GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Все материалы
Мәдениет
05 января 2026
Жыңғылды ауылында Жыл үздіктері – 2025 марапаттау шарасы өтті

 

Жыңғылды ауылында «Жыл үздіктері – 2025» шарасы аясында, сондай-ақ Жұмысшы мамандықтар жылы қарсаңында «Еңбек адамы» номинациясы бойынша бірқатар сала қызметкерлері марапатталды. Аталған шараның басты мақсаты – адал еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарының еңбегін бағалау және қоғамда жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру.

Салтанатты шара барысында Жыңғылды ауылының әкімі Әсет Маратұлы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлестері үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, еңбекқор жандарға зор денсаулық, отбасыларына амандық, алдағы жұмыстарына толағай табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Бұл марапат — маңдай терімен, адал еңбегімен елге қызмет етіп жүрген азаматтарға көрсетілген зор құрметтің айғағы. Еңбек адамын дәріптеу – ұрпаққа үлгі, қоғамға өнеге.

Шара соңы Таушық ауылынан келген өнерпаздар мен Жыңғылды ауылының өнерпаздары ұсынған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерт барысында әсем әндер шырқалып, ұлттық би мен көркем өнер туындылары көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Өнерпаздардың мазмұнды әрі әсерлі қойылымдары шараның мән-маңызын арттырып, мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті.

Жаңа 2026 жыл мерекесімен құттықтай отырып, барша ауыл тұрғындарына зор денсаулық, отбасыларына амандық, ел бірлігі мен тыныштық, еңбекте табыс пен мол жетістіктер тілейміз. Жаңа жыл әр шаңыраққа қуаныш, береке және жаңа мүмкіндіктер әкелсін!

Спорт
03 декабря 2025
Жыңғылдыда Дәстүрлі садақ ату орталығы ашылды

Садақ — қазақ халқының қасиетті қаруы. Жаугершілік дәуірде мергендер ел қорғаны болып, ерлігімен танылған. Бүгінде садақ ату спорты жастарды дәлдікке, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеп, денсаулығын нығайтады.

Маңғыстау облыстық Дәстүрлі садақ ату және Жамбы ату федерациясының филиалы ретінде ашылған орталықта қазіргі уақытта 26 бала садақ атумен тұрақты түрде шұғылданады.

Орталық жетекшісі, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы Мәдина Мұратова:
“Дәстүрлі садақ ату бүгінде қарқынды дамып, оған қызығушылық артып келеді. Себебі садақ ату — біздің ертеден келе жатқан асыл дәстүріміз. Ол тек ұлттық ойын емес, ата-бабамыздың бізге қалдырған мұрасы. Алдағы жылы өтетін ҚР чемпионатында жеңіс тұғырынан көріну – басты мақсатымыз,” – деді.

Ашылу салтанатына Маңғыстау облыстық Дәстүрлі садақ ату және Жамбы ату федерациясының Президенті Сәнім Ізбасарқызы мен аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М. Дуланова қатысып, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Жыңғылды ауылындағы «Садақ ату» орталығында дәстүрлі садақ атудан облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа қала және аудан спорт мектептерінен 70-ке жуық садақшы қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.

24 ноября 2025
Аудан әкімі Жыңғылды ауылына арнайы барды

Аудан әкімі Ғалымжан Ниязов жұмыс сапарымен Жыңғылды ауылына барды. Сапар барысында елді мекендегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысты. Алдымен әкім Е. Айшуақұлы атындағы орта мектепке барып, білім беру мекемесінің оқу үдерісі мен материалдық-техникалық базасын қарап шықты. Одан кейін құрылысы аяқталуға жақын ветеринарлық пункт пен ағымдағы жөндеу жасалған амбулаторияның жұмыс жағдайын көрді. Ауыл тұрғындарына көрсетілетін ветеринарлық және медициналық қызметтердің қолжетімді әрі сапалы болу қажеттігін атап өтті. Сапар соңында аудан басшысы жеке қабылдау өткізіп, ауыл тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауда жұмысқа орналасу, ауылды абаттандыру, мобильді байланыс қуатын арттыру, тоқ мәселелері көтерілді. Әкім барлық сұрақты бақылауға алып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырма берді. 

13 октября 2025
Жыңғылды ауылында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті
 2025 жылдың 11 қазан күні, Жыңғылды ауылында “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Акцияға Жыңғылды ауылының барлық мекеме қызметкерлері белсене қатысып, ауылдың тазалығын сақтау мен көркейтуге өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында ағаштар әктеліп, бұталар ретке келтірілді.
Аталған іс-шараның мақсаты – тазалықты сақтау, ауыл келбетін жақсарту және экологиялық мәдениетті арттыру болып табылады.
Жер қатынастары
10 октября 2025
Жыңғылды ауылында жаңа шағын аудан инфрақұрылымы толық аяқталды
Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылындағы Қожагелді батыр шағынауданында инфрақұрылым тарту жұмыстары толық аяқталды. Аталған аумақта 199 тұрғын үйді қамтитын инженерлік желілер жүргізілген.
Нақты айтқанда, мұнда:
- 7,4 шақырымдық газ құбыры;
- 7,9 шақырымдық ауыз су желісі;
- 6,4 шақырымдық электр желісі жарығымен бірге тартылды.
Аталған құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталып, түрлі себептермен кешеуілдеген еді. Осы алаңнан жер алған тұрғындар тарапынан жарық, газ, ауыз су мәселесі бойынша шағымдар түскен болатын.
Ауыл тұрғыны Ералы Асқаров ақсақал: «Үйімізді салып алғанымызбен, қоныстана алмай отыр едік. Енді, міне, тоқ, су, газ келіп, жаңа шаңырағымызға кіріп алдық. Біткен істің кемі жоқ деген осы шығар», дейді.
Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Нұрлыбек Жанбуршиевтің айтуынша, жобаны «Гемакасес» ЖШС жүргізіп, жалпы 459 млн теңгенің жұмысын толық аяқтап тапсырған.
27 мая 2025
Балалар үні

