінді.

120.          

Білім және медицина саласына қажетті мамандарды өңірге шақырту бойынша тиісті шаралар қамтамасыз етілсін, ниет білдірген жас мамандардың әлеуметтік жағдайлары шешілсін (баспана және де әлеуметтік қолдау пакеттері)

2020 жыл

Қ. Жұмашев

М. Альбекова

А. Сейдалиев

Ж.Жаманбаева

Қ. Беков

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 ақпан 2009 жылғы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес, Қарақия ауданы бойынша 2019 жылы 53 маманға «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несиелер алған. Олар: Білім беру саласы – 39 адам, Денсаулық сақтау саласы – 10 адам, Мәдениет саласы – 3 адам, Спорт саласы – 1 адам. Қарақия ауданы бойынша 2020 жылы ақпан айында «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы көтерме жәрдемақы алған маман саны – 47. Бұл               2019 жылда құжаттарын тапсырып,  қаржы жетіспеуіне байланысты, хаттама бойынша 2020 жылдың тізімінде тұрған мамандар.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатындар

121.          

Құрық ауылындағы орталық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаражат қарастыруға ұсыныс берілсін

2020 жыл

I тоқсан

 

Қ. Жұмашев

М. Альбекова

Ж.Жаманбаева

Қ. Беков

Құрық ауылындағы орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ жасақтау үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан – 3,7 млн теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын Қарақия аудандық құрылыс, сәулет және қала құрлысы бөлімі арқылы өткізу биылғы жылғы наурыз айына жоспарланған.

Ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2021-2025 жылдарға арналған дамыту бағдарламасына енгізілген. Әзірге аудандық орталық аурухананың бір қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 153,3 млн.теңге бөлінді.

122.          

Сенек және Құланды ауылында кең жолақты интернет желісі мәселесі

2020 жыл

желтоқсан

Б. Қашақов

А. Хамиев

Қ. Беков

 

Бүгінгі таңда талшықты оптикалық желісі жүргізу үшін  қолданыстағы «Интергаз» ЖШС мекемесінің жоғарғы қысымды газ құбырын кесіп өтуіне байланысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша мамыр айында іске қосу жоспарлануда.

123.          

Құрық ауылындағы орта мектеп гимназиясының алдын жарықтандару мәселесі

2020 жыл

желтоқсан

Б. Қашақов

А. Хамиев

А. Сейдалиев

Қ. Беков

Бүгінгі таңда тиісті жұмыстар жүргізіліп, жарық толықтай қосылды.

124.          

Аудан елді мекендерінің 51 шақырым болатын, ауылішілік асфальт жолдарын ағымдағы жөндеу жүргізу (Құрық, Жетібай, Мұнайшы, Бостан, Сенек, Құланды)

 

2020 жыл

желтоқсан

Н. Аққұлов

Б.Ережепов

Қ. Беков

 

Бюджетті нақтылау кезінде Жетібай ауылына қаржы қарастырылып, жөндеу жұмыстары мамыр айында бастау жоспарлануда.

125.          

Барлық мектептер талапқа сай әжетханалармен қамтамасыз етілсін

2020 жылдың қыркүйек айы

Қ. Жұмашев

А. Сейдалиев

Қ. Беков

 

Мектеп әжетханаларын ғимарат ішіне орналастыруға  6 мектепке әжетханаларды орнату және көбейту, 1 мектепке кәріз құбырларын жаңарту үшін бюджеттен қаржы бөлінді. Қыркүйек айына дейін толықтай орындалады.

 

126.          

Ақтау-Құрық автожолы бойында орналасқан, жоба құны 107,354 млн. теңгені құрайтын, «Ақтау-Құрық 2-СИОТ-тан сорғы станциясы құрылысы» жобасының құрылыс жұмыстарына тиісті қаражат қарастыруға ұсыныс берілсін

2020 жыл

I тоқсан

Б. Қашақов

М. Альбекова

А. Хамиев

Қ. Беков

Ақтау-Құрық бағытында орналасқан 2-ші орталықтандырылған су игеру торабының бойынан сорғы стансасын салу құрылысының жобақұны – 107,4 млн теңге.  Жобаны іске асыру үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қаржысы толық қарастырылды. Бүгінгі күні конкурс аяқталды, жеңімпаз «Мантеком» ЖШС-мен келісім-шарт жасақталуда. Қаражаты маусым айында тұрғандықтан, мамыр айына ығыстыру жүргізілуде.

Қаражатты қажет етпейтін іс-шаралар

127.          

Құрық ауылының тұрғыны жалғыс басты әке Е.Мизамбайдың балаларына алатын жәрдемақысы бойынша мәселені заң аясында қарап, тиісті жауабы берілсін

2020 жыл

ақпан

Қ. Жұмашев

Ш.Дүйсенов

Қ. Беков

 

Құрық ауылының тұрғыны жалғыз басты әке Е.Мизамбайдың балаларына алатын жәрдемақысы бойынша асыраушысынан айырылуына байланысты 11.05.2014 жылдан бастап 86970 теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалып алып тұрғандығы бойынша хабарлайды. (06-14/128 22.01.2020 жылы кеткен шығыс хаты)

128.          

Құрық ауылында 10 адамға тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген жер телімінің заңдылығын шешу мәселесі

2020 жыл

ақпан

Б. Қашақов

Е. Дүзмағанбетов

Қ. Беков

 

Тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген жер телімінің заңдылыққа сәйкес жариялауды сұраған болатын. Аталмыш сұрақ бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

Қазіргі кезде барлық құжаттар аудан  прокуратурасының тексеруінде, тексеру қорытындысымен тиісті жауабы берілетін болады.

