Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облысының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.  
  2. Маңғыстау облысының басқармаларының басшылары осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

   Маңғыстау облысының әкімі                                                 С. Трұмов

перечень рус
Дата публикации
22 января 2020