Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» және «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы
әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- «Маңғыстау облысы цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.С. Хадиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Орынбасаровқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
Маңғыстау облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылатын кейбір қаулыларының тізімі
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 207 «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3128 болып тіркелген).
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 148 «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 207 «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3679 болып тіркелген).
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 295 «Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 207 «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4090 болып тіркелген).