Маңғыстау облысы әкімі аппаратының қаулысы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы                         

№ 127 «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы»

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, цифрландыруды дамыту және ақпараттық технологиялар бойынша функциялардың «Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы» 

мемлекеттік мекемесіне берілуіне байланысты Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 127 «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген қаулының қосымшасындағы 17-тармағында:

22 абзац алынып тасталсын;

25 абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;».

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне (әрі қарай – Ереже) өзгерістер енгізілсін.
  2. «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Н.Т. Тәжібаев) енгізілген өзгерістерді әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Т. Тәжібаевқа жүктелсін.

 

 

Маңғыстау облысының әкімі                                                      С. Трұмов

 

Результат подписания
12.08.2020 15:51:54 Трумов С. У.. Подписано



Положения
Дата публикации
10 апреля 2020