Маңғыстау облысы әкімі аппаратының аумақтық даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Маңғыстау облысы

әкімі аппараты басшысының

2021 жылғы  «____» __________

№ _____ бұйрығына

3-қосымша

 

 

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының

 аумақтық даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының аумақтық даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, облыс әкімдігі мен әкімінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлімнің құрылымы, штат саны облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Бөлім мыналардан тұрады:

1) бөлім басшысы;

2) 6 бас инспектор.

Бөлімнің функционалдық басқаруын және персоналды желілік басқаруын бөлім басшысы жүзеге асырады.

 

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: Маңғыстау облысы әкімінің аппараттық жұмысын, регламенттік және негізгі іс-шараларын жоспарлауды, мониторингілеуді және талдауды қамтамасыз ету.

Функциялары

1) облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің Мемлекет Басшысының нормативтік құқықтық актілері мен тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Үкіметі басшылығының және облыс әкімінің тапсырмаларын уақытылы орындауына талдауды, мониторингті және бақылауды жүзеге асырады;

2) облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің қызметін үйлестіреді, талдайды және мониторинг жүргізеді;

3) қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарында құжаттармен жұмысты ұйымдастыруын қадағалайды, атқарушылық тәртіп бойынша облыс әкіміне тоқсан сайын қызметтік жазбалар дайындайды;

4) Бөлім қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпаратты, құжаттар мен материалдарды талдайды, зерделейді және қорытады;

5) облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің аппараттарында атқарушылық тәртіптің жай-күйіне мониторинг жүргізеді;

6) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер береді, Бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес мәселелерді талқылау кезінде кеңестер мен комиссиялардың жұмысына қатысады;

7) қажет болған жағдайда жергілікті жерлерге шыға отырып, қалалық, аудандық әкімдіктерден, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардан, облыстың өзге де мемлекеттік органдарынан, ұйымдарынан, мекемелерінен, кәсіпорындарынан Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, есептерді, анықтамалар мен басқа да материалдарды сұратады және алады;

8) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін белгіленген тәртіппен қарайды;

9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Міндеті: облыс әкімдігінің отырыстарына қажетті материалдарды қалыптастыру және кеңес хаттамаларын дайындау, мерекелік, естелік күндерге байланысты іс-шараларды және облыс әкімінің қатысуымен өтетін басқа да қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу.

Функциялары:

1) ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды және облыс аумағында өткізілетін іс-шараларды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, орталық атқарушы органдар басшыларының, облыс әкімінің, аппарат басшысының қатысуымен өтетін                   іс-шараларды ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2) облыс әкімі мен әкімдігінің ақпараттық-талдау қызметін қамтамасыз етеді;

3) облыс әкімдігінің отырыстарына материалдар қалыптастырады;

4) облыс әкімінің аппаратына ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және әкімдердің халықпен есеп беру кездесулерін өткізу, сайлауды және басқа да қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу бойынша жүктелген функцияларды орындайды;

5) әкімдер аппараттарына және басқа да атқарушы органдарға ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

6) облыс әкімінің апта сайынғы аппараттық кеңестерін және өзге де кездесулерін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

7) ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Премьер-Министрінің Кеңсесіне облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша апта сайынғы жедел ақпаратты жібереді;

8) қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарымен, облыстық мәслихат аппаратымен қоғамдық-саяси іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

9) Орталық сайлау комиссиясына, облыстық, аудандық және қалалық сайлау комитеттеріне, облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың аппараттарына сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша мониторингті және олармен байланысты жүзеге асырады;

10) облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;

11) мемлекеттік органдармен, шаруашылық жүргізуші субъектілермен қызметтік хат алмасуды жүргізеді, бөлімдерден, облыстық басқармалардан, аумақтық департаменттерден, барлық деңгейдегі әкімдер аппараттарынан оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратады.

  1. Міндеті: барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінің желілік кестесін құруды қамтамасыз ету, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп облыс әкіміне, аппарат басшысына облысты дамытудың өзекті проблемалары бойынша талдамалық және ақпараттық жазбалар дайындау.

