Құрметті Маңғыстау жастары!

Құрметті Маңғыстау жастары!

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы  «Ерекше қажеттілігі бар жастарды әлеуметтендіру» әлеуметтік жобасы басталғандығын  хабарлайды.

Жоба мақсаты- ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру арқылы аталмыш топтағы жастарды әлеуметтендіру болып табылады.

Жоба аясында ерекше қажеттілігі бар 150 жасқа 5 бағыт (СММ, мобилография, тігін және қол өнер, аспаз, графикалық дизайн, т.б.) бойынша қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырып өткізу жоспарлануда.

5 бағыт бойынша қысқа мерзімді курстар Ақтау қаласында өткізіледі және қатысу тегін. Маңғыстау облысының барлық өңірлерінен қатысуға болады, алайда басқа қала/ауданнан келушілерге жол және тұру ақысы қарастырылмаған.
Қатысушыларға сертификат табысталатын болады.

Егер Сіз ерекше қажеттілігі бар 14-35 жасқа дейінгі Маңғыстау облысының тұрғыны болсаңыз және заман талабына сай мамандық иесі атанғыңыз келсе, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Қатысуға өтінім жолдау үшін "instagram" әлеумттік желісіндегі "@mangystau_jastar_basqarmasy" БИО-сындағы сілтемеден өтіп,  анкетаны толтырыңыз. Біз осы сауалнамада көрсетілген жеке деректердің дербестігіне кепілдік береміз.

Байланысу үшін: жоба менеджері: Қарлығаш, 8701 211 20 21