2019 жылдың қорытындысы бойынша

2019 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдармен көрсетілуге жататын 187 қызмет түрінің 149-ы  бойынша өтініштер түсіп, барлық көрсетілген  қызметтер саны - 3 661 926 (2018ж.  – 3 336 923) болды,  өткен жылмен салыстырғанда  8,9 % артты. Оның ішінде:

- мемлекеттік органмен қағаз түрінде – 1 177 805 (2018ж. – 1 064 756), 9,6% артты;   

- мемлекеттік корпорация арқылы – 90 145 (2018ж. – 103 348), 14,6% азайды;

- «электронды үкімет» веб-порталы арқылы – 2 393 976 қызмет көрсетілді (2018ж.  – 2 168 819), өткен жылмен салыстырғанда көрсетілген қызмет саны 9,4% артты. Барлық көрсетілген қызмет санының (3 661 926) 65%-ы.

Сонымен бірге, тегін негізде 120  қызмет түрі бойынша көрсетілген қызмет саны –                 3 451 907, ақылы негізде 22 қызмет түрі бойынша көрсетілген қызмет саны – 35 355, тегін/ақылы негізде 10 қызмет түрі бойынша көрсетілген қызмет саны – 174 664.

Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне (30.09.2019ж., № 726) сәйкес 79 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту бойынша 25 НҚА, 8 мемлекеттік қызмет регламентінің күшін жою бойынша 7 НҚА қабылданды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша
Дата публикации
11 мая 2020