Ағымдағы жылдың 13 қазанында Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 13 қазанында Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.  
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы №1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығы және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 13 қазандағы №60/98 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалды.
Маңғыстау облысында 8 аумақтық, 118 округтік және 267 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Олардың жұмысына барлығы 2475 адам жұмылдырылған.
Бұған дейін Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 қазандағы №35 және №36 қаулыларымен сайлау учаскелері шекараларының өзгеруіне байланысты Ақтау қаласындағы бес сайлау округі және Бейнеу ауданындағы екі сайлау округінің шекаралары өзгертілген болатын.
Бүгін Маңғыстау облысының аумақтық сайлау комиссиясы өңірлік деңгейде ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру мақсатында облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын және Маңғыстау облысы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін бекітті.   
Күн тәртібі бойынша Маңғыстау облысы аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Камшат Избасарова және облыстық комиссияның мүшесі Гүлбаршын Қалданова хабарлама жасады.

Дата публикации
13 октября 2026