
Оразова Найля Салауатқызы 1979 жылы дүниеге келген. Ұлағат академиясын 2004 жылы «Менеджер экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облысы бойынша сот қаулыларын орындау бойынша департаментінің ұйымдық-талдау бөлімінің маманы болып бастаған.
2001-2003 жылдары – Маңғыстау облысы бойынша сот қаулыларын орындау бойынша департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету және кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, Ақтау қаласы
2003-2004 жылдары "Менеджмент" ЖШС маманы, Ақтау қаласы.
2005-2007 жылдары Маңғыстау облысының денсаулық сақтау департаментінің жетекші маманы-аудит жөніндегі экономист, Ақтау қаласы.
2007-2014 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы.
2014-2019 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас инспекторы.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Маңғыстау облысы әкімі аппараты қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы.