Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпарат
2020 жылымемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдармен көрсетілуге жататын 170 қызмет түрінің 141-і бойынша өтініштер түсіп, барлық көрсетілген қызметтер саны – 4 350 456 (2019ж. – 3 661 860) болды, өткен жылмен салыстырғанда 15,8% артты.
Оның ішінде:
- мемлекеттік органмен қағаз түрінде – 1 051 576 (2019ж. – 1 177 736), 10,7% азайды;
- мемлекеттік корпорация арқылы – 52 020 (2019ж. – 90 147), 42,3% азайды;
- «электронды үкімет» веб-порталы арқылы – 3 246 860 қызмет көрсетілді (2019ж. – 2 393 977), өткен жылмен салыстырғанда көрсетілген қызмет саны 26,3% артты. Барлық көрсетілген қызмет санының (4 350 456) 75%-ы.
Сонымен бірге, тегін негізде 128 қызмет түрі бойынша көрсетілген қызмет саны – 4 262 548, ақылы негізде16 қызмет түрі бойынша көрсетілген қызмет саны –26 046, тегін/ақылы негізде 11 қызмет түрі бойынша көрсетілген қызмет саны – 61 862.
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне (17.10.2020ж., № 390/НҚ) сәйкес жергілікті атқарушы оргнадармен көрсетілетін 170 қызметтің 151-нің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бекітіліп, ресми түрде (ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі) жарияланды.
Қызмет алушылардың барынша талап ететін қызмет түрлері денсаулық сақтау (4 037 818), білім (100 360), жұмыспен қамту (72 589) салалары бойынша болды.
Электрондық түрде ең көп көрсетілген қызметтер:жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, табиғи ресурстар, денсаулық сақтау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, азаматтық хал актілерін тіркеу, жұмыспен қамту және әлеуметтік салалар.
Қызмет алушыларға электрондық қызметтерді алуды жеңілдету үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан 342 «Өзіне-өзі қызмет көрсету» аймақтары ұйымдастырылып, кеңестер беріліп, қызметтер көрсетілді (72 400 қызмет көрсетілді).
Қала және аудан әкімдіктеріндеқызмет алушыларға мемлекеттік қызмет алуға қолайлы жағдай жасау, кеңес беру мақсатында «Сервистік әкімдіктер» ашылды,сондай-ақ, Ақтау қаласы әкімдігінде сервистік орталықта қызеттер көрсетілді.
Жергілікті атқарушы органдармен тұрақты түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібі туралы қызмет алушыларды жан-жақты ақпараттандыру (БАҚ-да жариялау, дөңгелек үстелдер, қызметтерді электронды түрде алу тәртібін түсіндіру мақсатында арнайы бейнероликтерді теледидар арқылы, халық көп шоғырланатын жерлерде үнемі көрсетіліп тұруына жағдай жасау және т.б.) жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті атқарушы органдармен электрондық қызметтерді танымал ету және сапасын арттыру бойынша 1 240 түсіндірме іс-шаралары (19 945 адам қамтылды) жүргізілді.