
«Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы-Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік салаларын тұрақты дамыту саясатын жүзеге асыру.
Міндеттері:
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
5) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
6) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
7) өсімдік шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.