Функциялары:

1) қалалар мен аудандар әкімдерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі мен әкімдігі қойған міндеттерді іске асыру бойынша облыстың жауапты мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіреді (жетекшілік етеді);

2) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыс әкіміне, облыс әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына облысты дамытудың өзекті проблемалары бойынша талдамалық және ақпараттық жазбалар дайындайды;

3) облыс әкімінің, облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу қорытындылары бойынша ақпарат мониторингін, оны дайындауды және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберуді жүзеге асырады;

4) ай сайын әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша іс-шаралар жоспарларының орындалу барысын талдайды және қорытады, облыс әкімі аппаратының басшысын, облыс әкімін тоқсан сайын хабардар етеді;

5) облыс әкіміне, облыс әкімі аппаратының басшысына жергілікті жерлерде атқарушылық тәртіп мәселелері бойынша құжаттар мен материалдар дайындайды, облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

6) облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың аппараттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

7) облыс бойынша сайлаушылардың саны туралы тоқсан сайынғы мәліметтерді жинақтайды және Орталық сайлау комиссиясына жібереді;

8) мәслихаттармен бірлескен жұмысқа қатысты ақпараттық-талдау материалдарын уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді;

9) облыстың қалалары мен аудандарындағы сайлаулар мен референдумдарға әзірлік барысына мониторингті үйлестіреді, жүзеге асырады;

10) оралмандарды жайластыру мәселелерін үйлестіреді;

11) Мемлекет Басшысының жолдауын түсіндіру бойынша, өткізілетін реформалар, сайлауға дайындық бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінің желілік кестесін құрастырады, мониторинг жүргізеді және талдайды;

12) облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды талдайды және басшылыққа енгізеді.

  1. Міндеті: мемлекеттік наградаларға ұсыну бойынша материалдарды уақытылы және сапалы дайындау, «мемлекеттік наградалар» базасын жүргізу, Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғысымен марапаттау үшін материалдарды уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік наградаларды тапсыру туралы тоқсан сайынғы, жылдық есептерді дайындау және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберу.

Функциялары:

1) мемлекеттік наградаларға ұсыну бойынша материалдарды уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз етеді;

2) «мемлекеттік наградалар» («Алтын алқа», «Күміс алқа») базасын жүргізеді, мемлекеттік наградаларға ұсынылған кандидаттарға награда парақтарын дайындайды;

3) жоғалған кітапшалардың орнына дубликаттар беруге арналған материалдарды мемлекеттік наградаларға сапалы дайындауды қамтамасыз етеді;

4) наградтау мәселелері бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің аппараттарымен, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

5) Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттауға материалдарды уақытылы және сапалы дайындауды қамтамасыз етеді;

6) Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттауға материалдарды уақытылы және сапалы дайындауды қамтамасыз етеді;

7) азаматтарды наградтауға ұсыну мәселелері бойынша департаменттер мен басқармалармен, кәсіпорындармен және қоғамдық ұйымдармен және басқа да органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

8) облыс тұрғындарын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының бұқаралық ақпарат құралдарында уақтылы жариялануын қамтамасыз етеді;

9) мемлекеттік наградаларды тапсыру туралы тоқсан сайынғы, жылдық есептерді дайындайды және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді;

10) алынатын мемлекеттік наградалар мен олардың құжаттарының сақталуын және уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

11) наградтауға ұсыну бойынша құжаттарға және олардың уақытылы тапсырылуына талдау жүргізеді;

12) қызметкерлер үшін анықтамалар жасайды, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының, облыс әкімінің наградтау туралы өкімдерінің көшірмелерін және түпнұсқаларынан үзінділер жасайды.

 

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Бөлім өз құзыреті шегінде құқылы:

1) қалалар мен аудандар әкімдіктерінде, облыстың мемлекеттік органдарында Мемлекет Басшысының, облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының, оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының орындалуын кешенді тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысуға;

2) облыс әкімінің, аппарат басшысының тапсырмаларын орындауға;

3) қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының қызметін жетілдіру туралы басшылыққа ұсыныстар енгізуге және талдауға;

4) Мемлекет Басшысының, облыс әкімінің, аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қалалар мен аудандар әкімдерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

  1. Бөлімді аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
  2. Бөлім басшысы аппарат басшысының, оның орынбасарының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.
  3. Бөлімінің Басшысы:

1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;

2) Бөлімнің әрбір қызметкерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Дата публикации
02 марта 2021