
1) облыстың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары, магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерін беру жөніндегі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
5) облыстың жергілікті атқарушы органының қоғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
6) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
7) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
8) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
9) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
10) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
11) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
13) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасады және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
14) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
15) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстар дайындау;
16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
17) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
18) мемлекеттік қызметті электронды форматта сапалы көрсету шараларын қабылдау.
Жер учаскесін (ЖТҚ) алу кезегін тексеру тәртібі төмендегідей жүзеге асырылады:
Азамат https://map.gov4c.kz/egkn/ сілтемесі бойынша Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының (БМЖМК) жария кадастрлық картасына кіруі қажет.
Одан әрі порталға электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып авторизациядан өту талап етіледі. Авторизациядан кейін пайдаланушыға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегі бойынша ақпарат, оның ішінде кезектегі мәртебесі мен реттік нөмірі қолжетімді болады.
ЖТҚ үшін жер учаскесін алу кезегіне қою мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына № 15 қосымшаға сәйкес «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары шеңберінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші «Электрондық үкімет» порталы (https://egov.kz/) арқылы электрондық өтінішті ЭЦҚ пайдалана отырып жолдауы қажет.
Осылайша, кезекке қою «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады, ал кезекті тексеру Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы орындалады.