Облысымызда сайлау ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз ететін 1 облыстық, 2 қалалық, 5 аудандық, барлығы - 8 аумақтық сайлау комиссиялары қызмет атқаруда.
Сонымен қатар Ақтау қаласы бойынша -78, Жаңаөзен қаласы бойынша -37, Бейнеу ауданы бойынша -28, Қарақия ауданы бойынша – 16, Маңғыстау ауданы бойынша – 22, Мұнайлы ауданы бойынша – 36, Түпқараған ауданы бойынша – 14, барлығы 231 учаскелік сайлау комиссиялары бар. Бұл комиссиялардың жұмыстарын жүргізу үшін жалпы саны 1625 комиссия мүшелері тартылған.
Жыл басынан Ақтау қаласы бойынша жаңадан ашылған шағын аудандардағы салынған үйлерге қоныс аударушылардың қоныстануы себепті сайлаушылар саны артып, жаңа 4 сайлау учаскесі, Жаңаөзен қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекараларының заңнамаларға сәйкестігіне мониторингі қорытындысы бойынша сайлаушылардың саны шектік деңгейге жеткен Қызылсай және Рахат ауылдарынан қосымша 2 сайлау учаскесі, Мұнайлы ауданында Басқұдық ауылдық округінде сайлаушылар саны көбейіп кетуіне байланысты 1 сайлау учаскесі және Түпқараған ауданы бойынша Сайын Шапағатов ауылдық округінің халқының саны 3000-нан асып кетуіне байланысты қосымша тағы 1 сайлау учаскесі, барлығы – 8 жаңа сайлау учаскелері ашылды.
Биылғы сайлау науқанына дайындық бекітілген Күнтізбелік жоспардың аясында жүргізілуде.
4 желтоқсан күні партиялардың тізімін ұсыну және кеше, яғни 10 желтоқсан күні сағат 18.00-де тіркеу аяқталды. Заң аясында осы тіркелген партияларға үгіт-насихат жұмыстарын бастауға рұқсат етілген.
Бүгінгі таңда заң талаптары бойынша партиялар тізімі бекітіліп, ұсынылып және тіркеуден өтті.
Қазіргі жағдайда 4 саяси партияның облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға үміткерлердің 28 тізімі ұсынылды:
- «Нұр Отан» саяси партиясынан - 244 кандидат;
- «Ауыл» саяси партиясынан -13 кандидат;
- «Ақ жол» саяси партиясынан- 40 кандидат және
- «Адал» саяси партиясынан- 22 кандидат, барлығы – 319 кандидат тіркелді.
Облыстық мәслихатқа 4 саяси партиядан - 66 кандидат, 2 қалалық мәслихатқа 3 партиядан – 72 кандидат және аудандық мәслихаттарға – 181 кандидат тіркелді.
Партия тізімінде әйелдер мен 29 жасқа толмаған жас азаматтардың саны – 131 адам, 30 пайыздық квота сақталынды.
Барлық азаматтар жөнінде тиісті мемлекеттік органдардан анықтамалар алынды.
Тіркеу барысында 4 азамат өздерінің өтініштері бойынша алынып тасталды.
Сайлау науқаны аясында облыстық сайлау комиссиясында 3 рет саяси партиялардың облыстық филиалдары басшыларымен отырыс өткізілді.
Саяси партиялардың келісімімен 24 желтоқсан күні облыстық сайлау комиссиясы және облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, облыстық «Маңғыстау» телеарнасында пікірсайыс (дебат) өткізу жоспарлануда.
Саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркеу бойынша бүгінгі таңда 5 саяси партиядан, атап айтқанда:
- «Нұр Отан» саяси партиясынан – 152;
- «Ауыл» саяси партиясынан - 25 ;
- «Ақ жол» саяси партиясынан- 27
- «Адал» саяси партиясынан- 8 және
- «Қазақстанның халық партиясынан» -8 сенімді өкілдер тіркеліп, куәліктерін алды.
Қорыта айтқанда сайлау науқаны жоспарлы түрде жүргізілуде.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы