Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының Ережесі

Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Маңғыстау облысында мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік – кеңесші орган болып табылады.
  2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын және облыс әкімінің шешімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

  1. Комиссияның негізгі міндеттері мен құқықтары

 

  1. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың аймақтық бағдарламасының іске асырылу барысын талдау, орындалудағы іс-шаралардың нәтижелілігін бағалау;

2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және өзге де ұйымдар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспарлы, жүйелі және мақсатқа бағытталған шараларды қабылдау жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу;

3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және өзге де ұйымдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөніндегі қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарау, оның жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзара әрекет ету;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияға және оның жұмыс тобына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы         іс-қимылдың жаңа нысандары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;

6) халықты тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы            іс-қимыл және сыбайлас жемқорлықтың көріністерін алдын алу жөніндегі шаралар туралы хабардар етуді қамтамасыз ету;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет ету.

  1. Комиссия өз құзыреті шегінде:

1) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және өзге де ұйымдардың басшылары мен өзге де тұлғаларын Комиссия отырысына шақыруға және тыңдауға;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға байланысты мәселелер бойынша уақытша және тұрақты әрекет ететін сараптамалық және жұмыс тобын ұйымдастыруға;

3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы               іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау, сондай-ақ Комиссия құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар енгізуге құқықылы.

 

  1. Комиссия қызметін ұйымдастыру

 

  1. Комиссия Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен құрылады.
  2. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан және Комиссияның басқа да мүшелерінен құралады.

Комиссияның хатшысы Маңғыстау облысы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы болып табылады.

  1. Комиссияның дербес құрамы Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімімен бекітіледі.
  2. Комиссия құрамы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, мәслихат депутаттары және өзге де лауазымды тұлғалар қатарынан қалыптастырылады.
  3. Комиссияны облыс әкімі басқарады.
  4. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібі, сондай-ақ өткізілетін орны, уақыты, тәртібі және мерзімі Комиссия төрағасымен белгіленеді.
  5. Комиссия отырысы:

1) қажеттілігіне қарай, алайда тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі;

2) егер оның мүшелері жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда, заңды болып есептеледі;

3) ашық түрде өткізіледі.

Қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемлекеттік құпияларды қозғаса, Комиссия төрағасының шешімі бойынша жабық түрде өткізіледі.

Комиссия мүшелері отырыстарға ауысу құқығынсыз қатысады.

  1. Комиссия отырысына мүдделі тұлғалар, бизнестің, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және өзге де тұлғалар шақырылуы мүмкін.
  2. Комиссия шешімдері ашық дауыспен қабылданады, егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, шешімдер қабылданды деп есептелінеді. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
  3. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірін білдіруге құқығы бар, ол білдірген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
  4. Комиссияның отырысын өткізу нәтижелері бойынша Комиссияның төрағасы және хатшысы қол қоятын хаттама жасалады.
  5. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
  6. Комиссия төрағасы:

1) Комиссия қызметіне басшылық жасайды;

2) оның отырыстарында төрағалық етеді;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінің қаралуына байланысты мемлекеттік органдардың алқа отырыстарына қатысуға құқылы.

  1. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, оның міндеттерін төрағаның орынбасары – облыс әкімінің орынбасары атқарады.
  2. Комиссия хатшысы:

1) Комиссия мүшелеріне Комиссия отырыстарының өткізілетін орны мен уақыты туралы  хабарлайды;

2) Комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдейді;

3) Комиссия төрағасының тапсырмасымен Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Комиссияның жұмыс органы – Маңғыстау облысы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл бөлімі болып табылады.
  2. Комиссияның жұмыс органы:

1) Комиссия отырыстарына материалдарды дайындауды ұйымдастырады;

2) Комиссия шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылайды.

 

  1. Комиссия қызметі тоқтату

 

  1. Комиссия қызметін тоқтатуға облыс әкімдігінің қаулысы негіз болып табылады.
Дата публикации
24 мая 2021