129.          

Құрық ауылының тұрғыны Кисманова Махаббат Жанзаковнаның жеке өзіне тұрғын-үй мәселесі және ата-анасының бұрынғы тұрған үйінің құжаттарын заңдастырып беру мәселесі

2020 жыл

желтоқсан

Н. Аққұлов

А. Хамиев

Қ. Беков

 

 

Кисманов Жанузак туралы ешқандай мәлімет табылмағандығын және теңіз жағалауында болған приморский үйлеріндегі тұрғындарды су тасуына байланысты көшіріп, 1995 жылы пәтер бергендердің тізімінде жоқ екенін хабарлайды.
Қарақия ауданы Құрық ауылы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер бөлуді сұрап арызданған халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарының тізімінде 28.09.2015 жылғы өтініші бойынша №195 кезекте тіркелген. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабында «Мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайды қоспағанда , барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі», «Аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе  жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында ешкімнің де басымдық құқығы болмайды» делінген. Аталған Заң талабына сай, пәтер бөлу мәселесі кезектілік негізінде бөлінетіндігі  туралы хабарлайммыз.

130.          

Құрық ауылының тұрғыны  Сақтағанов Зәкәрия Дәнебайұлының Құрық ауылындағы 3 ш/а кәріз мәселесі және автоқұю бекетіндегі сұйытылған газ бағасының жоғары және әртүрлі болуына байланысты мәселесі

2020 жыл

желтоқсан

Ә. Қыраубаев

Б. Қашақов

А. Хамиев

Қ. Беков

 

2019 жылдың І-ші жарты жылға дейін 37 тн кестеге сәйкес кәсіпкерлерге сұйытылған мұнай газы (бұдан әрі - СМГ) берілді. 2019 жылдың ІІ-ші жарты жылдығында 30 тн берілді. Сатылу бағасы 55-59 теңге аралығында болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (2020 жылғы 3 сәуірдегі № 22) және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (2020 жылдың 3 сәуірдегі № 125) «Автогаз құю станцияларында автокөлікке құюға арналған  сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы» бірлескен бұйрығы 2020 жылдың СМГ тиеп-жөнелту кестесінен бөлек ауданымыздың барлық  кәсіпкерлері ЭСА арқылы СМГ алуда. Осыған орай, СМГ бағасы әр кезде әр түрлі болады. Бүгінге әр кәсіпкерге 20 тн СМГ бөлініп отыр, бағасы 45-50 теңге, тұрақты,кезек жоқ, сатылу немесе басқада мәселе бойынша алған мән-жәйлар тіркелген жоқ. Жетібай ауылы бойынша «ҚазМұнайГазӨнімдері» газ құю бекетінде 45 теңгені құрайды. Баға жөнінде басшылармен түсінік жұмыстары жүргізілді.

131.          

Құрық ауылында жедел жәрдемді шақыру мәселесі

2020 жыл

желтоқсан

Қ. Жұмашев

Ж.Жаманбаева

Қ. Беков

 

Жедел жәрдемді шақыру орталықтандырылған облыстық жедел жәрдем бөлімшесі арқылы байланысады. Қазіргі таңда Құрық ауылында жедел жәрдем шақыру бойынша кейбір кездері байланыс жүйесі болмай қалғанда ғана желі нашар болуы мүмкін, ал қазіргі таңда  мәселе туындап отырған жоқ.

132.          

Құрық ауылының тұрғыны Ерзақов Абзал Куанышкалиевичтің жұмыспен қамту мәселесі

2020 жыл

желтоқсан

Қ. Жұмашев

Ш.Дүйсенов

Қ. Беков

 

Ерзақов Абзал 2019 жылдың қыркүйек айында «Ерсай КК» компаниясының мердігер мекемесі «Стамгазстрой» ЖШС-нен жұмыстан босады. Мамандығы ілмекші(стропальщик). Қарақия аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына қазан айында жұмыссыз ретінде тіркеліп, қараша айында «Нұр Отан» партиясының Қарақия аудандық филиалына жылу қазандығының операторы болып жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда аталған жұмысын жалғастыруда.

133.          

Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге одан әрі қолдау көрсетілсін, кәсіпкерлік жобалар әрдайым сүйемелденсін, кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтарға жер бөлу мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалары аясында бекітілген Бас жоспарға сәйкес аукциондар мен конкурстар жиі ұйымдастырылсын

2020 жыл

Қ. Беков

Кредит алушы немесе өңірлік бағдарламаларға қатысушыларды тұрақты оқытуға сәйкес сүйемелдеу шаралары көрсетіліп келеді. Жер мәселеріне байланысты аукциондар өкілетті аудан салалық бөлімі комиссия шешімімен қаралып жұмыс жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру жоспарлануда, қазіргі таңда конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін қоғамдық кеңестермен, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдармен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келісім алу үшін жолданды. Келісім берілгеннен кейін конкурс өткізу туралы жарияланатын болады. Мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерiн сауда-саттықта шығару үшін аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бас жоспарға сай ұсыныс берілгеннен кейін шығарылатынын қаперіңізге береді

134.          

