Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамы жаңа редакцияда жазылсын және заңмен белгіленген тәртіппен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы Ереже жаңа редакцияда жазылсын.
Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов