Маңғыстау облысы бойынша
ауыл, ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы бойынша Бейнеу ауданы Сарға, Есет, Төлеп ауылдары және Сам ауылдық округі, Қарақия ауданы Құланды ауылдық округі, Маңғыстау ауданы Жармыш, Қызан ауылдары, Оңды, Тұщықұдық ауылдық округі және Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылы әкімдерінің сайлауы 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалсын.
- Облыстық деңгейдегі аумақтық сайлау комиссиясы сайлауды дайындау мен өткізуді қамтамасыз етсін және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгіне) арыздар мен шағымдарды қарасын.
- Осы қаулы Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының интернет-сайтында жариялансын.
Облыстық сайлау
комиссиясының төрағасы А. Рзаханов
Облыстық сайлау
комиссиясының хатшысы Г. Арзыгулова
Ақтау қаласы,
2021 жылғы 25 маусым,
№ 2261