Кәсіпкерлік нысандарға газ тарту және ай сайынғы төленетін төламақысының қымбатқа шығу мәселесі

2020 жыл

желтоқсан

Қ. Беков

Кәсіпкерлік нысандарға газ тарту және ай сайынғы төленетін төлемақы басекелестік ортада қызмет көрсететін «КазТрансАймақ» АҚ арқылы келісіліп шешілетінін қаперіңізге беріледі.

 

135.          

Құрық ауылының тұрғындарына тұрақты жұмыс тауып беру мәселесі

2020 жыл

желтоқсан

Қ. Беков

Құрық ауылының жұмыссыз тұрғындарына жұмыс тауып беру мақсатында ірі компаниялармен, дара кәсіпкерлермен және т.б. мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.

Ағымдағы жылы жұмыспен қамту орталығы ғимаратында 3 мәрте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 125-ке жуық ауыл тұрғындары қатысып 14-і тұрақты жұмысқа орналасты. Ақпан айында өткізілген жәрмеңкеге «КазСтрой ЛТД» ЖШС-і қатысып 100 бос жұмыс орындарын ұсынды. Аталған жұмыстарға орналасуға 80 адам ниет білдіріп түйіндемелерін тапсырды. Жұмыс берушінің хабарлауынша жұмыс наурыз немесе сәуір айларында басталады.

Сонымен қоса, «Ерсай КК» компаниясының мердігер мекемелерінен жұмыстан босаған жұмысшыларды Атырау облысындағы Теңіз, Қарабатан кенорындарындағы мердігер мекемелерге жұмысқа орналастыру мақсатында түйіндемелері жолдануда. «ТеңізШеврОйл» компаниясының қолдауымен 2020 жылдың ақпан айынан бастап барлығы 42 адам(Құрық 37-і) «Ақтау тренинг орталығында» дәнекерлеуші, монтаждаушы,электрмонтаждаушы мамандықтарына кәсіптік оқытудан өтуде. Жыл басынан 90 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа,237 адам«Еңбек» бағдарламасы аясындауақытша жұмыстарға(әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар) жолданды.

Демеушілер қаржысы есебінен

136.          

Құрық ауылында орналасқан спорт кешеніне құрал жабдықтар алу мәселесі

 

 

 

2020 жыл

наурыз

Қ. Жұмашев

Н.Қарабалаев

Қ. Беков

 «Жігер» мүгедектер спорт клубының төрағасы Тлеуов Қонысбайдың өтініші бойынша «Оғыланды» қорының демеушілігімен спорт құрал жабдықтарын алу үшін жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда құрал жабдықтар сатып алуға қаржы есептері жүргізілді, келісім жасақталуда, аталған мәселе бойынша төтенше жағдай аяқталғасын жұмыстар жалғасын табатын болады.

Маңғыстау ауданы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен

ұсыныс – пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

 

Республикалық бюджеттен (немесе жергілікті бюджеттен) қаржыландырылатындар

137.          

Білім және медицина саласына қажетті мамандарды өңірге шақыртуға тиісті шаралар қамтамасыз етілсін, ниет білдірген жас мамандардың әлеуметтік жағдайлары шешілсін (баспана және де әлеуметтік қолдау пакеттері)

2020 жыл

жыл ішінде

Қ. Жұмашев

А. Сейдалиев

Ж.Жаманбаева

Т. Көшмағанбетов

Осы жылы Маңғыстау ауданына 156 жас маман келеді деп күтілуде (қазақ тілі мен әдебиеті пәні – 9, орыс тілі мен әдебиеті пәні - 5, математика – 2, физика – 1, биология – 17, информатика – 9, бастауыш сынып – 23, дене шынықтыру – 20, өзін-өзі тану - 9, шет тілі – 11, дефектолог – 11, психолог – 13, музыка – 1, мектепке дейінгі тәрбие  – 17, тарих – 4, география – 3, Алғашқы әскери дайындық  – 1).

Дегенмен де аудан бойынша 9 маман қажеттілігі бар:

          - орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 5 (№7 мектеп-лицейі, А.Меңдалыұлы атындағы орта мектебі, Шетпе лицейі, Шетпе гимназиясы, М.Атымов атындағы орта мектебі);

          - музыка пәні мұғалімі – 2 (№7 мектеп-лицейі, Жармыш орта мектебі);

- химия пәні мұғалімі – 2 (С. Жаңғабылов атындағы орта мектебі, Тұщыбек мектеп - балабақша кешені).

Кадр тапшылығын жою үшін басқа өңірлерден мамандарды және жоғарғы оқу  орны түлектерін тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда,  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік уиверситетін бітіруші түлектер арасында  ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізіліп, байланыс орнатылды. Аталған жас мамандар үймен толық қамтамасыз етіледі

138.          

Шетпе ауылына темір жолдан өтетін көпір салу мәселесі

2020 жыл

қаржыны талап етеді

Н. Аққұлов

Б.Ережепов

Т.Көшмағанбетов

Аудан әкімдігіне қарасты тиісті мекемелермен комиссия құрылып, жері белгіленді. Қазіргі уақытта құжаттары рәсімделіп жатыр.

139.          

Шерқала – Шайыр – Жыңғылды жолы сапалы аяқтау мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Н. Аққұлов

Б.Ережепов

Т.Көшмағанбетов

 «Жыңғылды – Шайыр – Шерқала» бағытындағы автожолының қайта құрылымдау жұмыстарын аяқтау келісім-шарт бойынша 2020 жылдың 30 қарашасына дейін. 2019 жылға бөлінген қаражатқа сәйкес асфальт-бетон төсеу жұмыстары жүргізілді.

