|
15.02.2021-ғы № 01-01/15 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
Ақтау қ. 15 ақпан 2021 жыл
Төрағалық еткен: С.Ө. Трұмов – Маңғыстау облысының әкімі.
Қатысқандар: Комиссия мүшелері, қалалар мен аудандар әкімдері, шақырылғандар (тізім бойынша)
Күн тәртібі:
(С. Трұмов, Н. Қилыбай, Р. Елтизаров, Т. Жұмағұлов)
1) карантин режимі кезінде тұрғындарды онлайн қабылдау және олардың сауалдарына тікелей эфирде жауап беру форматын тұрақты жалғастырсын;
2) өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмыс регламентіне сәйкес үзіліссіз жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етсін, халыққа қолжетімді, ашық болуын тұрақты түрде қатаң бақылау жасасын;
3) қалалар мен аудандарда өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарын көбейту, мемлекеттік, бюджеттік мекемелерде оның ішінде, халық көп шоғырланатын орындарда, кәсіпкерлік нүктелерінде орналастыруды ұйымдастырсын;
4) өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарының орналасқан мекенжайлары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сенім телефондары бойынша тиісті ақпаратты мекеменің интернет-ресурстарына әрдайым жариялап отыруды және тұтынушылардың ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз етсін;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде электронды түрде алуға мүмкін бола тұра, «Электронды үкімет» веб-порталында қолжетімді емес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тұрақты түрде талдау жүргізіп, құзырлы органдарға проблемалық мәселелерді шешу ұсыныстары жолдансын.
Мерзімі – 2021 жылғы 31 наурыз, одан әрі ұдайы
(С. Трұмов, Қ. Мырзағали)
Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша халықаралық ұйымдардың жүргізген әлеуметтік зерттеулерінің нәтижелерін облыс әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік органдарға жолдансын.
Мерзімі – 2021 жылғы 20 ақпан
1) сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша халықаралық ұйымдардың жүргізген әлеуметтік зерттеулерінің нәтижелерін қаперге алсын және көрсетілген кемшіліктер бойынша талдау жүргізілсін;
2) ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік секторларда комплаенс-қызметтер институты мен ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандартын енгізу мүмкіндіктері қарастырылсын;
3) «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» жобасы бойынша жұмыстарды жандандырсын, бюджеттік жоспарлар www.publicbudget.kz сайтына орналастырылсын.
Мерзімі – 2021 жылғы 31 наурыз
4) халыққа қажетті ақпараттар мен құқықтық көмектер беру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесе «Адал көмек», «Antikor LIVE» жобалары жүзеге асырылсын және облыстық, қалалық және аудандық деңгейде «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің әлеуметтік желісі арқылы ұйымдастырылсын.
Мерзімі – 2021 жылғы 31 наурыз, одан әрі тұрақты
облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мәдениет үйлерінде, кітапханаларда «Парасат жолы» бұрыштарын ашу жұмыстары жүргізілсін.
Мерзімі – 2021 жылғы 31 наурыз
тұрғын үй саласында Нұр-Сұлтан қаласының «I-қала» тәжірибесін енгізу бойынша ұсыныс енгізілсін.
Мерзімі – 2021 жылғы 31 наурыз
Аудан орталығынан шалғай орналасқан халық көп шоғырланған ауылдарда сервистік әкімдіктерін ашу мүмкіндіктері қарастырылсын.
Мерзімі – 2021 жылғы 31 наурыз
сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік тәрбиелік маңызы бар бейнероликтер түсіру, оларды жергілікті телеарналардан көрсету және халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда мурал, билбордтар орналастыру мүмкіндікткері қарастырылсын.
Мерзімі – 2021 жылғы 31 наурыз, одан әрі тұрақты
«Адалдық алаңы» телебағдарлама айдарының тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастырсын.
Мерзімі – 2021 жылғы 31 наурыз
өңірдің танымал тұлғалары, қоғам қайраткерлері мен ойшылдарына арналған тақырыпта «Адалдық сағаты» бейнедәрісін ұйымдастырсын.
Мерзімі – 2021 жылғы 31 наурыз, одан әрі тұрақты
Осы хаттаманың орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл бөліміне жүктелсін.
Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов