Маңғыстау облысы
әкімі аппараты басшысының
2021 жылғы «____» __________
№ _____ бұйрығына
11-қосымша
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының
құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
3.Бөлімнің құрылымы, штаттық саны Аппарат басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Бөлімнің құрамына:
Бөлім персоналын функционалды және тікелей басқаруды Бөлім басшысы жүзеге асырады.
Функциялары:
1) ағымдағы іс жүргізуді және мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі қолданыс аясын кеңейту, электрондық құжат айналымын дамыту, Әкімшілікке келіп түсетін хат-хабарды жүйелеу мен оңтайландыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) құпия емес іс жүргізу мен электрондық құжат айналымын жүргізу, келіп түскен және жөнелтілетін қағаздағы және электрондық жеткізгіштегі хат-хабардың іс жүргізу талаптарына сәйкестігін тексеру;
3) келіп түскен қызметтік хат-хабарды алдын ала қарау, бөлу, есепке алу және тіркеу, оны басшылыққа және құрылымдық бөлімшелерге жедел жеткізу, құжаттардың уақытылы өтуін бақылау;
4) облыс әкімінің ұйымдастыру-өкімдік құжаттарын бірыңғай электронды құжат айналымының жүйесінде (ЭҚАБЖ) тіркеу, тарату және ресімдеуге қойылатын талаптардың сақталуына, аппаратта өткізілетін облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының жиналыстарының хаттамаларын тіркеу, олардың орындалысын бақылауды жүзеге асыру;
5) Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінде құжаттардың бары-жоғын салыстыру, аппараттың жаңадан қабылданған қызметкерлеріне іс қағаздарын жүргізу мәселелері бойынша нұсқама өткізу;
6) облыс әкімнің және облыс әкімі аппаратының елтаңбалы мөрлерін, қызметтік бланкілерін облыс әкімі аппаратының мөрлері мен мөртабандарын дайындау және тиісті қолданылуын қамтамасыз ету, осылардың есебін жүргізу;
7) облыс әкімі аппаратының архив қорын қалыптастыру, құжаттардың түпнұсқасын ағымдағы архивте сақтауды және оларды Маңғыстау облысының Мемлекеттік архивіне сақтауға беру;
8) мемлекеттік органдардың «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таратылуы шектелген хаттарды тіркеу, тарату, бақылауға қою, орындалысын бақылау.
Функциялары:
2) Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындаудың жай-күйі, оның ішінде сапасыз орындалғаны немесе мерзімін бұзушылық туралы атқарушылық тәртібі комиссиясының қарауына облыс әкімінің атына аналитикалық жазбалар мен анықтамалар дайындау;
3) Президенттің актілері мен тапсырмаларын іске асыру, орындаушылық тәртіп мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік органдарға тексеру жүргізуге қатысу, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;
4) орындалған тапсырмалар бойынша орындау кәртішкесін толтырып, бақылаудан алу жөнінде қызметтік жазбалар дайындау.
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалысына дербес жауапкершілікте болады;
2) Президенттің актілері мен тапсырмаларының, Аппарат басшылығының
тапсырмаларының уақтылы әрі егжей-тегжейлі орындалуын қамтамасыз етеді;
3) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары бойынша ұсыныс береді;
4) бөлім жұмысын ұйымдастырады, тиісінше еңбек және қызмет тәртібін қамтамасыз етеді;
5) аппаратта белгіленген қағидаларға сәйкес Бөлімде іс жүргізуге жауап береді;
6) бөлімнің қызметіне талдау жүргізіп, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды;
7) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, көтермелеу немесе оларға жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
8) белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы баяндайды;
9) аса маңызды хат-хабар мен қажетті жедел деректерді облыс әкіміне және Аппарат басшылығына ұсынады;
10) бөлімнің міндеттері мен функцияларын іске асыруда Аппараттың құрылымдық бөлімшелерімен, өзге де мемлекттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
11) аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің іс жүргізуге жауапты қызметкерлерін жұмысқа қабылдауда және жұмыстан босатуда олардың кандидатураларын келіседі.