
Қызметтің бағыты мынадай функцияларды қамтиды: жолаушылар мен багажды қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу; жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестесін келісу және бекіту; жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу; жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын және жол жүрісін ұйымдастыру жобаларын әзірлеу; Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялау; халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу; әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2 санаттағы стационарлық сауда объектілерінде, сауда базарларында, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс саябақтары), сондай-ақ алаңдарда, проспектілерде, көшелерде, кварталдарда такси тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды қамтамасыз ету; өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру; шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу; ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру туралы шешімдер қабылдау; ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарды айқындау.