Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша
жергілікті атқарушы органдарда жүргізілген түсіндіру жұмыстары бойынша ақпарат
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімімен 2020 жылдың 16-30 қаңтары аралығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қала және аудан әкімдіктеріне, облыстық басқармаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, 2019 жыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қорытынды есебі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы ақпарат берілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында қала және аудан әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар берілді.