Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы

Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы

     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы»  және 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарына  сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Біржолғы сыйақы төлей отырып, «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі түрінде педагогтарды көтермелеудің қосымша шаралары белгіленсін.
  2. Бекітілсін:

        1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының педагогтарына  «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін беру комиссиясының құрамы;

        2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларының сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемінің мөлшері, наградталушыларды анықтау шарттары;

        3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;   

        4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне берілетін куәлік.

  1. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Ә. Сейдалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Маңғыстау облысының әкімі                                                     С. Трұмов

Дата публикации
09 декабря 2020