140.          

Аудандағы жедел жәрдем көліктерін жаңарту мәселесі

2020 жыл

жыл ішінде

Қ. Жұмашев

Ж.Жаманбаева

Т.Көшмағанбетов

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына 10 жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз ету бойынша 16.10.2019 жылғы 01-17/2772 санды сұраныс хат жолданды.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатындар

141.          

Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа сай ішкі бейне бақылау камераларын орнату мәселесі

2020 жыл

II тоқсан

Қ. Жұмашев

А.Сейдалиев

Т.Көшмағанбетов

Маңғыстау ауданының ішкі бейне бақылау камераларын орнату бойынша 19 800 (он тоғыз миллион сегіз жүз мың) теңге қаржы қаралып 21 мектепке бөлініп мемлекеттік сатып алу арқылы ұйымдастырылуда. 30.04.2020 жылы  жағдайы бойынша 10 мектептің жұмыстары аяқталып, 11 мектептің жөндеу жұмыстары мамырдың аяғына дейін аяқтауды жоспарланып отыр.

142.          

Барлық мектептер талапқа сай әжетханалармен қамтамасыз ету мәселесі

2020 жылдың қыркүйек айына дейін

Қ. Жұмашев

М. Альбекова

А.Сейдалиев

Т.Көшмағанбетов

Барлық мектептерді талапқа сай әжетханалармен қамтамасыз ету үшін 73 940 (жетпіс үш миллион тоғыз жүз қырық мың) теңге қаржы 21 мектепке бөлініп, мемлекеттік сатып алу арқылы ұйымдастырылуда. Жұмыстың аяқталу уақыты жаңа оқу жылының басталуына дайын болады.

143.          

Маңғыстау ауданы аумағындағы ауылдарға талшықты оптикалық байланыс жүйесін тарту жұмыстары бойынша жасақталған жобалық сметалық құжаттамаларға сәйкес, облыстық бюджет есебінен қаржыландыруға тиісті ұсыныс енгізілсін

2020 жыл

жыл ішінде

Ә. Қыраубаев

М.Альбекова

Т.Көшмағанбетов

Шайыр – Жыңғылды ауылдарына, Жыңғылды селоішілік, Боздақ селоішілік талшықты оптикалық байланыс желісін (ВОЛС) тарту жұмыстарына жасақталған ЖСҚ-ларды қаржыландыруға облыстық экономика басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

2020 жылға  жергілікті бюджеттен жалпы көлемі 30 млн.теңге қаражат қарастырылды, оның ішінде:

Шетпе – Тұщықұдық – Шебір 15 млн. теңге,

Шетпе – Қызан – Ақшымырау 15 млн. теңге.

144.          

Жаңадан салынған ауыл ішілік жолдарды күтіп ұстауға берілген бюджеттік өтінімді қарау мәселесі

2020 жыл

I тоқсан

Ә. Қыраубаев

М.Альбекова

Т.Көшмағанбетов

Ауылішілік жолдарды күтіп ұстауға облыстық экономика басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

Аудан бойынша жолдарды күтіп ұстауға 185 млн.теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. 2020 жылға арналған бюджетті бекіту барысында 138,7 млн.теңге бөлінді. Қалған қаражат бюджет мүмкіндігіне қарай алдағы бюджет нақтылауларында облыстық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылатын болады.

145.          

Онды ауылындағы амбулаторияның жобалық сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жандандырылсын

2020 жыл

I тоқсан

Н. Аққұлов

Ш. Тәжіғараев

Т.Көшмағанбетов

Онды ауылындағы амбулаторияның жобалық сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтті. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 126 млн. теңге қаржысы бөлінді.

146.          

Шетпе-Қызан-Ақшымырау және Шетпе-Ақтау бағытындағы жолаушылар тасымалы бойынша маршруттар облыстық бюджеттен субсидиялау мәселесі

2020 жыл

II тоқсан

Н. Аққұлов

Б. Ережепов

Т.Көшмағанбетов

Шетпе – Қызан – Ақшымырау бағытындағы жолаушылар тасымалы бойынша маршруттарды облыстық бюджеттен субсидиялауға байланысты құжаттары жасақталуда.

Ақтау-Шетпе маршрутын іске қосу үшін Тарифтік комиссия құрылды және төтенше жағдай режимі аяқталған соң комиссия отырысы ұйымдастырылып, бюджеттен субсидия бөлу мәселесі қарастырылатын болады.

147.          

Шетпе ауылына кіре беріс бағытында автокөлік жолдарына бейне бақылау камераларын орнатуға тиісті ұсыныс енгізілсін;

2020 жыл

II тоқсан

Ә. Қыраубаев

М. Альбекова

Т.Көшмағанбетов

Облыстық экономика және қаржы басқармасына Шетпе ауылының кіре беріс бағытында автокөлік жолдарына бейне бақылау камераларын орнатуға 27 млн теңгеге 21.02.2020 жылғы №84 санды сұраныс хаты жолданды.

Қаржыландыру мәселесі бюджет мүмкіндігіне қарай алдағы бюджет нақтылауларында облыстық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылатын болады.

148.          

