|
08.11.2018-ғы № 04-01-12/234 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының
ХАТТАМАСЫ
№_____
Ақтау қаласы «8» қараша 2018 жыл
Төрағалық еткен: М.Н. Сқақов – облыс әкімінің орынбасары.
Қатысқандар: Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның мүшелері, қалалар мен аудандар әкімдері, облыстық басқармалар, департаменттердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары (тізім бойынша).
Комиссия хатшысы: С.Қ. Төретаев.
Шақырылғандар: тізім бойынша.
Күн тәртібі:
1. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы. 1. Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
(Е.Ж. Мендалиев, Е.А. Махамбет)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Е. Мендалиевтің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Е. Махамбеттің баяндамалары назарға алынсын.
1.1. Қалалар мен аудандар әкімдіктеріне, мемлекеттік органдар басшыларына:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сенім телефондары бойынша тиісті ақпаратты мекеменің интернет-ресурстарына әрдайым жариялап отыруды және тұтынушылардың ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз етсін;
- мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында бюджет қаражатын оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаттарын қатаң басшылыққа алсын;
- мемлекттік сатып алуды ұйымдастыратын мамандарды және бас есепшілердің жиі ауысуларына жол бермеу, олардың біліктіліктерін артыру мақсатында қайта даярлау курстарына қатысуын қамтамасыз етсін;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жоспарлы шаралар ұйымдастырылсын және бірінші басшылардың дербес жауапкершіліктерін қарау қадағалансын;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы және ішкі талдау нәтижелеріне сапалы мониторинг жүргізсін.
Аяқталу нысаны - есеп,
мерзімі – тоқсан сайын
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен өзара қарым-қатынасты нығайту шараларын қамтамасыз етсін.
Аяқталу нысаны - есеп,
мерзімі – ұдайы
1.2. Маңғыстау облыстық ішкі саясат, экономика және бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік сатып алу басқармаларына:
- мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша кешенді шаралар өткізуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту үшін қаражат қарастыру (семинар, дөңгелек үстелдер өткізу, қызметшілерді оқыту және т.б.).
Аяқталу нысаны - анықтама,
мерзімі – 30.11.2018ж.
Облыс әкімінің
орынбасары М. Сқақов