|
21.08.2020-ғы № 01-01/64. 21.10.2020-ғы № 01-01/95. |
Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
Актау қ. «21» тамыз 2020 жыл
Төрағалық еткен: облыс әкімі – С.Ө. Трұмов;
Қатысқандар: Қалалар мен аудандар әкімдері (селекторлық режимде), облыстық басқармалар басшылары (тізім бойынша).
Күн тәртібі:
(С. Трұмов, Т. Байғұлов, С. Қаныбеков)
«Адалдық алаңы» Республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Т. Байғұловтың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары С. Қаныбековтың баяндамалары назарға алынсын.
«Адалдық алаңы» жобалық кеңселердің жұмыстарын жандандырсын.
Мерзімі: тұрақты
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жұмысының тұрақты жүргізілуіне жауапты қала, аудан әкімдерінің бір орынбасарын бекітсін;
бірінші басшыларды төмеңгі қабаттағы әйнектелген кабинеттерге міндетті түрде көшіру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Мерзімі: 10.09.2020 жыл
«Сервистік әкімдіктерді» ашуды қамтамасыз етсін.
Мерзімі: 27.09.2020 жыл
(Д. Үсіпбаев)
«Ашық бюджеттің интерактивті картасы» жобасы бойынша мәселені пысықтасын.
Мерзімі: 2020 жылдың қыркүйегі
Облыс әкімі С. Трұмов