Шетпе ауылының қоғамдық   Қоқыс салатын жәшіктер контейнермен 1000 дәне қамтамасыз ету мәселесі

2020 жыл

II тоқсан

Ә. Қыраубаев

М.Альбекова

Т.Көшмағанбетов

 

Шетпе ауылына 1000 дәне қоқыс салатын жәшіктер орнатуға облыстық экономика басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылды.

Қаржыландыру мәселесі бюджет мүмкіндігіне қарай алдағы бюджет нақтылауларында облыстық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылатын болады.

149.          

Аудан аумағындағы қордаланып қалған тұрмыстық қатты қалдықтарды жоюға сметалық құжаттама жасақталсын, тиісті ұсыныстар енгізілсін

2020 жыл

I тоқсан

Б. Қашақов

Д.Құсбеков

Т.Көшмағанбетов

Аудан көлеміндегі ауыл, ауылдық округ әкімдерімен қордаланып қалған тұрмыстық қатты қалдықтарды жоюға сметалық құжаттама жасақталып, облыстық экономика және қаржы басқармасына 85,357 млн теңгеге 21.02.2020 жылғы №84 сұраныс хаты жолданды.

150.          

Шетпе ауылындағы Шетпе-1 шағын ауданынан дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға жобалық сметалық құжаттама жасақталсын

2020 жыл

II тоқсан

Н. Аққұлов

Ш.Тәжіғараев

Т.Көшмағанбетов

Шетпе – 1 елді мекенінен дәрігерлік амбулатория салуға жер бөлуге аудандық жер қатынастары бөліміне  хат жолданды, құжаттары рәсімделуде. ПИР дайындауға облыстық құрылыс басқармасына жолданды.

151.          

Шетпе ауылы, Қосбұлақ шағын ауданындағы мәдениет клубын жөндеуден өткізуге тиісті ұсыныс енгізілсін

2020 жыл

II тоқсан

Ә.Қыраубаев

Т.Көшмағанбетов

 

Қосбұлақ ауылының мәдениет клубына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 40 343 420 теңгенің сметалық құжаты дайындалып, облыстық экономика және қаржы бөліміне тапсырылды. 

Бюджеттік өтінім ұсынылған жоқ.

152.          

Сай Өтес ауылына Толыбай ауылы мен орталықты байланыстыратын темір жол өткелін салу мәселесі

2020 жыл

жыл ішінде

Ә.Қыраубаев

Н. Аққұлов

Б. Ережепов

Т.Көшмағанбетов

Сай-Өтес ауылында теміржол өткелінің құрылысын салуға «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 57,216 млн.теңге қаражат бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізілді, мердігер – «Ақжол құрылыс» ЖШС-і анықталды.

153.          

Қосбұлақ шағын ауданынан бала бақша салу мәселесі

Қаржыны талап етеді

Қ. Жұмашев

А.Сейдалиев

Т.Көшмағанбетов

Қосбұлақ шағын ауданынан жекеменшік балабақша ашуға ынталы жеке кәсіпкер жоқ. Қосбұлақтың 600 орындық жаңа мектебі салынса қәзіргі бастауыш мектептің ғимаратын мектеп жанындағы шағын орталық етіп ашу  жоспарлануда.

154.          

Қосбұлақ шағын ауданынан мектеп салу мәселесі

Қаржыны талап етеді

Қ. Жұмашев

А.Сейдалиев

Т.Көшмағанбетов

Шетпе ауылы Қосбұлақ елді мекенінен 600 орындық жаңа мектепке ЖСҚ-ға конкурс жарияланып 20.12.2019 жылы «Строй проект-инвентаризация» ЖШС  9 486 300 теңгеге келісім шарт жасақталып, ЖСҚ дайындалуда.

155.          

Бекі ауылынан мектеп салу мәселесі

Қаржыны талап етеді

Қ. Жұмашев

         А.Сейдалиев

Т.Көшмағанбетов

Бекі ауылынан мектеп салуға ЖСҚ-сы дайын, экспертизадан өткізу үшін қаржы сұралуда.

156.          

Сай Өтес ауылына қарасты, Толыбай ауылына асфальт жол салу мәселесі

2020 жыл

жыл ішінде

Н. Аққұлов

Б.Ережепов

Т.Көшмағанбетов

Сай Өтес ауылына қарасты, Толыбай ауылына асфальт жол салуға «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 512,076 млн.теңге қаражат бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылып 20 сәуір күні қортындысы шықты. Заң шеңберінде жұмыстары ұйымдастырылатын болады.

157.          

Т.Жалғасбайұлы атындағы Шайыр орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу мәселесі

Қаржыны талап етеді

Қ. Жұмашев

А.Сейдалиев

Т.Көшмағанбетов

Маңғыстау ауданы әкімінің 17.04.2020 жылғы №85 қаулысымен 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде  Т.Жалғасбайұлы атындағы Шайыр орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 117 665,0 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу заңдылықтары бойынша конкурс өткізілетін болады.

158.          

Шайыр мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу мәселесі

Қаржыны талап етеді

Қ. Жұмашев

Ш. Тәжіғараев

П.Сармурзина

Т.Көшмағанбетов

«Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы                                   № 293  «2020-2022 жылдарға арналған  облыстық бюджет туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 63 қаулысына сәйкес Жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен Шайыр ауылындағы мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 25 563,0 мың теңге қаражат бөлінді. Қаржыландыру мамыр айынан басталады. Жөндеу жұмыстарының жүру ұзақтығы - 2 ай. Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары барысында 10 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы - 5 адам.

159.          

