Маңғыстау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі туралы Ережесі

Маңғыстау облысы әкімі

аппараты  басшысының

2020 жылғы «02»наурыз

№ 13-жқ бұйрығына  9 қосымша

 

 

Маңғыстау  облысы  әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін  қызметтердің  мониторингі  бөлімі туралы

Ережесі

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің   мониторингі  бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) жергілікті   атқарушы органдардың  мемлекеттік қызметтер  көрсету мәселелерін  үйлестіретін  Маңғыстау  облысы  әкімі  аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) құрылымдық  бөлімшесі  болып  табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлім 3 бірліктен құралады:

1) басшы;

2) бас инспектор;

3) бас маман.

  1. Бөлімнің штат саны Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітіледі.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары,

 құқықтары мен  міндеттері

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) мемлекеттік  қызметтер көрсету  сапасын  арттыруды, оған қолжетімділікті  қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарының  сақталуын қамтамасыз ету;

3)  мемлекеттік  қызметтер көрсету   мәселелері бойынша жергілікті

атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру.

  1. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді      орындау    үшін     Бөлім мынадай   функцияларды    жүзеге    асырады:

1) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;

2) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі  туралы  қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз  етеді;

3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды және олардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралардың қабылдануын қамтамасыз етеді;

4) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

5) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізеді;

7) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі шаралардың қабылдануын қамтамасыз етеді;

9)  мемлекеттік қызметтердің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және электрондық форматта  көрсетілуін қамтамасыз етеді;

10) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Бөлім негізгі міндеттерін іске асыру мақсатында өз құзыретінің  шегінде: 

1) өзінің құзыретіне  кіретін  мәселелер бойынша түсініктеме беруге;

2) Бөлімнің құзыретіне кіретін  мәселелер бойынша мемлекеттік  органдармен, мемлекеттік көрсетілетін қызмет   көрсететін  субъектілермен, облыс  әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен  қызметтік хат  алмасуға;

3) Бөлімнің  міндеттері мен  функцияларын орындау  үшін қажетті мәліметтерді, ақпараттар мен материалдарды, облыстың аумақтық  және жергілікті атқарушы органдарынан,  мемлекеттік  мекемелерінен және ұйымдарынан белгіленген  тәртіппен сұратуға;

4) облыс  әкімінің  және облыс  әкімі аппараты басшысының  нұсқауларына  сәйкес Бөлім  қызметінің бағыттарына қатысты  мәселелер бойынша қала, аудан  әкімдіктерінің, облыстық  бюджеттен қаржыландырылатын  атқарушы органдардың  қызметіне тексеру  жүргізуге;

5) Бөлімнің жұмысына қатысты мәселелерді талқылау бойынша   комиссиялардың жұмысына және жиналыстарына қатысуға;

6) облыстың мемлекеттік органдарына, мемлекеттік қызмет көрсететін  субъектілеріне  жүргізілген  тексерулер мен  мониторинг  қорытындылары бойынша тиісті шараларды қабылдау туралы және олардың қызметін жетілдіру жөнінде  ұсыныстар әзірлеуге;

7) Бөлімнің құзыретіне кіретін  мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің  талаптарын  бұзуға жол берген жергілікті  атқарушы органдар, мемлекеттік қызметтер   көрсететін субъектілер басшыларының тәртіптік жауапкершілігін қарау  жөнінде басшылыққа ұсыныстар  енгізуге;

8) Бөлімге  жүктелген  міндеттер мен функцияларға  сәйкес  өзге де құқықтарды  жүзеге асыруға құқылы. 

  1. Бөлім:

1) Аппараттың өзге  құрылымдық  бөлімшелерімен өзара әрекет етеді,  Бөлімге Заңмен және осы Ережемен жүктелген  міндеттері мен  функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтерді, ақпараттар мен құжаттарды сұратады және алады;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша кеңестер мен әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

   

        

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру, оның лауазымды тұлғаларының өкілеттігі

 

  1. Бөлім өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін заңнамалық     актілерге,     Қазақстан       Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес  қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Бөлімді облыс әкімі аппараты басшысының ұсынуы бойынша облыс әкімімен қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы басқарады.
  3. басшы орнында болмаған уақытта оның міндеттерін бас  инспектор  орындайды.

  

    

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 апреля 2021