GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
29 июля 2026
Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғандығын хабарлайды.
29 июня 2026
Ақтауда жалпыхалықтық жүгіру марафоны өтті

Ақтауда жалпыхалықтық жүгіру марафоны өтті

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Сақтан» жобасы аясында жастар арасында жалпыхалықтық жүгіру өтті. Спорттық іс-шара жастар арасында синтетикалық есірткілер мен психотропты заттарды тұтынудың және оларға әуестіктің алдын алуға бағытталған.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай өткен жалпыхалықтық жүгіру марафонына 300-ден астам жас қатысты. Олар 3 км және 5 км қашықтықта жүгіріп, есірткіге қарсы қоғамдық көзқарасты қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Әрбір қатысушыға арнайы бастапқы жиынтық (футболка, шоппер және су бөтелкесі) табысталды. Сонымен қатар, мәреге жеткен барлық қатысушыларға арнайы естелік медаль берілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында денсаулыққа зиян келтіретін әдеттердің алдын алу, бұқаралық спортты дамыту және жастарды белсенді өмір салтын ұстануға ынталандыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, олардың физикалық белсенділігін арттыруға және қоғамда салауатты құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.

Марафон барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, спорттық рух пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Жүгіру бағыты бойында қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, еріктілер мен медицина қызметкерлері кезекшілік атқарды.

Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

26 июня 2026
2026 жылғы 09 шілдеден бастап Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
22 декабря 2025
«Жас тұлпар – 2025»: Маңғыстаудың үздік жастары марапатталды

Бүгін, 17 желтоқсан күні Ақтау қаласында «Жас тұлпар – 2025» облыстық жастар премиясын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов қатысып, жеңімпаздарды өңір басшысының атынан құттықтады.

Облыстық премия аясында білім мен ғылым, медицина, кәсіпкерлік, спорт, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық қызмет салаларында жетістікке жеткен жастар 12 номинация бойынша марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік жас ғалым», «Үздік жас мұғалім», «Үздік жас дәрігер», «Жас көшбасшы», «Бейбіт күннің батыры», «Жыл жаңалығы» сынды номинациялар бойынша үздіктер анықталды.

Іс-шараға өңірдің белсенді жастары, волонтерлер, спортшылар, қоғамдық ұйым өкілдері мен аудан-қала жастары қатысып, жалпы саны 300-ге жуық адамды қамтыды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Ербол Ізбергенов өңірде мемлекеттік жастар саясаты жүйелі түрде іске асырылып жатқанын жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қолдаудың, олардың отаншыл, білімді, еңбекқор және әділ болып қалыптасуының маңызын үнемі атап өтеді. Маңғыстауда облыс халқының 30 пайыздан астамы жастар. Жастарды қолдауға бағытталған жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттен қаржы бөлініп, баспана, гранттар мен волонтерлік бастамалар іске асырылуда. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады. «Жас тұлпар» сыйлығы – ел дамуына үлес қосып жүрген жастарды ұлықтайтын маңызды марапат. Ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге алғысымды білдіремін! Әрбір бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! – деді ол.

22 декабря 2025
Ақтауда «Сауатты бол» жобасы аясында өңірлік жастар жиыны өтті
 
Ақтауда Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеясын ілгерлету мақсатында «Сауатты бол» өңірлік жастар жиыны өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Жиынның мақсаты - жастардың құқықтық, қаржылық, діни, медиа, мәдени, цифрлық сауаттылығын арттыру.

Іс-шара барысында жастарға 4 бағыт бойынша ақпарат берілді. Атап айтқанда, мәдени сауаттылық бойынша «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен сөз сөйледі. Қаржылық сауаттылық бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев бірнеше кеңестер берді. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық бойынша Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Сәкен Самет «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында жастардың өз құқықтарын білуі мен оны заң аясында қорғай алуының жолдарын айтты. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Құралбек Ғайбуллаев жеке деректерді қорғау және әлеуметтік желілердегі жауапкершілік пен заң талаптарын сақтау жөнінде нақты мысалдар келтірді.

Дәулет Мұқаевтың айтуынша, іс-шара жастардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берумен ашық әрі еркін форматта өтті.