Алтын алқа иегерлерінің балаларын бала бақшаға тегін беру мәселесі

2020 жыл

жыл ішінде

Т. Көшмағанбетов

Көпбалалы, алтын алқа, мүжәлсіз отбасы балалары үшін жергілікті бюджеттен 180 балаға 28 360 800 теңгеге қаржы бөліміне сұраныс түсірілді.

160.          

Шетпе – Таушық бағытындағы тас жолды жөндеу мәселесі

Қаржыны талап етеді

Н. Аққұлов

Б.Ережепов

Т.Көшмағанбетов

Шетпе-Таушық бағытындағы тас жол облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасының балансында болғандықтан, жол басқармасына жолды жөндеуге ұсыныс берілді

161.          

15 бекетке газ тарту мәселесі

Қаржыны талап етеді

Б. Қашақов

А.Хамиев

Т.Көшмағанбетов

 

 

Аудандық құрылыс бөлімімен ПИР жасақталды. Казіргі таңда ЖСҚ жасауға қаражат сұралуда.

162.          

Өтес ауылындағы қосқабатты үйлер мәселесі

Қаржыны талап етеді

Н. Аққұлов

Ш.Тәжіғараев

Т.Көшмағанбетов

Аудан бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің мәселесімен айналысатын «Аудандық тұрғын үй инспекциясы» ММ-сі құрылуда. Мекеме құрылып аталған мәселемен айналысатын болады.

Қаражатты қажет етпейтін іс-шаралар

163.          

Кәсіпкерлер ұсынысына қарай бас жоспарға сәйкес ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бағыттағы жер учаскелерін беру жолдарын қарастыру (аукцион, инвест проект) мәселесі

2020 жыл

жыл ішінде

Б. Қашақов

Е. Дүзмағамбетов

В. Мұстапаева

Т.Көшмағанбетов

Мемлекет меншігіндегі кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта беру мақсатында, ауданымызға қарасты ауыл, ауылдық округ әкімдіктерден ұсыныстар сұратылуда.

164.          

Халықтың негізгі тұтынатын тауарларының бағасы негізсіз өсіп кетпеуін қадағалау және көлемін арттыру бағытында жұмыстар жүргізу мәселесі

үнемі

Ә. Қыраубаев

В. Мұстапаева

Т.Көшмағанбетов

ҚР ҰЭМ статистика бойынша Комитетінің деректері бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап Маңғыстау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұтыну баға индексі - 104,3%     (ҚР – 105,5%) құрады.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Маңғыстау облысының тұрақтандыру қорына жергілікті бюджеттен «Каспий» ӘКК» АҚ арқылы 650 млн.теңге қарыз қаражаттары бөлінді, соның ішінде:

-        бірінші сортты ұн өндіруге астық сатып алу үшін екі ұн өндіру кәсіпорнына - 270 млн.теңге;

-        әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу үшін өңірдің көтеріп сататын саудагерлеріне «айналым схемасы» бойынша 380 млн.теңге. оның ішінде бүгінгі күнде 315 млн.теңгегесіне келесі тауарлар сатып алынып нарыққа сатылымға шығарылды: картоп, жуа, қырықабат, сәбіз, қант, күнбағыс майы, макарондар, сүт, тауық еті, ұн, сары май, күріш.

Азық-түлік тауарларының қосымша қорын қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорына облыс әкімдігінің резервінен шұғыл шығындарға 683 млн.теңге бөлінді. Соның ішінде 566 млн. теңгесіне келесі тауарлар сатып алынды: сиыр еті, макарондар, тұз, күнбағыс майы, сүт, ұн, құс еті, күріш, қант, тауық жұмыртқасы

165.          

Шетпе ауылында орналасқан тас уату каръерлерінде экологиялық талаптардың сақталмауына байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде тиісті шаралар қамтамасыз етілсін

2020 жыл

II тоқсан

Б. Қашақов

Е. Дүзмағанбетов

Р. Төкенов

Т.Көшмағанбетов

Шетпе ауылында орналасқан тас уату каръерлеріндегі жағдайға байланысты заң талаптарын орындамаған тас уату карьер иелеріне ескерту беріліп 30-сәуірге дейін жұмыстары тоқтатылды. Қазіргі кезде каръерлердің тас уату құрылғыларына су бүркіу, шаң шығатын жерлерге ангарлар салу жұмыстары жүргізілуде. Каръераралық жалпы пайдаланудағы жолдарға жобалық сметалық қүжаттары жасақталуда, қаржыландыру көзі нақтылануда. 

 

166.          

Шетпе ауылы аумағындағы «Газ сақтау зауыты» құрылысына қатысты қоғамдық тыңдау бойынша және санитариялық нормалардың сақталуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі қаралсын

2020 жыл

I тоқсан

Б. Қашақов

Е. Дүзмағанбетов

Р. Төкенов

А. Хамиев

Т.Көшмағанбетов

Облыс әкімінің тапсырмасына сай арнайы комиссия құрылып, заңдылықтарын қарау жұмыстары  жүргізілді.

Сонымен  қатар аудандық ардагерлер кеңесімен заң талаптары сақталмау жөнінде сотқа құжаттар жолданып, сот шешімімен Газ сақтау зауытының жұмысы тоқталды.

167.          

