28.08.2018-ғы № 04-01-12/169 Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

28.08.2018-ғы № 04-01-12/169

Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

 

Ақтау қаласы                                                              «28» тамыз 2018 жыл

 

Төрағалық еткен: М.Н. Сқақов – облыс әкімінің орынбасары.

Қатысқандар: Комиссия мүшелері, қалалар мен аудандар әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары                (тізім бойынша).

Комиссия хатшысы: С.Қ. Төретаев.

Шақырылғандар: тізім бойынша.

                                            

Күн тәртібі:

 

1. Денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою және жолын кесу іс-шараларын ұйымдастыру туралы.

  1. Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты төмендетуге бағытталған іс-шаралар туралы. Білім беру мекемелерінде білім алушылар мен олардың ата-аналарынан заңсыз ақы алу, ақша қаражаттарын жинауға жол бермеу жөніндегі бақылауды күшейту туралы.
  2. Әлеуметтік бағдарламалардың барлық түрлері бойынша тұрғын үйлерді бөлу барысындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы.

 1. Денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою және жолын кесу іс-шараларын ұйымдастыру туралы.                                

(К.Ә. Ахметова)

 

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары К. Ахметованың баяндамасы назарға алынсын.

 

  • Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына:

- жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асыру кезінде бірін-бірі қайталайтын функцияларды жою бойынша шаралар қабылдау;

 

Аяқталу нысаны - анықтама,

                                                       мерзімі – IV тоқсан

- қоғамдық ұйымдарды, азаматтарды және сарапшы мамандарды тарта отырып денсаулық сақтау басқармасының және оған қарасты ведомствалық бағынысты ұйымдардың қызметтерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізсін.

 

Мерзімі – 30.09.2018 ж.

 

- арнайы мониторингтік тобының мүшелерін қатыстыра отырып, облыс аумағындағы медициналық ұйымдарда қоғамдық мониторинг жұмыстарын ұйымдастырсын.

 

Мерзімі – 30.09.2018 ж.

 

  1. Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты төмендетуге бағытталған іс-шаралар туралы. Білім беру мекемелерінде білім алушылар мен олардың ата-аналарынан заңсыз ақы алу, ақша қаражаттарын жинауға жол бермеу жөніндегі бақылауды күшейту туралы.                        

(А.Ж. Тұржанова)

 

Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының орынбасары А. Тұржанованың баяндамасы назарға алынсын.

 

2.1. Маңғыстау облысының білім басқармасына:

- білім беру саласындағы барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа ауыстыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;

- қамқоршылық кеңестер институтын белсенді әрі кеңінен іске асыра отырып, ата-аналар комитеттерінің тарату туралы мәселені қарастыру.

Мерзімі – ұдайы.

 

- қоғамдық ұйымдарды, азаматтарды және сарапшы мамандарды тарта отырып білім басқармасының және оған қарасты ведомствалық бағынысты ұйымдардың қызметтерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізсін.

 

Мерзімі – 30.09.2018 ж.

 

  1. Әлеуметтік бағдарламалардың барлық түрлері бойынша тұрғын үйлерді бөлу барысындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы.                                                 

(Ж.Е. Әубәкіров)

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ж. Әубәкіровтың баяндамасы назарға алынсын.

 

3.1.   Ақтау қаласының әкімдігіне:

- тұрақты негізде мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтерлерді беру кезінде заңдылықтың сақталуын және кезектің бұзылмауын қамтамасыз етсін;

- мемлекеттік бағдарламалар арқылы үй берудің тәртібі туралы халық арасында құқықтық насихат жұмыстарын кеңінен жүргізуді қамтамасыз етсін.

 

Мерзімі – ұдайы.

 

3.2. Қалалар мен аудандар әкімдіктеріне, мемлекеттік органдар басшыларына:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сенім телефондары бойынша тиісті ақпаратты мекеменің интернет-ресурстарына әрдайым жариялап отыруды және тұтынушылардың ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз етуді;

- мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаттарын қатаң басшылыққа алуды;

- мемлекттік сатып алуды ұйымдастыратын мамандарды және бас есепшілердің жиі ауысуларына жол бермеу, олардың біліктіліктерін артыру мақсатында қайта даярлау курстарына қатысуын қамтамасыз етілсін;

- сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берген қызметкерлердің тікелей басшыларын жауапқа тарту мәселесі қарастырылсын.    

 

 Аяқталу нысаны – есеп,

                                                                    мерзімі – тоқсан сайын

 

- Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуының және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты облыс әкімінің аппаратына жолдау міндеттелсін;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен өзара қарым-қатынасты нығайту шараларын қамтамасыз етсін.

Аяқталу нысаны - есеп,

                                                       мерзімі – ұдайы

3.3. Маңғыстау облыстық ішкі саясат, экономика және бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу басқармаларына:

- мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша кешенді шаралар өткізуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту үшін қаражат қарастыру (семинар, дөңгелек үстелдер өткізу, қызметшілерді оқыту және т.б.).

 

                                                        Аяқталу нысаны – анықтама,

        Мерзімі – 30.09.2018 ж.

 

 

Облыс әкімінің

орынбасары                                                                        М. Сқақов

Дата публикации
24 мая 2021