2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Маңғыстау облысы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына кандидаттардың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Маңғыстау облысы

ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына кандидаттардың

жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының

мөлшерін белгілеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының    28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-1-тармағына сәйкес Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауылдық округ әкіміне кандидаттың жергілікті бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

1) Теледидар бойынша бағдарламалармен (15 мин.) сөз сөйлеу - 50 000 (елу мың) теңге сомасында белгіленсін;

2) Радио бойынша бағдарламалармен (10 мин.) сөз сөйлеу - 10 000 (он мың) теңге сомасында белгіленсін;

3) Мерзімді баспа басылымдарында мақала жариялау– 50 000 (елу мың) теңге сомасында белгіленсін;

4) Сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару - 50 000 (елу мың) теңге сомасында белгіленсін;

5) Көлік шығыстары - 50 000 (елу мың) теңге сомасында белгіленсін;

6) Үй-жайларды жалға алу–10 000 (он мың) теңге сомасында белгіленсін.

  1. Осы қаулы аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
  2. Аудандық аумақтық сайлау комиссиялары осы қаулыны тіркелген ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың назарына жеткізсін.

 

 

Облыстық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                  А. Рзаханов

 

Облыстық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 Г. Арзыгулова

 

Ақтау қаласы,

2021 жылғы 25 маусым,

№ 2262

Дата публикации
26 июня 2021