Халық арасында міндетті медициналық сақтандыруды түсіндіру жұмыстары жандандырылсын

2020 жыл

I тоқсан

Қ. Жұмашев

Ж.Жаманбаева

Т.Көшмағанбетов

Аудан бойынша тұрғындарды міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды түсіндіру бойынша ақпараттық түсіндіру тобы құрылып, барлық елді мекендерде тұрғындармен, мекеме қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Кездесу барысында тұрғындар міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесінің атқаратын қызметтері мен оның орындалу алгоритмі жөнінде толықтай ақпараттандырылды, ақпараттық түсіндіру парақшалары, 3 билборд орналастырылды

168.          

Бекі елді-мекені ауыз су мәселесін шешу мақсатында су тасымалдау көлігін алуға ұсыныс енгізілсін

2020 жыл

II тоқсан

Ә.Қыраубаев

Т.Көшмағанбетов

Бекі елді-мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су тасымалдау көлігін алуға Су ресурстары комитетіне  ұсыныс жолданды.                                                                                                                                                                                                                                                                               

169.          

Игерілмеген жерлерді мемлекетке қайтару мәселесі

2020 жыл

жыл ішінде

Б. Қашақов

Е.Дүзмағанбетов

Т. Асауов

Т.Көшмағанбетов

Аудан көлемінде ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай отырған жерлерді түгендеу және мемлекет меншігіне қайтару бойынша аудан әкімдігінен құрылған жұмыс тобы пайдаланылмаған, игерілмеген және ұтымды пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда пайдаланылмай отырған жер телімдерін өз еркімен мемлекет меншігіне қайтару туралы 300-дей хабарлама ауылдық әкімдіктер арқылы берілуде, алдағы уақытта ауыл әкімдерімен бірлесіп акттеу жұмыстарын жүргізіп заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады. Қазіргі кезде, Ауыл шаруашылығы министрінің  2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына сәйкес, Qoldau.kz сайты пилоттық режимде космомониторинг жұмысын бастады. Осы порталға аудандар тікелей тіркелген, бақылау жұмыстарын жүргізулері тиіс. Басқарма тарапынан осы қағида бойынша жұмыстарды ұйымдастыру алгоритмі жасалып, веб-порталды қолдану бойынша видеороликтермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Енді ары-қарай осы веб-портал көмегімен аудан әкімдіктері өз бетінше малдың басы, жерге жүктемелердің бар-жоғын анықтау мақсатында жұмыстарды ұйымдастырып, пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтаратын болады.

170.          

Иір аумағындағы бітеліп қалған су құдықтарының су қорын анықтау жұмыстары жүргізілсін

2020 жыл

жыл ішінде

Б. Қашақов

С.Қалдығұл

Т.Көшмағанбетов

Иір аумағындағы Шілкөз жерінен ұңғыма қазылып 353 метр тереңдіктен су шықты. Қазіргі таңда ұңғыма суы мол және сол жердегі малға жеткілікті. Келген мал кідіріссіз су ішіп тұр.

171.          

Шебір – Тұщықұдық аралық жолын қайта жөндеу мәселесі

2020 жыл

жыл ішінде

Н. Аққұлов

Б.Ережепов

Т.Көшмағанбетов

Шебір – Тұщықұдық аралық жолын қайта жөндеу мәселесі бойынша мердігер мекеме тарапынан қалыпқа келтіру үшін талап – арызбен сотқа жолданды. Қазіргі таңда талап арыз қаралып жатыр.

172.          

Онды ауылындағы газ құю бекетіне лимит беру мәселесі

Бәсекелестік орта арқылы сатып алу ұсынылды

Ә. Қыраубаев

Б. Қашақов

А.Хамиев

Т.Көшмағанбетов

Онды ауылындағы жеке кәсіпкер А.Мұханбеткаримовтың газ құю бекетіне лимит беріліп, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жұмысын жасап тұр. 

173.          

Мал ауруының алдын алу жұмыстарын уақытылы жүргізу мәселесі

2020 жыл

жыл ішінде

Б. Қашақов

Ш. Хамиев

Т. Көшмағанбетов

 «Маңғыстау аудандық ветеринариялық стансасы» МКК-ы арқылы ауыл шаруашылық малдарына ветеринариялық алдын – алу және диагностикалық жұмыстар жоспарға сәйкес жасалынуда. Ауыл шаруашылық малдары арасында ауру жоқ, жағдай тұрақты.

174.          

Шаруа қожалық иелеріне касса аппаратын алу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Б. Қашақов

Ш. Хамиев

Т. Көшмағанбетов

Аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Салық және бюджеттке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» қазақстан Республикасының Салық кодексінің 165, 166 баптарына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары А.Аққұловтың төрағалығымен түсіндірме жиналысы өткізілді.

Қазіргі таңда 113 шаруа қожалығы касса аппаратын орнатты.

175.          

Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге одан әрі қолдау көрсетілсін, кәсіпкерлік жобалар әрдайым сүйемелденсін, кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтарға жер бөлу мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалары аясында бекітілген Бас жоспарға сәйкес аукциондар мен конкурстар жиі ұйымдастырылсын

2020 жыл

Т. Көшмағанбетов

Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мақсатында кәсіпкерлерге одан әрі қолдау көрсетуге, кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтарға жер бөлу мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалары аясында бекітілген Бас жоспарға сәйкес аукциондар мен конкурстар жиі ұйымдастыру бағытында Маңғыстау аудандық жер қатынастары бөліміне ұсыныс беріліп, уәкілетті орган арқылы жұмыстар жүргізілуде.

 

Демеушілер қаржысы есебінен

176.          

