Азаматтардан келіп түскен өтініштерді қарауға қатысты ақпарат

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімімен азаматтардан келіп түскен өтініштерді есепке алу, олардың орындалысын бақылау жұмысына талдау жүргізілді.

Талдау жұмысының қорытынды ақпараты бойынша 2021 жылдың     30 маусымына азаматтардан 1520 өтініш келіп түсті.

1520 өтініштің пошта арқылы - 101, қолма – қол қабылданғаны - 470, электронды түрде - 438, электронды Үкімет порталы (egov.kz) арқылы – 491 өтініш, Президенттің Виртуалды қабылдау бөлмесі арқылы – 11 өтініш қабылданған.

Облыс әкімінің қарауына 1520 өтініш енгізілді, оның ішінде аудан, қала  әкімдіктеріне қарау үшін 854 өтініш жолданды. Орындалғаны – 666, оның ішінде 135 - қанағаттандырылған, 531 өтініш бойынша түсіндірме берілді.

Өтініштердің көп бөлігі мынадай мәселелер бойынша келді:

  • Жұмысқа орналастыру және әлеуметтік көмек – 178;
  • Тұрғын үй – 101;
  • Әлеуметтік көмек – 70;
  • Коммуналдық шаруашылық – 114;
  • Кәсіпкерлік – 18;
  • Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет – 287;
  • Жер телімін беру – 55;
  • Білім, мәдениет және спорт – 108;
  • Заң және құқық қорғау – 40;
  • Денсаулық сақтау – 51;
  • Көлік және жаяу жүргінші жолдары – 32;
  • Еңбек дауы – 3;
  • Басқа да сұрақтар – 463.

     Өңірлердің бөлінісі бойынша түскен өтініштердің ең көп саны Ақтау қаласы – 655,  Жаңаөзен қ. – 273,  Бейнеу ауданы - 163, Мұнайлы ауданы – 198, Маңғыстау ауданы – 88, Қарақия ауданы – 102, Түпқараған ауданы - 41.

Азаматтарды жеке қабылдауына қатысты

         2021 жылдың жыл басынан 30 маусым аралығында Маңғыстау облысының әкімімен 9 қабылдау өткізіліп, 120 азаматты қабылдады. Оның ішінде 9 азаматтың сұрағы шешімін тапты, ішінара қанағаттандырылған мәселелер –41, 69 мәселе бойынша жеке қабылдау барысында түсініктемелер берілді. 1 өтініш құзырлы органға жолданды. 

         Әкімнің орынбасарлары есептік кезең ішінде 19 қаблыдау өткізіліп, 102 азамат қабылданды. Олардың ішінде 18–толық шешілді, ішінара қанағаттандырылған мәселе саны – 5, тиісті құзырлы органдарға жолданғаны – 4, 75 азаматтың мәселесі бойынша қабылдау барысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дата публикации
16 июля 2021