2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттары
депутаттарының кезекті сайлауында
сайлау алдындағы телевизиялық
пікірсайыстарды ұйымдастыру және
өткізу мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 28-бабының 3-тармағына сәйкес Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Саяси партиялардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстары «QAZAQSTAN» республикалық телерадио корпорациясының» «MANGYSTAU» телеканалының эфирінде 2020 жылғы 25 желтоқсанында өткізілсін.
- 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды өткізу регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес келісілсін.
- 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарға қатысушылардың тізімі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы «QAZAQSTAN» республикалық телерадио корпорациясының» «MANGYSTAU» телеканалымен сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстарды өткізу бойынша шарт жасассын.
- Осы қаулыны Маңғыстау облысы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында партиялық тізімдер ұсынған саяси партиялардың аймақтық филиалдарының назарына жеткізілсін.
Маңғыстау облыстық
сайлау комиссиясының
Төрағасы А. Рзаханов
Маңғыстау облыстық
сайлау комиссиясының
Хатшысы Г. Арзыгулова