Денсаулық сақтау басқармасының негізгі міндеттері:
- азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
- облыс халқының денсаулық жағдайын сақтау және нығайту;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- облыстың денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық - техникалық қамтамасыз ету;
- облыстың денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық жарақтандыру;
облыстың денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету болып табылады.