-Жастар өз ойын ашық айтып, өзгелердің пікірін құрметтей алуы керек. Осындай кездесулер жастардың ой-өрісін кеңейтіп, қоғамда белсенді әрі жауапты азамат болып қалыптасуына көмектеседі. Бүгінде жастардың көпшілігі қаржыны дұрыс жоспарламай, қиындықтарға тап болып жатады. Сондықтан табысты қалай тиімді бөлу, артық шығыннан қалай сақтану және несие алу кезінде неге мән беру керектігін білу өте маңызды. Қаржылық сауатты адам өз болашағын алдын ала ойлайды және кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алады, - деді Дәулет Мұқаев.
22 декабря 2025
Маңғыстауда өткен республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті
 

Маңғыстауда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген облыс әкімінің Кубогы үшін «Mangystau CUP» республикалық пікірсайыс турнирі қорытындыланды.

«Soz battle» жобасы аясында ұйымдастырылған биылғы додаға еліміздің 14 өңірінен 32 команда қатысып, екі күн бойы білімдері мен шешендік шеберліктерін сынады. Турнирдің мақсаты - өңір жастарының зияткерлік әлеуетін арттыру, талдау, ой қорыту және шешім қабылдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ еліміздегі пікірсайыс қозғалысының дамуына серпін беру.

Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне маңғыстаулық дебат қозғалысының алғашқы негізін қалаушылардың бірі, қоғам белсендісі Өсер Өтеген, сондай-ақ Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аға оқытушысы, докторант, ҚР журналистер одағының мүшесі Бақтыбай Жайлауов төрелік етті.

Шешуші кезеңде 3 орын үшін Атырау қаласы «Дебат саған рахмет» командасы мен Астана қаласы және Батыс Қазақстан облысынан құралған «Зима близко» командасы тартысты ойын көрсетті. Ал, финалда Алматы қаласының «Аргумент» және Ақтөбе қаласының «Алаштықтар» командалары бақ сынады.

Төрешілер шешімімен пікірсайыс турнирі қорытындысында 1 орынды Алматы қаласының «Аргумент» командасы, 2 орынды Ақтөбе қаласының «Алаштықтар» командасы, 3 орынды Астана қаласы және Батыс Қазақстан облысынан құралған «Зима близко» командасы иеленді. Жүлдегерлерге дипломдар мен қаржылай сыйақылар табысталды. Сонымен қатар, арнайы номинациялар бойынша «Үздік төреші» Оралхан Қашкенов, «Үздік спикер» Тұрсынов Бақытжан марапатталды.

Турнир жеңімпазы, облыс әкімі кубогының иегері Әсет Оразғали пікірсайыс барысы жайлы айтты.

-Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Еліміздің барлық өңірінен мықты командалар келді. Ақтық сында Ақтөбенің “Алаштықтар” командасына қарсы шығып, Маңғыстау өңірінің экономикасын дамыту тақырыбын талқыладық. Төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, бірінші орынды иелендік. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды пікірсайыстар өз жалғасын табады деген ниеттемін, - деді Әсет Оразғали.
22 декабря 2025
«Mangystau CUP» республикалық пікірсайыс турнирінің екінші күні өтіп жатыр

Ақтауда өтіп жатқан «Mangystau CUP» республикалық пікірсайыс турнирі өз жалғасын табуда.

Биылғы турнирге 50-ден аса команда өтінім берген, олардың ішінде 32 команда ресми түрде қатысып, алғашқы күнгі іріктеу кезеңінде 4 айналым бойынша сайысқа түсті.

Екінші күні өткен қорытынды рейтинг нәтижесінде еліміздің 11 аймағынан келген 16 үздік команда келесі кезеңге жолдама алды. Іріктеуден өткен өңірлер қатарында Орал, Алматы, Астана, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда, Қостанай облыстарының командалары бар.

Іріктеуден кейін плей-офф, ширек финал және жартылай финал ойындары ұйымдастырылды.

Жартылай финалда Астана, Алматы, Ақтөбе және Атырау қалаларынан келген 4 команда бақ сынап, ақтық сынға 2 команда жолдама алды.

22 декабря 2025
Маңғыстауда облыс әкімінің кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі басталды

Маңғыстауда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімінің кубогі үшін «Mangystau CUP» республикалық пікірсайыс турнирі басталды.