Тиген ауылына газ құбырын тарту мәселесін демеушілік арқылы шешуді пысықтасын

2020 жыл

II тоқсан

Ә. Қыраубаев

М.Альбекова

А. Хамиев

Т.Көшмағанбетов

«Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы Тасмұрын және Тиген тұрғын алаптарының газ тарату жүйелерін салу» жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. «NCOC» АҚ-мен келіссөздер жүргізілуде.

 

Түпқараған ауданы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен

ұсыныс – пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

 

Республикалық бюджеттен (немесе жергілікті бюджеттен) қаржыландырылатындар

177.          

Сайын Шапағатов ауылдық округінен дәрігерлік амбулатория салу бойынша ұсыныс енгізілсін

2020 жыл

IV тоқсан

Қ. Жұмашев

Ж.Жаманбаева

А. Қосуақов

 

Сайын Шапағатов ауылдық округінен дәрігерлік амбулатория салу жер қойнауын пайдаланушылар компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясында қаржыландыру жоспарлануда. Бүгінгі күні «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 10,1 млн.теңге бөлінді

178.          

Тұрғын үй мәселесін шешу үшін тұрғын үй құрылыстарын салу мәселесі

2020 жыл

IV тоқсан

Н. Аққұлов

Ш. Тәжіғараев

А. Қосуақов

Қазіргі таңда, тұрғын үй кезегінде 805 адам тіркелген. Форт-Шевченко қаласында 80 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылыс  жұмыстары мамыр  айында аяқталатын болады. Сонымен қатар, 72 пәтерлі тұрғын үй құрылысын  салуға 727,2 млн.қаражат қажет. Биыл осы жұмысты  бастау үшін 20,0 млн.теңге қаражат республикалық  бюджеттен бөлінеді деп күтілуде. Қосымша Форт-Шевченко қаласына 72 пәтерлі тұрғын үй құрылысының ЖСҚ жасақтау  жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы  осы жылдың маусым айында сараптамадан   шығатын болады. Жалпы, ауданның Сайын Шапағатов ауылында 64 пәтерлі тұрғын  үй құрылыстарының ЖСҚ  жасақтау осы жылы жоспарлануда.  Конкурс берілетін болады.

179.          

Сайын Шапағатов ауылдық округінің 6 орамына ауыз су құбырын жүргізу құрылысы аяқталсын, бақылауға алынсын

2020 жыл

IV тоқсан

Н. Аққұлов

А. Хамиев

А. Қосуақов

Сайын Шапағатов ауылдық округінің 6 орамына ауыз су құбырын жүргізу құрылысының мердігері «СК-ТрансКомСтрой» ЖШС, аталған жұмыстарды осы жылдың тамыз айына дейін аяқталу жоспарлануда.

180.          

Форт-Шевченко қаласының Жаңа кетік шағын ауданына 7,1 км автомобиль жолының құрылысын бастау

2020 жыл

IV тоқсан

А. Қосуақов

Форт-Шевченко қаласының Жаңа кетік шағын ауданына 7,1 км автомобиль жолының құрылысы бойынша шағын қала бағдарламасына енгізіліп, осы жылы қаражат бөлуге, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылды.

181.          

Форт-Шевченко қаласынан 72 пәтерлі тұрғын үй құрылысын бастау

2020 жылғы

IV тоқсан

А. Қосуақов

Бүгінгі таңда, Форт-Шевченко қаласынан 72 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салуға 727,2 млн.теңге қаражат қажет. Бұл нысанды бастауға республикалық бюджеттен 20,0 млн. тенге қаражат қаралды.

182.          

Бегей тұрғын үй алаңын және Ақшұқыр ауылын газбен жабдықтау құрылысын аяқтау (886 участок)

2020 жылғы

III тоқсан

А. Қосуақов

Бегей тұрғын үй алаңын және Ақшұқыр ауылын газбен жабдықтау құрылыс (886 участок) жұмыстары мамыр айында аяқталатын болады.

183.          

Ақшұқыр ауылының жоғарғы және төменгі бөлігі деп аталатын жол құрылысын аяқтау

2020 жылғы

III тоқсан

А. Қосуақов

Ақшұқыр ауылының жоғарғы және төменгі бөлігі деп аталатын жол құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарға 2019 жылы жоғарғы бөлігіне 43,8  млн. теңге, төменгі бөлігіне 9,8 млн. теңге бөлініп, игерілді. Жолдың жоғарғы бөлік жұмыстары бойынша мектепке дейін 1,2 км асфальт жолдың құрылысы, жолдың төменгі бөлігі жұмыстары бойынша 1 км қатқыл табанды тұғыры жасалды. Осы жылы республикалық бюджеттен жоғарғы бөлігіне 76,0 млн. теңге, төменгі бөлігіне 76,0 млн. теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын толықтай аяқтауға бюджеттен 396,0 млн. теңге бөлінді. Тамыз айына дейін құрылыс жұмыстары толықтай аяқталады деп күтілуде.

184.          

Ақтау - Форт-Шевченко автомобиль жолынан Қызылөзен ауылына дейінгі 8 км жолды жөндеуден өткізуді бастау

2020 жылғы

III тоқсан

Барлық деңгейдегі әкімдердің 2020 жылы есеп беру кездесулерінің қорытындысы Барлық деңгейдегі әкімдердің 2020 жылы есеп беру кездесулерінің қорытындысы
Дата публикации
06 мая 2020