2019 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен 149 қызмет түрі бойынша 3 661 926 (2018ж. – 3 336 923) қызмет көрсетілді, өткен жылмен салыстырғанда көрсетілген қызмет саны 9,7% артты. Оның ішінде:
- Мемлекеттік органмен қағаз түрінде – 1 177 805 (2018ж. – 1 064 756), 10,6% көбейді;
- Мемлекеттік корпорация арқылы – 90 145 (2018ж. – 103 348), 12,8% азайды;
- «электронды үкімет» веб-порталы арқылы – 2 393 976 қызмет көрсетілді (2018ж. – 2 168 819), барлық көрсетілген қызмет санының 9,4%-ы
2019 жылдың қорытындысы бойынша мерзім бұзушылықтар саны – 32 құрады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен 271 бақылау шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 7 355 бұзушылықтар анықталды, 84 тәртіптік шаралар қабылданды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша бұзушылықтарды болдырмау және тиісті шараларды қабылдау мақсатында 826 ұсыныс берілді.
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын арттыру бойынша 1 299 түсіндіру шаралары өткізілді (57 053 адам қамтылды).
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдармен тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электронды үкімет» веб-порталы арқылы алу жолдары бойынша тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде: өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары қызмет етеді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкелері, семинарлар, ашық есік күндері өткізілуде.