ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ҚҰЛАНДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІН САЙЛАУ ҮШІН САЙЛАУ ОКРУГІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ. ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ҚҰЛАНДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ

         № 11

         25.06.2021 ж.

 

Қарақия  ауданы

Құланды ауылдық округінің

әкімін сайлау үшін  

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының              4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Қарақия аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарақия ауданы Құланды ауылдық округінің әкімін сайлау үшін сайлау округі құрылсын:

         Құланды ауылдық округінің әкімі - Құланды ауылдық округінің шекарасындағы Құланды сайлау округі;

  1. Сайлау округінің тізімі, оның шекарасы мен аудандық сайлау комиссиясының орналасқан орны көрсетіле отырып, Қарақия аудандық сайлау комиссиясының сайтында, облыстық «Маңғыстау» және аудандық «Қарақия» газетінде жариялансын.

 

Қарақия аудандық

сайлау комиссиясының төрағасы                           А. Мееров

 

Қарақия аудандық

сайлау комиссиясының хатшысы                           Г. Жайылханова

 

        

№ 12

25.06.2021 ж.

 

Қарақия ауданы

Құланды ауылдық округі

әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Қарақия аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарақия ауданы Құланды ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалсын.   
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Қарақия ауданы Құланды ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қарақия адандық сайлау комиссиясының сайтында, облыстық «Маңғыстау» және аудандық «Қарақия» газетінде жариялансын.

 

Қарақия аудандық

сайлау комиссиясының төрағасы                           А. Мееров

 

Қарақия аудандық

сайлау комиссиясының хатшысы                           Г. Жайылханова

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/documents/details/182191?lang=kk 

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/documents/details/182213?lang=kk 

Дата публикации
25 июня 2021