Маңғыстау облысы
әкімі аппараты басшысының
2021 жылғы «____» __________
№ _____ бұйрығына
4-қосымша
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының
талдау және өңірлік даму бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
Бөлім бөлім басшысынан, 3 бас инспектордан және 1 бас маманнан тұрады. Бөлімнің функционалдық басқаруын және персоналды желілік басқаруын бөлім басшысы жүзеге асырады.
Функциялар:
1) облыстық басқармалардың (білім, ішкі саясат, дін істері, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі, дене шынықтыру және спорт басқармаларын қоспағанда) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және облыс әкімінің, облыс әкімі аппараты басшысының және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауын талдауды және мониторингілеуді жүзеге асырады;
2) облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын органдардың, облыс әкімі жанындағы комиссиялардың және кеңестердің қызметін үйлестіреді, талдау жасайды және мониторинг жүргізеді;
3) облыс әкімі жанындағы облыстық комиссиялар мен Үйлестіру кеңестерінің жұмыс кестесінің орындалуына мониторинг жүргізеді;
4) облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың облыс әкімінің тапсырмаларын орындауы бойынша облыс әкіміне тоқсан сайын қызметтік жазбалар дайындайды;
5) бөлім қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпаратты, құжаттар мен материалдарды талдайды, зерделейді және қорытады;
6) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер береді, Бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес мәселелерді талқылау кезінде Кеңестер мен комиссиялардың жұмысына қатысады;
7) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардан, облыстың өзге де мемлекеттік органдарынан, ұйымдарынан, мекемелерінен, кәсіпорындарынан Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, есептерді, анықтамаларды және басқа материалдарды сұратады және алады;
8) бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін белгіленген тәртіппен қарайды;
9) облыс әкімінің ай сайынғы жұмыс кестесін әзірлейді және онда көрсетілген іс-шаралар бойынша материалдардың ұсынылуына бақылауды жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес функцияларды жүзеге асырады.
Функциялары:
1) облыс аумағында өткізілетін іс-шаралар, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, орталық атқарушы органдар басшыларының, облыс әкімінің және облыс әкімі аппараты басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар үшін ақпараттық-талдамалық материалдар дайындайды;
2) облыс әкімінің ақпараттық-талдау қызметін қамтамасыз етеді;
3) облыс әкімдігінің отырыстары мен аппараттық кеңестерінде қарау үшін мәселелер тізбесін дайындайды, күн тәртібін жасайды, сондай-ақ облыс әкімдігінің отырыстары мен аппараттық кеңестеріне материалдар дайындайды;
4) ҚР Үкіметінің отырыстарына, ҚР Президентінің және ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өтетін селекторлық кеңестерге қажетті материалдарды дайындайды;
5) жетекшілік ететін мәселелері бойынша облыстық басқармаларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
6) өңірге жетекшілік ететін инспекторлардың сұрау салуларына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі үшін ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды;
7) мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен (облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттер) өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
8) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;
9) мемлекеттік органдармен, шаруашылық жүргізу субъектілерімен қызметтік хат алмасуды жүргізеді, бөлімдерден, облыстық басқармалардан, аумақтық департаменттерден оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, сондай-ақ ҚР Президентінің Әкімшілігіне, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне және облыс әкіміне ақпарат дайындау үшін ақпарат сұратады.
Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және облыс әкімі қойған міндеттерді іске асыру бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді және жетекшілік етеді;
2) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыс әкіміне және аппарат басшысына облысты дамытудың өзекті проблемалары бойынша ақпараттық қызметтік жазбалар мен материалдар дайындайды;;
3) облыс әкіміне, облыс әкімі аппаратының басшысына облыстық басқармаларда атқарушылық тәртіп мәселелері бойынша құжаттар мен материалдар дайындайды;
4) облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, облыстың мемлекеттік органдарының (облыстық басқармалар) қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды талдайды және басшылыққа енгізеді.
1) қызметтік комиссиялар шеңберінде облыстық бюджеттің есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдарда Мемлекет басшысының, ҚР Премьер-Министрінің, облыс әкімінің және аппарат басшысының тапсырмаларын орындау бойынша тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысуға;
2) жүктелген өкілеттіктер және қолданыстағы заңнама шеңберінде облыс әкімінің, аппарат басшысының және оның орынбасарларының өзге де тапсырмаларын орындауға;
3) өңірді дамыту мәселелері бойынша облыс басқармаларының негізгі функциялары мен бағыттарының қызметін жетілдіру туралы басшылыққа ұсыныстар енгізуге және талдауға;
4) Мемлекет басшысының, ҚР Премьер-Министрінің, облыс әкімінің, аппарат басшысы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін облыстық басқармалардың басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
2) бөлімнің әрбір қызметкерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) жүктелген өкілеттіктер шеңберінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімінің, аппарат басшысының және оның орынбасарларының өзге де тапсырмаларын жүзеге асырады.