Турнир өңірде іске асырылып жатқан «Soz battle» жобасының жалғасы ретінде ұйымдастырылып отыр.

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбай турнирдің басты мақсатын атап өтті.

-Турнирдің басты мақсаты – Маңғыстаудағы пікірсайыс қозғалысын күшейту, сыни ойлайтын, интеллектуалды әлеуеті жоғары жас буынды қалыптастыру. Биылғы сайысқа еліміздің 14 өңірінен 80-ге жуық пікірсайысшы қатысып, екі күн бойы бақ сынайды. Бір күндік ойын форматы 6 турдан тұрады, - деді Мұқаш Оралбай.

Екі күнге созылатын «Mangystau CUP» пікірсайыс турнирі өңір жастарының зияткерлік әлеуетін арттыруға, талдау және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға, жалпы дебат қозғалысының жандануына септігін тигізеді.

22 декабря 2025
Ақтауда «Mangystau CUP» республикалық пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты өтті

Ақтауда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімі кубогі үшін дәстүрлі «Mangystau CUP» республикалық пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты өтті.

Турнирдің ашылу рәсіміне Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Мұқаш Оралбай, бас төреші Тұрақбай Қалдығали, сондай-ақ пікірсайыс қауымдастығының өкілдері қатысты.

Ашылу барысында Аббат Өрісбаев өңір жастарына көрсетіліп жатқан қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

-Маңғыстау облысында жастар саясатына ерекше көңіл бөлінуде. «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы, жастар форумы, бүгінгі «Mangystau CUP» турнирі - барлығы жастардың дамуына бағытталған маңызды бастамалар. Ауқымды шараларда жастардың белсенділігі ерекше. Бүгінгі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларға сәттілік тілеймін. Төрешілер әділ бағасын береді деп сенемін, - деді Аббат Өрісбаев.

Турнир ұйымдастырушысы, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Мұқаш Оралбай шараның мақсаты мен жастар үшін маңызын атап өтті.

-«Mangystau CUP» - өңірдегі пікірсайыс қозғалысын дамытуға серпін беретін ірі жоба. Біздің мақсатымыз - сыни ойлай алатын, өз көзқарасын дәлелдей білетін, зияткерлік деңгейі жоғары жас буынды қалыптастыру. Биылғы турнирдің негізгі тақырыбы - аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қатысушылар осы бағытта өз ұсыныстарын ортаға салады, - деді Мұқаш Оралбай.

«Mangystau CUP» турниріне еліміздің 14 өңірінен 80-ге жуық дебатшы қатысып отыр. Екі күнге жоспарланған зияткерлік дода өңірдегі пікірсайыс қозғалысын жандандырып, жастардың білім мен шешендік қабілетін дамытуға ықпал етпек.

22 декабря 2025
Ақтауда «Жыл волонтері – 2025» байқауының марапаттау рәсімі өтті

Ақтауда Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен «Жыл волонтері – 2025» байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - қоғам игілігі жолында белсенді еңбек етіп жүрген еріктілерді көпшілікке таныстыру, олардың қоғамдағы рөлін арттыру және азаматтық жауапкершілікті кеңінен насихаттау.

Биылғы марапаттау кешінде қоғамға оң әсер етіп, қайырымдылық пен қоғамдық бастамаларды дамытуға үлес қосып жүрген үздік еріктілер мен ұйымдар 10 номинация бойынша анықталды. Атап айтқанда, «Үздік бастамашыл топ» номинациясымен «Жасыл жебе» экоактивистер клубы, «Үздік волонтерлық ұйым» номинациясымен «Ана махаббаты» ҚҚ, «Жануарлар жанашыры» номинациясымен Азамат Сәрсенбаев, «Жүректен жүрекке» номинациясымен Нұрбек Шүкірбаев, «Қоғам игілігі үшін» номинациясымен Анатолий Мальцев, «Табиғат қорғаушысы» номинациясымен Айымгүл Сүлейменова, «Жақсылықтың жанашыры» номинациясымен Шынар Құрмет, «Инклюзивті келешек» номинациясымен Алия Алимуханбетова, «Мейірімді оқу орны» номинациясымен Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, «Салауатты қоғам» номинациясымен Шапағат Ізбенов марапатталды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы