«Маңғыстау облысы әкімі аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары

«Маңғыстау облысы әкімі аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі

2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары

 

р/с

Іс-шара атауы

Мерзімі

Жауапты бөлім

Аяқтау нысаны

1.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік әдеп және ұжымдағы моральдық-психологиялық жай-күйдің жағдайы бойынша заңнама нормаларын сақтау мәніне анонимді сауалнама жүргізу

Жылына 2 рет

Әдеп жөніндегі уәкіл

Сауалнама нәтижелері

2.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және білім беруді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру

Мемлекеттік қызметшілерді біліктілігін арттыру семинар-тренингтерге қатыстыру

Персоналды басқару қызметі (Кадр қызметі)

Мемлекеттік қызметшілерді біліктілігін арттыру семинар-тренингтерге қатысуы, сертификаттар

3.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік қызметке алғаш кірген немесе қайтадан кіргендер үшін міндетті нұсқаулық жүргізу жөнінде шаралар қабылдау

Мемлекеттік қызметке алғаш рет немесе тоқтатқаннан қайтадан кіру кезінде

Персоналды басқару қызметі (Кадр қызметі)

Мемлекеттік қызметте болуға байланысты міндеттемелердің болуы

4.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу

Жыл ішінде

Әдеп жөніндегі уәкіл

Ақпараттық анықтамалар тарату

5.

«Жеке-және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес қарау рәсімдеріне және олардың мерзімдеріне бақылау және мониторинг

Тұрақты

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі

Мониторинг жүргізу

6.

Мемлекеттік қызметшілердің 2019 жылғы кірістері туралы декларацияларын уақытылы тапсырылуын қамтамасыз ету

наурыз

Персоналды басқару қызметі (Кадр қызметі)

Мемлекеттік қызметшілердің тапсырған декларациялары

7.

Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстарын уақытылы ұйымдастыру

Тоқсанына 1 рет

Құқық қорғау органдарымен жұмыс және азаматтық қорғау бөлімі

Хаттама

8.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған немесе мемлекеттік әкімшілік қызметке қайтадан кірген тұлғаларға тәлімгерлерді бекітуді ұйымдастыру

Мемлекеттік қызметке алғаш рет немесе тоқтатқаннан қайтадан кіру кезінде

Персоналды басқару қызметі (Кадр қызметі)

Бұйрық

9.

Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету

Тұрақты

Персоналды басқару қызметі (Кадр қызметі)

Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің болуы

10.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу (2020 жылдың қорытындысымен)

2021 жылдың 20 қаңтары

Құқық қорғау органдарымен жұмыс және азаматтық қорғау бөлімі

Анықтама

11.

2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын дайындау және бекіту

2021 жылдың 10 қаңтары

Құқық қорғау органдарымен жұмыс және азаматтық қорғау бөлімі

Жоспар

 

Дата публикации
24 мая 2021