Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 85 «Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 85 «Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

        осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамы жаңа редакцияда жазылсын және заңмен белгіленген тәртіппен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.Қ. Аққұловқа жүктелсін.

 

 

         Маңғыстау облысының әкімі                                             С. Трұмов

Дата публикации
16 июня 2021