Бүгінгі күнді оқу-ағарту министрлігі “Балалар үні” деп жариялаған еді. Соған орай, Жыңғылды ауылының әкімі Әсет Маратұлы ауылымыздағы Есір Айшуақұлы атындағы ЖББМ-нің 6-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде оқушылар өз жетістіктері, болашаққа деген армандары және табысқа жету жолындағы іс-әрекеттерімен бөлісті. Балалардың дарыны мен талпынысы - болашағымыздың кепілі.

Сонымен қатар, Балалар ауылдағы өмір сапасын жақсарту бойынша ұсынатын идеяларымен бөлісіп, өз ұсыныстарын жеткізді. Әрбір баланың үні маңызды, оны есту - біздің парызымыз.

Кездесу соңында балаларды келе жатқан 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, оларға жарқын болашақ, биік белестер, сарқылмас шабыт тіледі.

Білім
08 мая 2025
Ауыл мұғалімі министрден марапат алды
Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылындағы Е.Айшуақұлы атындағы мектептің Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Телемген Марат Оразұлы ҚР Оқу- ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың қолынан «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін алды.
Ол министрлік ұйымдастырған мерекелік шараға облыстан іріктелген екі мұғалімнің бірі болып қатысты.
Марат Оразұлы еңбек жолын бейнелеу өнері пәні мұғалімі болып бастап, кейіннен алғашқы әскери даярлық пәніне ауысты. Ол кәсіби шеберлігін шыңдаудан, озат іс-тәжірибелерді үйренуден және жас ұстаздарға үйретуден жалыққан емес. Сондай-ақ заман талабына сай оқытудың озық технологияларын меңгерген ізденімпаз, тәжірибелі ұстаз. Көптеген шәкірті түрлі деңгейдегі байқаулардан жүлде алып жүр.
 
 
 
 
 
18 апреля 2025
Ардагерлер
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 83 048 ардагер тұрады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының 111 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 796 ардагер, 26 553 басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері, 39 588 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2025 жылы аталған санаттардағы азаматтарға 4,3 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.
Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:
1) ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);
2) жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:
- ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 7,55 АЕК (2025 жылы – 29 687 теңге);
- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:
- Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);
- Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 4,8 АЕК (2025 жылы – 18 874 теңге);
4) ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).
Мәдениет
16 апреля 2025
АҚЖОЛТАЙ ХАБАР
 
Аудандық "Би қанатында" атты бишілер байқауына Жыңғылды ауылдық мәдениет үйі жанындағы Үлгілі "Ханшайым"би ансамблі қатысып ,Топтық биден Бас жүлде иеленді.
Жетекшісі :Жанна Тельбаева .Жас бишілеріміз әлде де биік белестерді бағындыра береріне сенеміз.
Жұмыспен қамту
16 апреля 2025
Жарты ғасырлық адал қызмет
АқниязовТөлеген 1958 жылы 29 маусымда Жыңғылды ауылында дүниеге келген. Ол 1975 жылы Куйбышев орта мектебін тәмамдап, кейін Атырау облыстық политехникумын электромонтер мамандығы бойынша бітірген. Өзінің еңбек жолын 1975 жылы «Өзен НГДУ» мекемесінде электромонтер ретінде бастады.
Кейін қызметі туған ауылы Жыңғылдыдағы «Маңғыстау ӨЭК» АҚ мекемесінде жалғасты. Ол 50 жылдай тоқ саласында еңбек етіп, жоғары кәсібилігімен ерекшеленді. Төлеген Ақниязовтың адал еңбегі мен салаға қосқан үлесі жоғары бағаланды. Ол бірнеше рет еңбек марапаттарымен, оның ішінде «Маңғыстау ӨЭК» АҚ 40 жыл» және «Маңғыстау ӨЭК» АҚ 55 жыл» медальдарымен марапатталды.
Кейіпкеріміздің жарты ғасырлық еңбек өтілі оның қажырлы еңбек адамы екенін әрі арнаулы саладағы жетістіктерін айғақтайды. Өзінің жұмысында жоғары жауапкершілікті сезініп, әрқашан қызметіне берілген, сондай-ақ әріптестеріне үлгі боларлықтай жан. Қазіргі уақытта зейнеткерлік демалысында да еңбектен қол үзген емес.
Оның еңбек жолы, жауапкершілігі мен кәсібилігі әріптестері мен ізбасарларына ғана емес, сонымен қатар барлық өскелең ұрпаққа үлгі болмақ.
 
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы