|
01-01/344 от: 13.11.2019. 23.05.2019-ғы № 01-01/127. 30.09.2019-ғы № 01-01/301 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
Ақтау қаласы №_________ «13» қараша 2019 жыл
Төрағалық еткен: облыс әкімі – С. Трұмов
Қатысқандар: комиссия мүшелері, қалалар, аудандар және ауыл әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары (тізім бойынша)
Комиссия хатшысы: Е. Қошжанов
Күн тәртібі:
(С.Қаныбеков, Ш.Тәжіғараев, Е.Дүзмағамбетов, Р.Елтизаров, Т.Алтынғалиев)
1.1. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Қашақов, қалалар мен аудандар әкімдіктері, Маңғыстау облысының қала құрылысын және жерді бақылау, жер қатынастары басқармалары, облыс әкімі аппаратының цифрландыру бөлімі:
1) Қазақстан Республикасының жер қатынастары заңнамасының талаптарын алдағы уақытта сақтамай, өрескел заң бұзушылықтарға жол беретін мемлекеттік қызметшілердің тікелей басшыларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай жауапкершілікке тарту мәселесін қатаң бақылауда ұстасын;
2) «Геопортал» ақпараттық жүйесіне қосылу бағытындағы жұмыстарды жеделдетсін;
3) жер телімдерін беруде қалалар мен аудандардың Бас жоспарымен қатаң сәйкестікте болу қажеттілігін бақылауға алсын;
4) жер телімдеріне қатысты аукцион мен конкурстардың өтуі барысында заңдылықты және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қала және аудан әкімдіктері сайттарында, баспасөз басылымдарында бос жерлер мен үміткерлер тізімдері жарияланып, ұдайы жаңартылуын қадағаласын;
5) Қазақстан Республикасының жер қатынастары заңнамасына сәйкес жер комиссиялары құрамы жыл сайын жаңартылып, қоғамдық ұйым мүшелері мен жергілікті адамдарды комиссия құрамына енгізу талаптарын қатаң бақылауға алсын;
6) Қазақстан Республикасының жер қатынастары заңнамасына сәйкес аукцион немесе конкурс арқылы табысталуға жататын жер телімдерін тек аукцион немесе конкурс арқылы табыстасын;
7) қала және аудан әкімдіктерінің қаулысы негізінде игерілмеген жер телімдерін анықтау жөніндегі құрылған жұмыс топтарының жұмысын жандандыруды қатаң бақылауға алсын;
8) жеке меншікке немесе уақытша пайдалану құқығына берілген жер телімдерін мақсатына сай уақтылы игерілуін қамтамасыз етсін.
Аяқталу нысаны – анықтама,
мерзімі – ұдайы
1.2. Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы:
1) Қазақстан Республикасының жер қатынастары заңнамасын қатаң сақтау жөнінде қалалар және аудандар әкімдіктерінде семинарлар, ашық сабақтар өткізу бойынша жұмыстарын жандандырсын.
Мерзімі – ұдайы
1.3. Қалалар мен аудандар әкімдіктері, Маңғыстау облысының қала құрылысын және жерді бақылау басқармасы, Маңғыстау облысының прокуратурасы (келісім бойынша), Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті (келісім бойынша) бірлесіп:
1) жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару мәселелері бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде жұмыс жүргізсін;
2) меншік құқығына берілген жер телімдері бойынша (игерілген, игерусіз тұрған) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер салықтарын уақтылы төлеуін қамтамасыз етсін.
Мерзімі – ұдайы
ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен енгізілген ҚР-ның жер қатынастары заңнамасының бұзылуын жою туралы ұсынымдарын сапасыз қарағаны үшін, Мұнайлы және Түпқараған аудандары әкімдерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы.
(Д.Үсіпбаев, Қ.Абелдинов)
2.1. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев, қалалар және аудандар әкімдіктері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі (келісім бойынша):
1) қалалар және аудандарда «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерін ашып, жауапты бір қызметкерді бекіту мәселесін қарастырсын;
Бір апта мерзімде
2) сыбайлас жемқорлықтың орын алмауы мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын білуге бағытталған семинарлар, сынақтар ұйымдастырылып, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын жүйелеу және белсенділігін арттыру бойынша нақты шаралар жүргізсін.
Мерзімі – 2020 жылдың 1-тоқсаны
2.2. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары Қ.Жұмашев пен Б.Қашақов, қалалар және аудандар әкімдіктері, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау, білім, ауылшаруашылық басқармалары, Маңғыстау облысының полиция департаменті (келісім бойынша), Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаменті (келісім бойынша):
1) денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою және жолын кесу іс-шараларын ұйымдастыру бағытында жұмыстар жүргізсін;
2) білім беру саласында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу және олардың алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізілуін қатаң бақылауға алсын;
3) халық арасында ашықтыққа, қолжетімділікке жету мақсатында білім беру ұйымдары мен мектептер сайттарында мекеме бюджетін жариялау мүмкіндігін қарастырсын;
4) агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау қаражаттарын игеру кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуын қадағаласын;
5) полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын-алу мақсатында ұдайы жеке құраммен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді басты назарға алсын;
6) кедендік декларацияларды рәсімдеу кезіндегі орын алатын сыбайлас жемқорлық фактілерін жою мақсатында нақты іс-шаралар жүргізілсін;
7) мемлекеттік қызметтер алу бөлігінде халықтың билік органдарына деген сенімін нығайту жөніндегі тетіктер пысықталсын.
Мерзімі – ұдайы
Осы хаттаманың орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және азаматтық қорғау бөліміне жүктелсін.
Облыс әкімі С. Трұмов