Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Общая информация, образование

1971 жылғы 18 маусым, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы.

Білімі

1998 жыл — Ш. Есенов атындағы Ақтау университеті, «Отын-энергетикалық кешен салаларындағы экономика және менеджмент» мамандығы.

2011 жыл — «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Құқықтану» мамандығы.

Карьера

09.09.1993 – 04.02.1994 — Маңғыстау облысының кеден басқармасының «Баутино» кеден бекетінің инспекторы, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы.

06.02.1994 – 17.03.1995 — «Қаламқасмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының 5-дәрежелі операторы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

23.03.1995 – 11.08.1998 — Қазақстан Халық Банкінің Маңғыстау облыстық филиалының ревизор-бухгалтері, бас ревизор-бухгалтері, жетекші ревизор-бухгалтері, кредиттеу бөлімінің басшысы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

11.08.1998 – 11.02.1999 — Маңғыстау облысының салық полициясы органдарындағы қызмет, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

31.08.1999 – 22.11.1999 — Ақтау қаласы әкімшілігінің мүлікті басқару бөлімінің бас маманы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

23.11.1999 – 23.11.2000 — «Ақтау қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» МКҚК бас бухгалтері, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

01.11.2001 – 01.04.2002 — Маңғыстау облысының шағын кәсіпкерлікті қолдау басқармасының қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі бас маманы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

01.04.2002 – 23.07.2003 — Ақтау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмысы бөлімінің басшысы – әкімнің көмекшісі, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

23.07.2003 – 01.08.2004 — Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

01.08.2004 – 01.02.2005 — Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

01.02.2005 – 25.07.2006 — Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

25.07.2006 – 05.01.2008 — Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің бухгалтерлік есеп және кадр жұмысы, ақпараттандыру технологиялары және ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Астана қаласы.

06.01.2008 – 20.05.2010 — «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының активтерді басқару департаментінің директоры, басқарушы директоры – корпоративтік хатшысы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

20.05.2010 – 18.03.2014 — «Отырар Энерджи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Астана қаласы.

18.03.2014 – 03.07.2019 — «Адай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Нұр-Сұлтан қаласы.

03.07.2019 – 05.03.2021 — «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

09.03.2021 – 06.06.2022 — Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

07.06.2022 – 23.01.2023 — Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

2023-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VII және VIII шақырылымдарының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі болды.

2026 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы