Халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлік нысандары: 2 дәріхана, 3 шаштараз, 10-15 адам жұмыс жасайтын «Мадина» тігін шеберханасы, 26 дүкен бар (оның ішінде 11 тамақ дүкені (8 жұмыс жасайды), 1 үй пісірмесін дайындайтын, 1 ет дүкені, құрылыс материалдарын сататын 2 дүкен, автокөліктің қосалқы бөлшектерін сататын 2 дүкен, халық тұтынатын тауарлар сататын 9 дүкен), 1 сауда орталығы, 250-300 адамға арналған 1 мейрамхана (тойхана), 1 спорт кешені, 1 шайхана, 1 фотосалон, 1 жеңіл тамақ дайындайтын орын, 5 автокөлік жөндейтін, жуатын орталықтар, 1 жиһаз жасайтын цех, 1 кілем жуу орталығы, 2 автокөлікке газ құю бекеті жұмыс жасайды.